Жел 19, 2016 19:15 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 406-шы бөлім, 23-27 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 23 аяты:

" وادخل الذین آمنوا و عملوا الصّالحات جنّات تجری من تحتها الانهار خالدین فیها باذن ربّهم تحیّتهم فیها سلام "

Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Раббыларының рұқсатымен ішінде мәңгі қалатын, астынан өзендер ағатын жаннаттарға кіргізіледі. Олардың жаннаттағы амандасулары “сәлем” болады (23).

Тозақтықтарды жазалау үшін азап жаққа апаруға қарсы, пейіштіктерді ерекше құрмет пен ілтипат арқылы пейішке енгізеді. Алла Тағала олардың пейіште мәңгілік қалуын қалады. Бірақ жұмаққа әркімнің кіре алмайтындығы түсінікті жағдай. Алланың әулиелерінің қасында болуға лайық адамдардың жүректеріндегі имандарымен қоса, осы дүниеде ізгі іс істеген, үнемі дұрыс әрі жақсы іс жасаудың соңында болған адамдар екендігі түсінікті жағдай. Осы аяттан үйренетініміз:1. Басқаларға сәлем беру – Алла мүміндерден осы дүниеде де бір-бірінe сәлеммен қошамет көрсетуді сұраған жұмақтың әдебі.2. Адамның ғұмыры осы дүниеде қысқа әрі пәни болғанымен, мәңгілік ғұмырға ие болатын адамдар әрдайым иман мен ізгі ғамал иелері болғадар. Алла ондай адамдарға мәңгілік сый тарту етеді.

«Ибраһим» сүресінің 24-25 аяттары:

" الم تر کیف ضرب الله مثلا" کلمة طیّبة کشجرة طیّبة اصلها ثابت و فرعها فی السّماء " ، " تؤتي اکلها کلّ حین باذن ربّها و یضرب الله الامثال للنّاس لعلّهم یتذكرون "

(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді (24). Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді (25).

Алла осы аяттарда тура иман мен сенімді жайқалған, тамыры тереңге бойлаған, мықты, жас әрі миуалы ағашқа теңейді. Иманды басқа істермен салыстыруда мынаны айту керек: Иман дегеніміз осы дүниеде болсын, қияметте болсын, әрдайым жеміс беретін ағаш сынды. Бірақ билік пен байлық, манзап пен лауазым және перзент тек осы дүниеде ғана, оның өзі шектеулі уақытта азғантай мөлшерде жеміс береді. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Иман ағашы күз дегенді білмейді, ол әрдайым жеміс береді. 2. Хақ сөзі үнемі тұрақты, мықты және бекем. Себебі ақиқат тұрақты және мәңгілік.

 «Ибраһим» сүресінің 26 аяты:

" و مثل کلمة خبيثة كشجرة خبيثة اجتثت من فوق الارض مالها من قرار "

Ал енді (Аллаға шерік қатылған) жаман сөз жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты. (26)

Таза әрі жемісі мол сенім – таухидке деген иманға қарсы күпірлік пен шерк және бұрыс сенім бұзылған адамдардың аузынан шығатын былапыт, негізсіз, сөздер сынды. Олар ұзаққа бармайды. Мұндай сенімдер мен сөздер қалың жапырақты не жемісі, не тамыры жоқ ағаш немесе ағаштар мен пайдалы өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіретін арамшөп  сияқты. Осы аяттан үйренетініміз:1. Хақ пен жалғанды теңеу мен тәмсіл арқылы салыстыру жас буынға тағылым мен тәрбие беру жолдарының бірі.2. Мүміндер қарсыластардың сырттай дамуы мен билікке қол жеткізулеріне қарап алаңдамасын. Себебі жалғандық жойылады, ал хақ мәңгілік.

 «Ибраһим» сүресінің 27 аяты:

" یثبت الله الذين آمنوا بالقول الثابت في الحيوة الدنيا و في آلاخرة و يضل الله الظّالمين و يفعل الله ما يشاء " 

Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді (27).

Хақ пен жалған сөздің, иман мен күпірдің арасын салыстырғаннан кейін осы аят былай дейді: «Мүміндер Алланың оларды имандары арқылы мықты ұстап тұратындығын, қарсыластардың жоба-жоспарлары мен қастандықтарының оларға әсер етуіне рұқсат бермейтіндігін білулері тиіс. Бірақ есесіне қарсыластардың жоспарларын жойып, оларды діттеген мақсаттарына жету жолында адстырады. Қалаған нәрсені әділет пен өзінің хикметіне сай дұрыс деп санағанды жүзеге асыру Алланың сүннеті. Ешкім де, ешнәрсе де Оған кедергі бола алмайды.  Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Егер Алла жар болмаса, тіпті мүміндер де шайтандық азғырулар мен сыртқы қауіп-қатерлерге  беріліп, жолдан тайған болар еді. 2. Алланың жәрдемдерін пайдалану немесе керісінше Алланың қаһарына шалдығу адамның өмірде таңдайтын жолына байланысты.