Ибраһим сүресі, 405-ші бөлім, 19-22 аяттар
Ибраһим сүресі, 405-ші бөлім, 19-22 аяттар
«Ибраһим» сүресінің 19-20 аяттары:
" الم تر انّ الله خلق السّموات و الارض بالحقّ ان يشأ يذهبكم و يأت بخلق جديد " ، " و ما ذلک علي الله بعزيز"
(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың көктер мен жерді шындық бойынша жаратқанын көрмедің бе? Егер қаласа, сендерді кетіріп, жаңадан халық келтіреді. (19) Бұл Алла (Т.) ға елеулі жұмыс емес (20).
Осы сүренің алдыңғы аяты кейбір адамдардың пайғамбарлардың мектептеріне қатысты күпіршіліктерінің тамыры мен теріске шығарулары және соның салдарлары мен соңы туралы болды. Бірақ осы аяттар сол адамдарға қаратып былай дейді: «Аспан мен жердің және адамдар, сендердің болуларың кездейсоқ, ешбір жоспарсыз іс деп, әрі жаратылыс пен табиғаттың бастауы хикметсіз жасалды деп ойламаңдар. Керісінше барлық жаратылыс Алланың жігері және даналығымен жаратылды. Егер Алла қаласа адамзат ұрпағын жойып жіберіп, олардың орнына басқа жаратылыс әкеле алады. Сонымен қатар жаратылыстың мақсаты бар. Оның айналымы сендер солай ойлағандай және өздерің үшін жаратылыста қалай рұқсат етсеңдер оны солай бағындырып, оған Алланың еш қатысы жоқ деп көретіндей жарамсыз емес. Осы аяттардан мынадай қорытынды жасаймыз:1.Алла біздің болуымыздың негізіне, яғни біздің ғибадатымыз бен біздің жалбарынуымызға мұқтаж емес. Ондай болса Алланың алдында менменсіп, тәккаппарлық танытпайық. 2. Бұл әлем адамсыз бос. Тіпті, егер Алла қазіргі адамдардың көзін жойып, олардың орнына басқа жаратылыс әкелсе де.
«Ибраһим» сүресінің 21 аяты:
" و برزوا لله جميعا فقال الضّعفاء للذين استکبروا انّا کنّا لکم تبعا فهل انتم مغنون عنّا من عذاب الله من شِئ قالوا لو هدانا الله لهدينا کم سواء علينا اجزعنا ام صبرنا ما لنا من محيص "
Барлығы Алланың құзырына шығып, сонда нашарлары, үлкенсігендерге: “Біз сендерге еріп едік. Ал сендер бізден Алланың азабынан еш нәрсе кетіре аласыңдар ма?”, - дейді. Олар: “Алла бізді егер оңғарған болса еді, әрине біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та, шыдасақ та бәрі бір. Құтылар жеріміз жоқ” дейді. (21)
Адамзат қоғамында әдетте жалпы халық билеушілердің жоспарлары мен саясаттарына тәуелді болады. Егер билеушілер лайық адам болмаса, олардың қоғамды бейбастақтық пен азығындыққа тартатындығы белгілі. Бірақ Алла Тағала ешуақытта адамдардың біреудің құлы болуына рұқсат берген емес. Алла мен Оның пайғамбарларынан басқа ешкім біреуге қатысты, тіпті ата-ана да баласын абсолютті түрде бағындыра алмайды. Бұл қияметте де кешірім ретінде қабылданбайды. Осы аят былай дейді: Бұл дүниеде билеушілердің соңынан ойланбастан еретіндер, солардың талап-тілектерінің ығына жығылатындар қияметте солармен бірге шақырылады. Олардың да басшылары сияқты құтылатын жолдары болмайды. Үстемшілдер осы дүниеде пайғамбарлар мен дін уағыздаушыларға «Бізге уағыз айттың не, айтпадың не, бәрібір. Біз өзіміздің ісімізді жалғастырамыз» дейді. Қияметте де қол астында болғандардың қарсылықтарына: «Шыдамсыздық таныттық па, шыдамдылық көрсетеміз бе, айырмашылық жоқ. Өйткені енді құтылатын жол жоқ» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қоғам басшыларының жетекшілік етуі мен адастырушылығы адамдардың бақыты немесе бақытсыздығында үлкен роль атқарады. 2. Осы дүниеде үстемшілдік мінезге ие және өздерін не нәрсені болмасын істеуге шамалары келеді деп санайтын адамдарқияметте дәрменсіз күйде өздерінің қолдарынан ештеңе келмейтіндіктерін мойындайды.
«Ибраһим сүресінің 22 аяты:
" و قال الشّيطان لمّا قضي الامر انّ الله وعدکم وعد الحقّ و وعدتکم فاخلفتکم و ما کان لي عليکم من سلطان الا ان دعوتکم فاستجبتم لي فلا تلوموني و لوموا انقسکم ما انا بمصرخكم و ما انتم بمصرخيّ انّي کفرت بما اشرکتمون من قبل انّ الظالمين لهم عذاب اليم "
Іс біткен заманда шайтан: “Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңй, өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім” дейді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар. (22)
Құран Кәрім аяттары негізінен белгілі болғандай, күнәһарлар мен қылмыскерлер қияметте кешірім мен сылтау іздейді. Олар үнемі біреуді өздерінің тура жолдан таюларының себепкері деп санайды. Алдыңғы аятта күнәһарлар қоғамның азғын басшыларын айыптап, соларды өздерінің қылмыстарына серік деп санады. Осы аят күнәһарлар өздерінің күнәларын соның мойнына артып, соны негізгі кінәлі деп санайтын шайтан туралы баяндайды. Бірақ шайттанның да мұндай айыптауларды қабылдамай, былай дейтіні қызық: «Егер мен сендерге жақсы болашақ туралы уәде берген болсам, Алла да сендерге сондай уәде берді. Ондай болса, неліктен менің соңымнан еріп, Алланың пайғамбарларының сөздерін тыңдамадыңдар? Оның үстіне мен сендерді күнә жасауға мәжбүрлеген жоқпын, тек шақырып, алдарқатып, соны жасауға азғырдым. Сендер өз еріктеріңмен рұқсат етілмеген іске бардыңдар. Олай болса, неліктен мені айыптайсыңдар? Бүгін қияметтің сотында мен өзімнің өткеніме өкініш танытамын. Мені Аллаға серік еткен сендердің істерің мен Ол сияқты маған бағынған істеріңді жек көремін». Бір-бірін жеккөру тозақтықтардың ерекшеліктерінің бірі. Тозақтықтар тозақта бір-бірін қарғап, лағынет айтып, айтыптайды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Шайтанның жұмысы мәжбүрлі түрде емес, адамды азғыру арқылы алдау болып табылады. Олай болса, кешірім мен сылтау ретінде өзідеріңнің күнәларың мен қылмыстарыңды шайтанның мойнына аспаңдар. 2. Аладан басқаға мойынсұну және Алла қош көрмейтін нәрсеге бойсұну шерктің бір түрі болып саналады. Сол себепті мұндай жағдайда басқалар Алланың қасынан, Оның сапынан орын алады. 3. Шайтанның соңынан еру шын мәнінде адамның өзі мен адамды тура жолға нұсқау үшін көп еңбек еткен Алланың пайғамбарларына зұлымдық жасау болып табылады.