Жел 19, 2016 19:20 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 404-ші бөлім, 15-18 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 15-16 аяттары:

"و استفتحوا و خاب کل جبار عنيد " و من ورائه جهنم و يسقي من ماء صديد "

(Пайғамбарлар) Алладан көмек тіледі де қасарысқанның барлығы зиянға ұшырады. (15) Оларға оның артынан тозақ бар. Және іріңнің суы ішкізіледі (16).

Өткен бағдарламада Алла мүміндерге қарсыластардың қоқан-лоққыларының нәтижеге жетпейтіндігін, керісінше олардың өздерінің осы дүниеде Алланың қаһарына ұшырап, көздерінің жойылатындықтарына уәде берді деп айттық. Осы аят сол аяттың жалғасында былай дейді: «Алланың берген уәдесі орындалды. Қарсыластар өздерінің тілектеріне жетпей, мақұрым қалды. Бұл олардың осы дүниедегі жазасы. Кәпірлер қияметте қатты азапқа душар болады: оларға күйдіретін оттың ортасында ауыз судың орнына кір су ішкізіледі». Құран аяттарының көбісінде пайғамбарлар Алланың жеңісін уәде еткен. Бірақ қорытынды жеңіс әлі жүзеге асқан жоқ. Ол жеңіс ақыр заманда имам Меһди атты Алланың әулилелерінің бірі арқылы жүзеге асады. Сол себепті барлық діндердің мүміндері тарих бойында Алланың сол уәдесінің жүзеге асуын күтуде. Осы аяттардан мынадай қортынды жасаймыз:1. Мүмін ешуақытта үмітсіздікке салынбайды. Ол үнемі жақсы жағдайдың тууы мен зұлымдықтың көзінің жойылуын, әлемдік әділ биліктің орнауын күтеді. 2. Қарсыластар олардың азаптаулары мен қинаулары жауапсыз қалады деп ойламасын. Қияметтің соты олардың жазасын береді.

«Ибраһим» сүресінің 17 аяты:

" تيجرعه و ل ايکاد يسیغه و ياتيه الموت من کل مکان و ما هو بميت و من ورانه عذاب غليظ "

Оны жұтуға тырысады, оны тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ оған әр тараптан өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді (17).

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят тозақтық кәпірлердің жағдайын баяндайды: олар қатты шөлдегендіктен иісі жаман, кір суды ішуге мәжбүр болып, суды қанша күштеп жұтса да тамақтарынан өтпейді.  Осы дүниеде шарап ішіп, мас болып, мүміндерді келеке еткен адамдар осындай қорлыққа душар болады. Басқа жақтан, қиямет күнінің азабының күштілігі сондай, тозақтық адам сәт сайын өзінің алдынан өлімді көреді. Бірақ қияметте өлім жоқ. Азап шексіз. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.    Уақыттың өтуі тозақтықтар соған әдеттеніп, ауыру мен дертті сезбеулері үшін тозақтың азабын жеңілдетпейді. 2.     Тозақта өлім жоқ. Азап тоқтаусыз. Ол өлімнің себебі болмайды.

«Ибраһим» сүресінің 18 аяты:

" مثل الذین کفروا بربهم اعمالهم کرماد اشتدت به الریح فی یوم عاصف لایقدرون مما کسبوا علی شیء ذلک هو الضلال البعید "

 Сондай Раббыларына қарсы келгендердің ғамалдарының мысалы боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне, осы ұзақ қаңғырыс (18) .

Құран көптеген аяттарда кәпірлердің істерінің бос болғандықтарын қуаттап, оны өте тез жоғалып, көзі жойылатын су бетіндегі көбікке, ауада шашыраған шаң-тозаңға, оттың астындағы күлге теңейді. Бұл олардың жақсы істеріне байланысты. Олардың жаман істерінің есебі анық. Олардың жақсы істері өздері жасаған жаман істері арқылы жойылып, зая кетеді. Бірақ мүміндер үшін Алланың олардың жаман істері олар тәубеге келіп, өкініш танытып, түзелген жағдайда ізгі істерге айналатын сүннеті бар. Құран адасушылық пен адасқан адамдарға қатысты да әртүрлі сипаттауларға ие. Аспандық кітап Құран кейде әшкере адасушылыққа, кейде күмәнді, ал кейде терең адасушылықтарға тоқталады. Осы аятта кәпірлердің ақиқаттан өте алыс адасушылығы туралы айтып былай дейді: «Олардың хақ жолынан алыстағандары соншама, кейін қайтулары неғайбіл». Осы аяттан үйренетініміз:1.    Кәпірлердің сырттай жақсы көрінген істері олардың таза емес іштерінен шыққанда, іші күйдіретін от, орнында түтін мен күйеден басқа ештеңе қалдырмайтын күл сынды. 2.    Кәпірлердің істері сендерді көздеріңді жауламасын. Себебі олар негізсіз. Өте тез шашылып, жойылып кетеді.