Ибраһим сүресі, 403-ші бөлім, 11-14 аяттар
Ибраһим сүресі, 403-ші бөлім, 11-14 аяттар
«Ибраһим» сүресінің 11 аяты:
« قالت لهم رسلهم ان نحن الا بشر مثلکم و لکنّ الله یمنّ علی من یشاء من عباده و ما کان لنا ان ناتیکم بسلطان الا باذن الله و علی الله فليتوکل المؤمنون »
Пайғамбарлары оларға: “Әрине біз сендер сияқты адам баласымыз. Бірақ Алла (Т) құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді. Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін” деді. (11)
Өткен бағдарламада қарсыластардың пайғамбарлардың шақыруын қабылдамай, көп сылтауларының бірі ретінде олардың пайғамбарларға былай дегенін айттық: «Сендер біздің өзіміз сияқты адамдарсыңдар. Біздің сендерді тыңдап, бағынатындай, өзіміздің ата-бабаларымыздың жолы мен әдістерінен қол үзетіндей еш дәлел жоқ». Алла Тағала осы аятта былай дейді: «Пайғамбарлар адамзат баласы болғанымен, Алла Тағала өзінің түзу әрі лайық пенделеріне міндет жүктеп, соларға «нобовват» пен «ресалатты» сый етіп, соларды өзінің пенделеріне жетекшілік ету үшін тағайындады. Бірақ шынайы пайғамбарларды жалған уәж айтушылардан ажыратып, тану үшін Алла Тағала нағыз пайғамбарларына қарапайым адамдардың қолынан келмейтін мұғжиза береді. Осы іс олардың сөздері мен жолдары және тәсілдерінің илаһи болуының дәлелі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Барлық адамдар сырттай бірдей. Бірақ олардың рухани жан-дүниелері әртүрлі. Алладан басқаның барлығы одан хабарсыз. Олай болса, адамдардың сыртынан олар туралы төрелік етпейік.2. Қарсыластардың алдында Аллаға тәуекел ету –Аллаға деген иманның қажеттілігі. Мүміннің қарсыластардың қырсықтықтары мен теріске шығаруларына бола көңілдері суымайды.
«Ибраһим» сүресінің 12 аяты:
« و ما لنا الا نتوکل علی الله و قد هدانا سبلنا و لنصبرنّ علی ما آذيتمونا و علی الله فليتوکّل المتوكلون »
“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенім артпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді) (12)
.Аллаға тәуекел етудің қажеттігін баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Адамның бақыты Соның қолында Алладан басқа кімге арқа сүйеп, сенуге болады?». Тәуекел деген қоғамнан оқшаулану және жападан жалғыз қалу деген мағынада емес. Керісінше, мәселелерге төтеп беру, қиындықтар мен азаптарға шыдау деген мағынада. Қинау мен сылтау іздеу – қарсыластардың ісі. Хақ жолында табандылық таныту – мүміндердің тәсілі. Осы күресте мүміндердің арқа сүйерлері – Алла, бірақ қарсыластар Алланың жігерінің алдында қарсыласу күшіне ие емес адамдардың қолдауларына иек артады. Имам Реза (ғ) былай дейді: «Нағыз тәуекелдің белгісі ол – Алладан басқа ешкімнен қорықпау. Иманның сыры осы».Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Жетекшілік ететін, һәм қолдау көрсететін Құдай. Олай болса тек Соған ғана тәуекел етейік.2. Алла жолын өткерудің қажеттілігі – қиындықтарға төзу. Қарсыластардың қинаулары мен азаптауларына бола иманнан қол үзбеуіміз керек.«
Ибраһим» сүресінің 13-14 аяттары:
« و قال الذین کفروا لرسلهم لنخرجنّکم من ارضنا او لتعودنّ فی ملتنا فاوحی الیهم ربّهم لنهلکنّ الظالمین » ، « و لنسکننّکم الارض من بعدهم ذلک لمن خاف مقامی و خاف وعید »
Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: “Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға, Раббылары: “Әлбетте залымдарды типыл қыламыз” деп, уахи етті. (13) “Әлбетте ол жерге олардан кейін сендерді орналастырамыз. Бұл құзырымнан сескеніп, ескертуімнен қорыққандығы үшін…”(14).
Қарсыластар мүміндердің табандылықтарын көрген кезде олар мен олардың пайғамбарларына: «Егер өздеріңнің діндеріңнен бас тартпасаңдар және біздің дінімізді қабылдамасаңдар, сендердің біздің жерімізде қалуға хақыларың жоқ. Басқа жерге кетулерің керек» деді. Бірақ табанды мүміндердің қорғаушысы Алла Тағала пайғамбарына қоқан-лоққылардан қорықпау туралы уәхи жіберіп: «Олар сендерді қуып шықпас бұрын, біз оларға азап түсіріп, олардың өздерін өлтіріп, билік пен басшылық етуді сендерге сыйлаймыз» деді. Алланың бұл уәдесі иман иелері мен тақуа, тек Алладан ғана қорқатын, басқалардан қорықпайтын адамдар үшін ғана жүзеге асады. Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Қисынсыз зорлықшылардың саясаты – қоқан-лоққы жасап, қуғын-сүргінге ұшырату. Қоқан-лоққыға қоқан-лоққымен жауап беру керек. 2. Алланың кесімді уәделеріне ақыр заманда пайғамбар ұрпағы имам Мәһдидің көрінуімен жүзеге асатын залымдарды өлтіру және әділ үкімет орнату жатады. 3. Кәпірлер жерді өздерінікі деп, мүміндердің хақысы жоқ санайды. Бірақ Алланың жанында керісінше. Жер мүміндерге тиесілі, кәпірлерге ол жерде орын жоқ.