Жел 19, 2016 19:23 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 402-ші бөлім, 7-10 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 7-8 аяттары:

" و اذ تأذّن ربّکم لئن شکرتم لازيدنّکم و لئن کفرتم انّ غذابي لشديد " ، " و قال موسي ان تکفروا انتم و من في الارض جميعا فانّ الله لغنيّ حميد . "

Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады. (7) Мұса (Ғ.С.): “Сендер және біртұтас жер жүзіндегі әркім қарсы келсеңдер де Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық ” (8).

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Исраил ұрпағына Перғауынның құлдық бұғауынан құтылған нығметтеріне шүкіршілік білдіріп, Аллаға алғыс айтуды тапсырғанын айттық. Осы аят принцип ретінде «Нығметке шүкіршілік білдіру немесе оған күпірлік таныту нығметтің кеңеюі немесе оны жоғалтуда үлкен рольге ие» деп баяндайды. Аллаға шүкіршілік білдіру мен алғыс айтудың мәртебелері бар: шүкіршілік кейде тілмен айтылады, яғни Алланы тілмен және дұғада зікір ету; шүкіршілік білдіру кейде Алла берген мүмкіндіктерді Оның ризашылығы жолында жұмсаумен жүзеге асатын іс жүзіндегі амал. Білім алу жолында көру нығметін пайдалану осы нығметке іс жүзінде шүкіршілік білдіру болып табылады. Бірақ, адамның білім алудағы мақсаты заңсыз пайда табуды көздемесе, керісінше Алланың жаратылыстарына қызмет ету болған жағдайда ғана. Адамның ғылым мен байлықты өзінің емес, Алланыкі деп санауының өзі  шүкіршіліктің бір түрі. Сондай-ақ, егер адам илаһи нығметтерді бұрыс жолда пайдаланбаса, ол шын мәнінде сол нығметтің шүкіршілігін орындағаны болып табылады. Рауаяттарда Алланың хазірет Мұсаға менің шүкіршілік хақымды орында деп бұйырғаны айтылған. Мұса: «Уа, Құдай! Мұндай бұйрықты орындауға күшім жетпейді. Себебі, әрбір білдірген шүкіршілігім келесі шүкіршілікті қажет етеді» дейді. Сонда: «Барыңның барлығының Менікі екендігін білетіндігіңді мойындағаның ең жақсы шүкіршілік» деген жауап естіледі. Илаһи нығметтерді Алла Тағала оған оң қабақ танытпайтын істерге пайдалану Алла ол үшін азап уәдесін берген нығметке күпіршілік білдіру екендігі түсінікті. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.    Илаһи сүннеттердің қатарына нығмет пен күпіршілікті еске салуға және азаптың түсірілуіне себеп болатын шүкіршілік жатады.  2.    Алла біздің шүкіршілік білдіруіміз бен алғысымызға мұқтаж емес. Керісінше шүкіршілік білдіру көңіл-күйі біздің өзіміздің ахлақтың дамуымызға себеп болып, көбірек нығметтерге кенелуімізге негіз болады. 

«Ибраһим» сүресінің 9 аяты:

" الم ياتکم نبؤا الذين من قبلکم قوم نوح وعاد و ثمود والذين من بعدهم لا يعلمهم الا الله جاء تهم رسلهم بالبينات فردّوا ايديهم في افواههم و قالوا انّا کفرنا بما ارسلتم به و انّا لفي شکّ ممّا تدعوننا اليه مريب .

"Сендерге өздеріңнен бұрынғы Нұх, Ғад, Сәмүд және сондай-ақ олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Алла ғана біледі. Оларға пайғамбарлары мұғжизалармен келген еді. Олар саусақтарын ауыздарына апарып (бармақтарын тістеп): “Шынында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз. Сондай-ақ сен бізді шақырған нәрсеге, әлбетте шәкте және күдіктіміз” деді. (9)

Осы аят тарих бойындағы пайғамбарлардың қарсыластарының шыңын көрсетіп, анық мұғжизалар мен дәлелдерді көргендерімен олар бәрібір «біздің күмәніміз бар», сондықтан сендерге иман келтірмейміз десті. Тіпті қолдарымен өздерінің немесе пайғамбардың ауыздарын басып, оларға ауыздарын ашпауға бұйрық беріп, басқалардың олардың сөздерін естуге рұқсат бермеді. Әлбетте орынды жерде күмәндануды түсінуге болады. Бірақ сөздер мен мұғжизалар анық болғанда күмәндану жарық күні барша жұрт күнді көріп тұрғанда біреудің «Мен қазір күн бе түн бе екендігіне күмәнданып тұрмын» деген сынды. Мұндай күмән қабылдауға келмейді. Егер күмән сауал мен жауаптың және ақиқаттың ашылуының бастауы болса мықты және тұрақты иманға жетуге себеп болып, адам келесі күмәндардың алдында сақтанған болып шығады. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.Бұрынғылардың тарихын зерттеу, илаһи сүннеттерді танып-білу болашақтың ғибраты мен дұрыс жолды өткерудің мәйегі болады.2. Кәпірлер діннің шынайылығы мен заңдылығына зерттеу мен зерделеу негізі бойынша емес, қырсықтық пен қыңырлықтарының салдарынан күмән келтіреді.

«Ибраһим» сүресінің 10 аяты:

" قالت رسلهم افي الله شکّ فاطر السّموات و الارض يدعوکم ليغفر لکم من ذنوبکم و يؤخّرکم الي اجل مسمّي قالوا ان انتم الا بشر مثلنا تريدون ان تصدّونا عمّا کان يعيد آباؤنا فأتونا بسلطان مبين .

"Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Алла жайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар, пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер” деді. (10)

.Қарсыластар тіпті Алланың пайғамбарларына өздерінің сөздерін толық түрде баяндауға рұқсат бермеді. Олардың осы бір лайықсыз істерінің