Жел 19, 2016 19:24 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 401-ші бөлім, 4-6 аяттар

«Ибраһим» сүресінің 4 аяты:

" و ما ارسلنا من رسول الا بلسان قومه ليبيّن لهم فیضلّ الله من یشاء و یهدی من یشاء وهو العزیز الحکیم

:Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол өте үстем, аса дана (4).

Алдыңғы бағдарламада Алла былай деді деп, еске салдық: «Дүниені ақыреттен артық санағандар дүниелік лаззаттардың соңына еріп, хақты қабылдамайды, пайғамбарлардың шақыруын теріске шығарады». Осы аят былай дейді:  «Алланың пайғамбарлары өздерінің міндеттерін орындаудан аянып қалған жоқ. Қарсыластар хақты қабылдамау үшін сылтау айтып: «Біз олардың сөздерін түсінбедік, олардың айтқандары біз үшін түсініксіз болды» деп айтпаулары үшін пайғамбарлар өздерінің халқының тілінде, солардың түсініктері негізінде сөйледі. Адамның әрбір амалының соған лайық реакциясы болатындығы белгілі. Көзі мен құлағын және өзінің ақылын ақиқаттың алдында жапқан адамның бұрмалаушылыққа душар болып, қисық жолға түсетіндігі және өмірдің шындықтарымен кездескенде де қиын салдарларға ұшырайтындығы түсінікті жағдай. Бұл осы дүниеде де душар ететін Алланың жазасы болып табылады. Ал ақиқатты іздеушілер пайғамбарлардың тағылымдарын қабылдау арқылы тура жолға нұсқалып, дүниедегі өмірлерін дұрыс жол мен дұрыс әдіске негіздейді. Олар ізгі нәтижеге де ие болады. Бұл – дүниедегі илаһи сый. Сондықтан осы аятта айтылған «Алланы жоғалту» деген сөз «Қырсық адамдар өздерінің бұзушылықтары мен бұрмалаушылықтарына байланысты Алланың мейірімі мен рақымынан мақұрым қалады. Бұл олар үшін зиянды болады» деген мағынада. Тағы басқа аяттарда да былай деп айтады: «Алла Тағала залымдар мен ысырапшылардан басқаларды адастырмайды. Бұл илаһи жетекшілік нұрынан алыстағандағы зұлымдық пен күнәнің әсерін көрсетеді». Ақиқат мынада: «Егер Алла Тағала адамдарды адастыруды мақсат еткенде негізінен адамдарға жол нұсқау үшін кітап пен пайғамбарлықты жібермеген болар еді. Алайда әлемнің Құдайы адамзатқа жетекшілік етіп, оларды құтқару үшін аспандық кітаптар мен өзінің осы барлық пайғамбарларын жіберді. Бірақ адамдардың кейбіреуі ақиқатқа сенбей, түзу жолды таңдамады.  Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Пайғамбарлардың тілі олардың сөздерін тек данышпандар ғана түсінетіндей, кәсіби ерекше тіл болған жоқ. Керісінше олар дәлел баршаға түсінікті болу үшін қарапайым адамдар сөйлейтін тілде, солардың түсініктері деңгейінде сөйледі. 2. Алланың адамдармен қатынасы, мейлі олар жаман, мейлі ізгі амал иелері болсын хикмет негізінде болды. Әркім өзінің амалына сай жазаланады.

 «Ибраһим» сүресінің 5 аяты:

" ولقد ارسلنا موسی بایاتنا ان اخرج قومک من الظّلمات الی النّور و ذکّرهم بایّام الله انّ فی ذلک لآیات لکلّ صبّار شکور "

Расында Мұса (Ғ.С.)-ды: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар (5)

Алдыңғы аят пайғамбарлардың тәсілі туралы жалпы бір принципті баяндаған соң, осы аят хазірет Мұсаның шақыру тәсіліне тоқталып, былай дейді: «Ол адамдарды Перғауынның құлдық бұғауынан және жалған пұттарға табынудан азат етуді мақсат етті. Сөздерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін адамдарға мұғжизалар көрсетті. Бірақ оның қауымы бір кезеңде оның шақыруын қабылдады, бір кезеңде қабылдамады. Сол себепті, оның пайғамбарлық кезеңі илаһи нығмет пен рақымға және қасірет пен қиындыққа толы күндер болды. Құран сол күндерді «Алланың күндері» деп атады. Сол күндерді еске салу халықтың қапылдығының жойылуы мен өткеннен сабақ алуға себеп болады. Исраил ұрпағының қауымы бір рет Алланың рұқсатымен Ніл өзенінен аман-есен өтті. Ал дұшпандар сол суға батып кетті. Осы қауым бір рет нығметті бағаламағандықтары үшін 40 жыл шөл далада әртүрлі қиындықтар мен тауқыметке душар болды. Осы екі күнді еске салу олар мен олардың ұрпақтары үшін оянуға  себеп.  Осы аяттан үйренетініміз:1. Бұрынғылардың тарихын еске салу қиындықтар мен мәселелердің алдында сабыр сақтап, илаһи нығметтерге алғыс пен рахмет айту үшін негіз дайындайды. 2. Тарихтағы бір үмбеттің, әсіресе ислам үмбетінің тағдырды шешуші күндерін құрметтеу илаһи тапсырыстардың қатарына жатады. 

«Ибраһим» сүресінің 6 аяты: 

" و اذ قال موسی لقومه اذکروا نعمت الله علیکم اذ انجاکم من آل فرعون یسومونکم سوء العذاب و یذبّحون ابناء کم و یستحيون نساء کم و فی ذلکم بلاء من ربّکم عظیم "

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алланың сендерге берген ырысын еске алыңдар. Өйткені, сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқарды. Олар сендерді жаман қинап ұстаушы еді. Ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, бұнда сендерге Раббыларың тарапынан үлкен сынақ бар.” (6)

Алланың күндерін есте ұстауды тапсырған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят оның кейбір дәлелдеріне тоқталып, былай дейді: «Еврей қауымының ең үлкен күндері олардың Перғауынның кәрінен құтылған күндері болды. Сәуегейлер мен көріпкелдердің болжамдары негізінде Мұсаның дүниеге келуінен қорыққан Перғауын «Дүниеге ер бала әкелген әр әйел перзентін өлтіріп, тек қыздарды ғана тірі қалдырсын» деген бұйрық берген болатын.  Ол әртүрлі сылтаулармен Исраил ұрпағының жастарын азаптап, оларға зорлық-зомбылық көрсетіп, өлтірді, қыздары мен әйелдерін күң етті. Мұндай жағдайдың Исраил ұрпағының қауымы үшін зұлым Перғауынға қарсы қандай реакция көрсетуі белгілі болуы керек ең үлкен сынақ болғандығы түсінікті жағдай. Осы аяттан мынадай қорытындыға келеміз:1.Азаттық нығметі – Алла Тағала келесі ұрпақтарға оның құнын еске салуды тапсыратын Алланың ең үлкен нығметі. 2. Перғауындықтардың істегендері – зұлымдық. Бірақ қалай болғанда да адамдарды сынау негізі Алланың еркіне қарсы.