Жел 19, 2016 19:26 Asia/Almaty

Ибраһим сүресі, 400-ші бөлім, 1-3 аяттар

«Рағыд» сүресінің аяқталуымен бүгін сіздермен бірге 52 аяттан тұратын «Ибраһим» сүресін бастаймыз. Бұл сүренің аяттарының көбісі Меккеде түскен. Аталмыш сүреде иудаизм, христиандық және ислам діндері оған байланыстырылатын хазірет Ибраһим туралы мәселелер баяндалатындықтан, сүре сол хазіреттің есімімен аталған. Сонымен қатар осы сүреде илаһи басқа пайғамбарлардың уағыздары мен сенімдері және сүйіншілері де жазылған«

Ибраһим» сүресінің 1 аяты:

" الر ، کتاب انزلناه الیک لتخرج الناس من الظلمات الی النّور باذن ربهم الی صراط العزیز الحمید .

"Ұғымын Алла біледі. (Мұхаммед Ғ.С.) бұл Құран адамдарды Алланың рұқсатымен қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап (1)

.Құран аяттарының көбісінен пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың мақсаты адамдарды нәпсілік және шайтани тілектердің тұзағынан босату және оларды қоғамдарда үстемдік ететін пұтшылдық бұғауынан шығару екендігі айтылады. Сонымен қатар адамдардың иығынан әлеуметтік қате әдет-ғұрыптардың шынжырларын алып тастау да пайғамбарлардың сүннеттеріне жатады. Егер осы істер жүзеге асса, жалғыз Аллаға табыну үшін негіз дайындалып, адамдар зұлматтардан шығып, Алланың нұрына жетеді. Бір қызық жәйт, ол «зұлматтардың» Құранның өн бойында көпше түрде, ал «нұр» сөзінің барлық жерде жекеше түрде жазылғандығы. Бәлкім, оның себебі шерк, күпіршілік пен алауыздық сынды жалғандықтың жолдары көп, ал хақ жолы жалғыз, оның өзі пайғамбарлардың адамдарға көрсеткен Алланың жолы болғандықтан болар.  Осы аяттан үйренетініміз:1. Аспандық кітаптың түсірілуінің жалғыз өзі жеткілікті емес. Адамдарға жол нұсқау үшін және илаһи ағартушылықты адамдардың арасында таратып, өзі соның жүзеге асуының үлгісі болуы үшін илаһи пайғамбарлар мен жетекшілер қажет.2.  Діндердің негізгі мақсаты – адамзатты зұлматтан құтқару, яғни надандық зұлматынан ғылым нұрына, алауыздық зұлматынан бірлік нұрына, күнә зұлматынан тақуалықтың нұрына жеткізу. 

«Ибаһим» сүресінің 2 аяты:

" الله الذی له ما فی السموات و ما فی الارض و ویل للکافرین من عذاب شدید "

Ол сондай Алла, көктердегі және жердегі нәрселер Оныкі. Кәпірлерге болатын қатты азаптан нендей өкініш (2)

!Аспандық кітаптың адамдарға жол нұсқаудағы орнын баяндаудан кейін осы аят былай дейді: «Кітапті жіберуші – аспандар мен жердің және барлық мақұлықтың, соның ішінде адамның Жаратушысы; барлық істерден хабардар әрі жаратылыс негізінде түсіндіретін кітап түсірген сол Алла». Жаратылған адам қалайша өзінің Жаратушысының алдында қарсыласып, тіпті Оның бар екендігін немесе Оның тарапынан кітаптің түсірілуін теріске шығарады? Осындай теріске шығарулар рационалды дәлел мен дәйектер негізі бойынша ма, жоқ әлде олардың нәпсілік қалауларына ергендіктерінің салдарынан ба орын алады ма? Нәпсіге ерудің адамды күнә мен бейбастақтықтың батпағына батыратындығы және апат пен азап түсірілу үшін негіз дайындайтындығы белгілі. Осы аяттан мындай ой түйеміз:1. Һәм біздің Жаратушымыз, һәм біздің қажеттіліктерімізден хабардардың заңдарын орындайық. Аспандық заңдардан аттап, илаһи заңдардың алдында адами заңдарды талқылау – күпірліктің бір түрі. 2. Қабырғаның артында тұрып, күнді жоққа шығару күннің болмысы мен оның ұлылығына еш сызат түсірмейтіндей,  бірақ нұрдың нығметінен мақұрым қалуға себеп болатындай Алланы теріске шығару Оған зиян келтірмейді. 

«Ибраһим» сүресінің  3 аяты:

" الذین یستحبّون الحیوة الدنیا علی الاخرة و یصدّون عن سبیل الله و یبغونها عوجا اولئک فی ضلال بعید .

 Олар сондай ақиретке қарағанда дүние тіршілігін жақсы көреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар ұзақ қаңғырыста (3).

Осы аят кәпірлердің пайғамбарлардың жолымен қарсыласуларының себептерін баяндап, былай дейді: «Күпіршілік пен аспандық кітаптарды теріске шығарудың негізгі тамыры – дүнмиеқұмарлық пен нәпсіқұмарлықта. Осы дүниеде рахат өмір сүргісі келетіндер көңілдері қалаған нәрсені ішіп-жеп, өмір сүреді. Мұндай адамдар дінді өздерінің лайықсыз әрекеттеріне кедергі болмасын деп теріске шығарады. Егер діндарлық ой мен пікірдің болуымен ғана шектелгенде адамдардың барлығы мүмін болған болар еді. Бірақ діндарлықтың шарты қарындарының қамын ойлайтын, нәпсіқұмар адамдардың оны қабылдай алмауына себеп болатын біршама шектеулерді сақтау және кейбір істерді тастаудан тұрады. Құран былай дейді: «Бірақ кәпірлер бұл мөлшерді де қанағат тұтпай, өздеріне басқаларды да қосып алуды көздейді. Сондықтан пайғамбарларды қателесуші адамдар етіп көрсетуге тырысып, өздеріне адамдар тарапынан күмән тумауы үшін олардың тағылымдарын  қоғамның бұрмалаушылығының себебі деп таныстырады».  Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз.1. Азғындық пен бұзықтықты тарату, аспандық діндерге қарсы жөнсіз жарнама жасау, күмән тудыру, діни тағылымдарды жаман етіп көрсету қарсыластардың Алланың пайғамбарларының хақ жолы алдындағы маңызды тәсілдері болып табылады.  2. Осы дүниені ақыреттен артық санау қауіпті.