Жел 19, 2016 19:28 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 399-шы бөлім, 42-43 аяттар

«Рағыд» сүресінің 42 аяты:

" و قد مکر الذین من قبلهم فلله المکر جمیعا" يعلم ما تکسب کل نفس و سیعلم الکفّار لمن عقبی الدّار"

Расында бұларда, бұлардан бұрыңғылар да мекерлік қылған. Дегенмен барлық шаралар Аллаға тән. Алла (Т.) әркімнің не істегенін біледі. Қарсы болушылар жақында соңғы дүниенің кімдікі екенін біледі (42).

Алдыңғы аятта Алла Тағала пайғамбарын «Егер Меккенің мүшріктері сенімен қарсыласса, алаңдама. Себебі бұрынғы пайғамбарлар да көптеген қарсыластармен бетпе-бет келген. Бірақ Алла Тағала оларды осы дүние мен ақыретте істерінің жазасына жеткізеді» деп жұбатты. Осы аят алдыңғы аяттың жалғасында былай дейді: «Кәпірлер Алланың қаһары мен жазасынан қашудың жолдарын ойластырып, өздерінің шикі қиялдарымен Алланы алдап соққылары келеді. Алайда барлық нәрсе Алланың қолында. Егер мүшрік де қулықпен шара ойластырса да Алла өзінің шексіз ілімімен барлық нәрсені қамтиды. Ешнәрсе, тіпті адамдардың ой-пікірі де Оның даналығынан тысқары емес». Алла Тағала кәпірлердің өздерінің жолдарынан кері қайтып, тәубеге келулері үшін оларға мұрсат береді. Бірақ олар Алланың осы ммұрсатын теріс пайдаланып, өздерінің күпіршіліктерін жалғастырып, тіпті Алланың оларға берген мұрсатын Алланың өздеріне көрсеткен мейірімі деп ойлайды. Шындығында бұл іс қалағандар тәубеге келіп, қаламағаны өздерінің күпіршіліктеріне бата берсін деген Алланың даналығы. Адамның өзінің қауқарсыздығына қарамастан құдіретті Аллаға қарсы шыққысы келетіндігі қызық жәйт. Құдірет пен абырой абсолютті түрде Оған тән. Оған және Оның дініне қарсы қулық пен аярлық адамды азапқа кіріптар етеді. Осы аяттан мындадй қорытынды жасаймыз:1.    Адамдардың кейбіреуі Алланы алдамақ болады. Аярлық пен қулық қарсы тарап қаплы болған жағдайда іске жарайды. Алайда Алла Тағала әрдайым қырағы, көреген және хабардар. 2.    Аңқау болмайық, бүгінгі кәпірлерге қарамайық. Болашақты болжау арқылы олардың соңдарының қандай болатындығын түсінейік. 

«Рағыд» сүресінің 43 аяты:

" و يقول الذین کفروا لست مرسلا" قل کفی بالله شهيدا" بینی و بینکم و من عنده علم الکتاب " 

Қарсы болғандар: “Сен Пайғамбар емессің” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мені мен сендердің арамызға куәлік жөнінде Алла және Кітапты білгендер жетік” де (43).

Рағыд сүресінің соңғы аяты болып табылатын осы аят ислам пайғамбарының пайғамбарлық міндетін тура теріске шығарған, хақ сөзді қабылдамаған қарсыластардың қырсық-қыңырлықтарының жоғары шыңын көрсетеді. Осы сүренің басында да Алла пайғамбар мен мүміндерге «пайғамбарға түсірілген нәрсе хақ. Бірақ адамдардың көбісі иман келтірмейді. Ондай болса жұрттың күпіршіліктеріне бола өздеріңнің имандарыңа шәк келтірмеңдер» деген болатын. Осы аятта Алла пайғамбарына былай дейді: «қарсыластардың теріске шығаруларының алдында былай де: «Мен сендердің теріске шығаруларың үшін пайғамбарлығымнан қол үзетіндей сендердің мойындауларыңды, растауларыңды күткен жоқпын. Мені пайғамбарлыққа таңдаған Алла мен үшін жеткілікті. Алланың кітабынан хабарлары бар адамдар менің шақыруымды қабылдайды. Осының өзі мен үшін жеткілікті, тіпті егер жалғыз адам болса да». Рауаяттар негізі бойынша Құраның «Кітап ілімі соның қасында» дегендегісі пайғамбарға иман келтірген алғашқы ер адам, ғұмырының соңына дейін иманына берік болған хазірет Әли болып табылады.  Әли Бен Әбиталеп ынды адамның иманы мыңдаған мүшріктің күпірінен артық екендігі және оның пайғамбардың міндетіне куәлік етуі қарсыластардың қандай да болмасын теріске шығарулары мен күмәндарын жоятындығы белгілі жәйт. Себебі оның иманы отбасылық немесе ру-тайпалық қатынас негізінде емес, ғылым мен мағрифат негізінде болды.  Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Алланың қолдауымен мүміндерге иман келтірген адам ешуақытта қарсыластардың теріске шығарулары мен кемсітушіліктерінің алдында жеңіліс таппайды. 2.    Сан үнемі көрсеткіш емес. Кейде бір ғалымның куәлігінің құны мыңдаған наданның теріске шығаруынан артық болады.