Рағыд сүресі, 398-ші бөлім, 39-41 аяттар
Рағыд сүресі, 398-ші бөлім, 39-41 аяттар
«Рағыд» сүресінің 39 аяты:
« یمحوالله مایشاء و یثبت و عنده امّ الکتاب»
Алла (Т.) қалағанын өшіреді де қалдырады. Негізгі Кітап Оның қасында (39).
Кейбір адамдар Алла әлемді жаратты да оны өз жөніне қалдыра салды деп ойлайды. Олар «Әлем белгілі бір жүйе негізі бойынша айналыс үстінде. Ешкім, тіпті Алла да оның ісінде роль атқармайды» деп ойлайды. Алайда Алла әлемді жаратып, оған анық жүйе орнатты. Бірақ әлемдегі анық бір жүйенің болуы «Табиғат Алланың билігінен шыққан. Енді оны өзгерту мүмкін емес» деген мағынада емес. Осы аят Алланың жаратылыстарымен – жансыз табиғатпен болсын, адамдар мен жан-жануарлармен болсын байланысын баяндағанда былай дейді: «Барлық нәрсе барлық жағдайда Алланың даналығы мен жазуы бойынша жүзеге асады. Өйткені жаратылыс пен шариғат кітабының негізі Оның қасындағы тақтада жазылған. Біз тұрақты және өзгермейді деп ойлайтын нәрселердің уақыт өте келе қайтадан өзгеретіндігі анықталады. Мына аятта айтылғандай: «Алла әр күні сол күнге тән мәртебеде болады». Мысал ретінде осы өзгерістердің бірнеше үлгісіне тоқталуға болады. Мұсылмандардың құбыласының Бейт ул-Мұқаддестен Қағбаға ауысуы осы үлгілердің бірі. Сонымен қатар хазірет Мұсаның Тур тауында болуының 30 күннен 40 күнге өзгеруі Оның істеріндегі өзгерістің тағы бір дәлелі. Жаза мен сый істерінде де Жүністің қауымы осы дүниеде Алланың жазасына ұшырауы тиіс болса да олар иман келтірген соң Алланың қаһары олардан аластады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жаратылыс жүйесінің өзгерісінде – жаратылыста болсын, шариғатта болсын Алланың қолы ашық. Ол үстем және толық құдірет иесі.2. Жаратылыс әлемінің барлық ісі сонда жазылып, тіркелген кітап пен дәптерге ие. Ол Алланың қолында.
«Рағыд» сүресінің 40 аяты:
« و ان ما نرينّک بعض الذی نعدهم او نتوفينّک فانّما علیک البلاغ و علينا الحساب»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға уәде етілген кейбір уақиғаны саған көрсетсек те, не саған көрсетпей өлтірсек те негізінде саған жалғастыру ғана міндет. Есебі бізге тән (40)
.Қарсыластардың пайғамбармен қатынас жасау тәсілдері туралы өткен аяттардың жалғасында осы аят пайғамбарды жұбатып: «Сенімді бол, олардың күпіршіліктері мен теріске шығарулары жауапсыз қалмайды. Сенің көзің тіріде болсын, болмаса сен көз жұмған соң олар өздерінің лайықсыз істерінің жазасын алады» дейді. Сонымен қатар осы аят пайғамбардың міндетін анықтап, былай дейді: «Сен өзіңнің Алланың сөзің жеткізу міндетіңді орында. Қалғанын олардың есебін қарауымыз үшін біздің міндетімізге жүкте». Осы аяттан үйренетініміз: 1. Біздің міндетіміз олардың соңы туралы төрелік ету емес, басқаларды дінге шақыру. Төрелік ету – адамның емес, Алланың ісі. 2. Кәпірлерді жазалаудың кешіктірілуі оның тоқтатылуы деген мағынада емес. Алланың қаһары уақытында түсіріледі.
«Рағыд» сүресінің 41 аяты:
« اولم يروا انّا ناتی الارض ننقصها من اطرافها و الله يحکم لامعقّب لحکمه و هو سریع الحساب»
Олардың жеріне келіп, әр тараптан кеміткенімізді көрмей ме? Үкімді Алла береді. Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол есепті тез көруші (41).
Алланың қаһарының өз уақытында түсетіндігін баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Бұрынғылардан неге ғибрат алмайды? Алланың қаһарының түсуімен әртүрлі қауымдардың көздерінің жойылғанын көрмейді ме? Сендердің соншалықты Оның бұйрықтарымен қарсыласатындарыңдай, жазалаудан қорықпайтындарыңдай Алланың қаһарының алдында қарсыласып, төтеп бере алатын қандай күш бар? Оның үкімінің барлық нәрсеге күші жүреді, тез арада алға басады Оның үкімінің орындалуына материалды іс те, материалды емес іс те кедергі бола алмайды. Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Кейбір табиғи апаттар мен құбылыстар күнәһарлар мен күнә алдында үнсіздік танытқан адамдарды жағадан алған Алланың қаһары болып табылады. 2. Табиғи өлім де адам үшін Алланың кесімді үкімі. Ешкім одан қашып құтыла алмайды. Сол себепті барлық адамдар мен қауымдар, үкіметтер жойылады. Бірақ Алланың құдіреті тұрақты.