Жел 19, 2016 20:26 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 397-ші аят, 36-38 аяттар

«Рағыд» сүресінің 36 аяты:

" والذين آتیناهم الکتاب يفرحون بما انزل اليک و من الاحزاب من ينکر بعضه قل انّما امرت ان اعبدالله ولا اشرک به اليه ادعوا و اليه مآب " 

(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітап бергендеріміз саған түсірілген Құранға қуанады. Онымен қатар қарсы топтардан Құранның кей жерін мойындамайтындар да бар. Оларға: “Шын мәнінде Аллаға құлшылық қылуға әрі Оған ешбір ортақ қоспауға бұйырылдым. Мен Ол жаққа шақырамын. Және қайтар жерім де Сол жақ” де. (36).

Осы аят ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Барлық адам сенің шақыруыңды қабылдап, аспандық кітаптың тағылымдарының алдында бас иіп, мойындайды деп күтпе. Бірақ адамдардың бір тобы иман келтіреді. Олардың бір тобы теріске шығарады. Әйтседе сен адамдардың теріске шығаруларына бола үмітсіздікке салынып немесе өз жолыңда солқылдақтық танытпауың керек. Тіпті, егер адамдардың барлығы кәпірге айналса да, сен өз жолыңнан қол үзбе. Дауыстап: «Мен тек Аллаға табынамын. Оның құлымын. Өйткені менің қайтар жерім сол жақ. Мен сендерді сендерден ұлы әрі жоғарымын деп ойлайтындай, өзіме шақырмаймын. Мен сендерді Алла тарапына шақырамын. Жеке басыма қатысты ештеңе күтпеймін» де. Пайғамбардың мұндай сөздері алдында бұрынғы діндердің ізбасарлары, кейбір кітап иелерінің хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлығы мен Құранға иман келтіргендері түсінікті. Бірақ олардың кейбіреуі Құранды қабылдамай, өздерінің діндеріне табандылық танытты. Осы аятан мынадай нәтижеге келеміз:1. Топшылдықтың ақиқатшылдыққа қарсы тұруына абай болайық. Біз үшін негіз топ емес, ақиқат. 2. Діннің барлық нұсқауына иман келтіру қажет. Діннің кейбір ахкамдарын теріске шығару оның барлығын теріске шығару деген сөз. 

«Рағыд» сүресінің 37 аяты:

 " و کذلک انزلناه حکما" عربيا" ‌و لئن اتّبعت اهواء هم بعد ما جاء ک من العلم مالک من الله من وليّ و لا واق " 

Осылайша, Құранды арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды (37).‌

Құранды теріске шығарушылармен қатынас жасау туралы баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят пайғамбар мен мүміндерге арнап былай дейді: «Қарсыластардың күпіршілдіктері мен теріске шығарулары Құранның шынайылығына шәк пен күмән келтіруге себеп болмасын. Себебі бұл кітап анық тілмен хақ пен жалғанды ажыратып, Алланың ахкамдары мен нұқсауларын баяндаған. Егер сендер оларды тарту үшін өздеріңнің ұстанымдарыңнан сәл де болса кейін шегінсеңдер, өздеріңді Аллланың қатты жазасына душар еткендерің. Соларға жандарың ашыған адамдар сендерді Алланың қаһарынан құтқара алмайды».  Осы аяттан мындай тұжырымға жасаймыз:1.    Басқалардың тілектерінің соңынан еру нәпсілік құмарлықтан жаман.2.    Жоғары білім мен танымға ие адамдардың нәпсілік құмарлық пен заңсыз тілектердің соңынан еретіндіктері көп кездеседі.

«Рағыд» сүресінің 38 аяты:

ا" ‌ولقد ارسلنا رسلا من قبلک و جعلنا لهم ازواجا" و ذرية و ما کان لرسول ان ياتي بآية الا باذن الله لکل اجل کتاب

"Расында сенен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз. Ешбір пайғамбар Алланың рұқсатынсыз бір аят келтіре алмайды. Әр нәрсенің мезгілі жазулы (38).

Қарсыластардың «пайғамбарлар ерекше өмір сүрулері керек. Олар қалаған әрбір мұғжизаны жасай алу қабілетіне ие болулары керек» деген орынсыз үміттері мен талаптарына берген жауапта Алла осы аятта былай дейді: «Пайғамбарлардың барлығы қарапайым адамдар сияқты. Олар да ата-анадан дүниеге келіп, өздері де жар сүйіп, перзентке ие болды. «Мұғжиза» деп жасағандары адамдар нені қаласа пайғамбарлар соны орындайтындай емес, Алланың қалауымен болды. Адамдардың талап-тілектері таусылмайды. Адамдар оны орындау қалыпты және табиғи ағымға қарсы болатын талап-тілекке ие. Егер адам хақты қабылдаудың соңында болса, бір мұжизаны көріп-ақ иман келтіреді, ал егер қырсық болса, ондаған мұғжизаны көрсе де бәрібір сылтау іздейді. Аяттың жалғасы да «Алла әрбір кезең үшін келесі пайғамбардың келуімен аяқталатын, басқа шариғат басталатын заң мен шариғат орнатты» дейді.  Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.    Пайғамбарлар туралы кейбір кәпірлер оларды «ақын», «ақылынан алжасқан» деп немесе кейбір ізбасарлар оларды  құдай деп санағандай әсірешілдіктен аулақ болайық. 2.     Пайғамбарлардың мұғжизалары олардың тағылымдары сияқты өздерінікі емес. Барлығы Алла тарапынан, пайғамбарлар делдалдың роліне ие.