Жел 19, 2016 20:28 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 396-шы бөлім, 32-35 аяттар

«Рағыд» сүресінің 32 аяты:

" ولقد استهزئ برسل من قبلک فامليت للذين کفروا ثم اخذتهم فکيف کان عقاب "

Расында сенен бұрын келген пайғамбарларды да тәлкек қылған болатын. Сонда қарсы болғандарға кеңшілік беріп барып сонсоң оларды қолға алдым. Азабым қандай? (32)

Кәпірлердің ақиқат алдында қырсығулары мен қыңырлық танытуларын баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят қарсыластардың хақпен қарсыласуда ұстанатын тәсілдерінің біріне тоқталып, исламның пайғамбарына қаратып, былай дейді: «Бұл мүшріктер тек сенің сөздеріңді ғана келеке етеді деп ойлама. Сенен бұрын да көптеген пайғамбарлар жұрттың тәлкегіне ұшыраған болатын. Олар бәлкім райларынан қайтып, иман келтірер деп оларға мұрсаттың берілгендігіне қарамастан, олар ақыр соңы қатты азапқа душар болады». Осы аяттан үйренетініміз: 1. Бұрынғы өткен пайғамбарлардың тарихын, олардың бастан кешкен қиындықтары мен тауқыметтерін тану мүміндердің бүгінгі қиындықтар мен мәселелер алдында сабыр сақтаулары мен табандылық танытуларына себеп болады. 2. Алланың тәубеге келу үшін берген мұрсатына кеуде кермейік. Себебі Алланың қаһары мен азабы бір демде жетеді. 

«Рағыд» сүресінің 33-34 аяттары:

" افمن هو قائم علي کل نفس بما کسبت و جعلوا لله شرکاء قل سموهم او تنبؤنه بما لايعلم في الارض ام بظاهر من القول بل زين للذين کفروا مکرهم و صدّوا عن السّبيل و من يضلل الله فما له من هاد " ، " لهم عذاب فی الحيوة الدنيا و لعذاب الاخرة اشق و ما لهم من الله من واق "

Әркімнің істеген ісін бақылаушы Алла емес пе? Сонда да олар Аллаға ортақтар қосты. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олардың аттарын атаңдар!”, - де. Аллаға жер жүзінде білмейтін бір нәрсенің хабарын беріп отырсыңдар ма? Немесе бос бір сөзбен (ортақ қосасыңдар ма?) Олай емес, кәпірлерге айлакерліктері әдемі көрсетілді де тура жолдан тосылды. (33) Оларға дүние тіршілігінде азап бар. Әрине ақирет азабы тағы қатты. Сондай-ақ оларды Алладан ешбір қорғаушы жоқ. (34)

Мүшріктердің әлемді басқару істері мен даналығында пұттарды Алланың серіктері деп, оларды жаңбырдың жаууы мен құрғақшылықтың орнауында роль атақарады деп санаған негізсіз әрі жөнсіз сөздеріне қарсы осы аят әртүрлі тіркестермен оларға жауап беріп былай дейді: «Жаратылыстың барлық істеріне, соның ішінде адамдар, сендердің және сендердің істеріңе толық үстем Алланың сендер соларға барып, соларды қадірлеп, құрметтейтін мына ағаш және темір пұтттарға не қажеттілігі бар?» . Аяттың жалғасы осы қате ойдың тамырына тоқталып, былай дейді: «Адамдардың осы тобы үшін жалған нәрсе көркем болып көрінді. Сондықтан олар оның соңынан еріп, хақ жолынан қалып қойды. Өзін Алланың жетекшілігінен мақұрым ететін адамға ешкімнің, еш нәрсенің оған тура жол нұсқай алмайтындығы және оның бақытқа жетпейтіндігі түсінікті жағдай. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Алла сауал жобасымен ақиқатты жалғаннан ажыратып, қабылдауы үшін адамның ақылы мен табиғатын төрелік етуге шақырады  2.    Алланың жігерімен қарсыласу үшін жоспар құрып, қастандық ойластыру адамның өзінің апатқа ұшырап, өлім құшуына себеп болады. Алла мен оның таңдаулы заңдарына ешқандай соққы тимейді. 

«Рағыд» сүресінің 35 аяты:

" مثل الجنة التي وعد المتقون تجري من تحتها الانهار اکلها دائم و ظلّها تلک عقبي الذين اتقوا و عقبي الکافرين النّار"

Сондай тақуалар үшін әзірленген ұжмақтың мысалы: астынан өзендер ағады. Оның жемістері және көлеңкелері мәңгілік. Міне, Алладан қорыққандардың соңы. Қарсы келушілердің орны тозақ (35).

Мүшріктердің тозақтағы жағдайларын баяндаған аяттан соң осы аят мүміндердің қияметтегі жағдайына тоқталып, былай дейді: «Тақуа адамдарға уәде етілген нәрсе жұмақтық: әртүрлі жемістер мен тағамдарға толы жап-жасыл бақтар сынды. Осы дүниедегі бақтар мен ақыреттегі бақтардың арасындағы айырмашылықтың өте үлкен екендігі белгілі. Сондықтан Құран мысал сөзді пайдаланып: «Егер оны теңесек, ол жап-жасыл, қалың ағаштары күн сәулесінің жерге түсуіне кедергі болатын мәңгілік кең саясы бар жасыл орманға ұқсайды» дейді. Құранның мүміндерге емес, мүшріктерге қарсы «мотағейн» деген  анықтаманы қолданғаны қызық. Бұл иманның тақуалықпен қатар жүретіндігін көрсетеді. Тақуа болмай иман туралы және күнәлар мен жамандықтардан алыс болу туралы  айту орынсыз. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Осы дүниедегі харам нәрселерден аулақ болудың сыйы – ақыреттегі мәңгілік бақыт.2. Адамның ісінің соңы маңызды. Тақуа адамдар қиындықтар көргенімен, бірақ соңында мәңгілік рахатқа қол жеткізеді. Бірақ осы дүниенің өткінші ләззаттары мен бақытын қуалаған кәпірлер мәңгілік ауыр жазаға душар болады.