Жел 19, 2016 20:35 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 392-ші бөлім, 20-22 аяттар

«Рағыд» сүресінің 20-21 аяттары:

" الذين يوفون بعهد الله و لاينقضون المیثاق " ، " و الذين يصلون ما امرالله به ان يوصل و يخشون ربّهم و يخافون سوء الحساب "

Олар сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерін бұзбағандар. (20) Олар Алланың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесін жалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер. (21)

Өткен бағдарламада Құран мүмін мен кәпірді көзі көретін және көрмейтін адамға теңеп, иманды адамды ақыл иесі деп атағанын айттық. Осы аяттар алдыңғы аяттардың жалғасында данышпандарды сипаттап былай дейді: «Уәдеге беріктік ол да Аллаға берген уәде данышпандардың ең маңызды ерекшеліктері болып табылады. Олар Алламен жасаған хақты қабылдау, әділет талап ету сынды көзқарастық келісімдерін, я болмаса жаратылыстың бастауы мен қиямет күніне деген сенім сынды ақылға негізделген және шариғаттық, Алланың халалы мен харамын сақтау   сынды келісімдерді ешқашан бұзбайды. Алланың ең маңызды келісімдерінің бірі бұзық билеушілермен күресу, пәк әрі түзу жетекшілерге қолдау көрсетіп, соларға бағыну. Алла тағала имаматқа пәк әрі әділ адамдарды лайық деп есептеп, залымдардың билік басына отырмауын ескертеді. Сол тұрғысында Алла «Бақара» сүресінде былай дейді: «Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді (124).Иманды және ақылды адамдардың келесі ерекшелігі олардың отбасылық және идеологиялық келісімдерді сақтаулары болып табылады. Алла Тағала осы келісімдерді қатаң сақтауды тапсырған. Құран оларды діндес бауырлар деп санайтын мүміндер қоғамымен байланыс, сезімдік, қаржылық және олардың қажеттіліктерін шешу мақсатындағы байланыстың бірі туыстық байланысты сақтау.  Сондықтан рауаятта имам Садық (ғ) дүние салар алдында барлық туыстарын, тіпті оған қатысты мейірімсіздік танытқан туыстарына да сыйлық берілсін деп нұқсау бергені айтылады.  Иманды адамның соңғы ерекшелігі ол өз ісінің есебі мен Алладан қорқуы. Алланың ұлылығынан туындайтын жүректегі үрей мен әсерленудің көрсеткіші – қорқыныш ақыл иелерінің терең мағрифатарының әсерінен қалыптасады. Осы аяттардан мынадай қорытынды шығарамыз:1.Әлеуметтік келісімшарттарды құрметтеу мүмін және ақылды адамдардың ерекшеліктері;2. Дінде туыстық, отбасылық қарым-қатынастарды сақтап, жалғастыру, туыстар мен діндестердің қиындықтарына көмектесу тапсырылған.

«Рағыд» сүресінің 22 аяты:

" والذين صبروا ابتغاء وجه ربّهم و اقاموا الصّلوة و انفقوا ممّا رزقناهم سرا" و علانية" و يدرؤن بالحسنة السّيئة اولئک لهم عقبي الدّار "

Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақирет жұртының табысы солардыкі. (22)

Иманды ақылды адамдардың келесі ерекшеліктері олардың қиындықтарда сабыр сақтап, табандылық танытулары және бұйрықтар мен міндеттерді орындаулары болып табылады. Алланың ризашылығына бөленгісі келген адам осы жолда табанды әрі сабырлы болуы керек. Бірақ Алла жолындағы сабырға ғибадатты, әсіресе намазды орындамай қол жетпейді. Сол себепті  Құранның тағы бір жерінде былай деп жазылған: «Сабырдың серігі намазға көмекке жүгініңдер». Кедейлер мен мұқтаж адамдарға уақыт пен мекен жағдайына сай көмектесу иманды адамдардың келесі бір ерекшелігі болып табылады. Олар көрсетіп болсын, жасырын болсын, барлық жағдайда кедейлер мен мұқтаждардың қамын ойлайды. Осы аяттарда тілге тиек етілген соңғы ерекшелік ақлақтық, әлеуметтік тұрғыдан маңызды және әсерлі. Ол – жамандықты жақсылықпен шешу ережесі. Бұл ереженің мүмін адам тарапынан біздің хақымызға қатысты орындалатын лайықты қатынас екендігі анық. Ондай жағдайда біз көзжұмбайлық танытып, тіпті білдірмейміз де. Бірақ залым және бұзылған адамдар жайлы болса, кесімді және шынайы қатынас көрсетуіміз керек. Әйтпегенде олар өздерінің ұят істеріне батылданып, табандылық танытатын болады. 1.    Ислам – толық және жан-жақты дін. Бұл дін өмірдің әртүрлі қырына: жеке бас, әлеуметтік, сезім, саяси аспектілерге көңіл аударады.2.     Басқалармен байланыссыз, мұқтаж жандарға көмектеспей Алламен байланыс орнамайды. 3.     Осы дүние мен ақыреттегі жақсы нәтиже ақылды мүміндірдің еншісінде.