Жел 19, 2016 20:37 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 391-ші бөлім, 17-19 аяттар

 

«Рағыд» сүресінің 17 аяты:

" انزل من السّماء ماء فسالت اودیة بقدرها فاحتمل السّیل زبدا" رابیا و ممّا یوقدون علیه فی النّار ابتغاء حلیة او متاع زبد مثله کذلک یضرب الله الحقّ و الباطل فامّا الزبد فیذهب جفاء و امّا ما ينفع النّاس فیمکث فی الارض کذلک یضرب الله الامثال "

Ол көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ сәндік бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды. Ал енді көбік кеуіп, ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді (17).

Құран осы аяттың соңында баяндағандай, Құдай ақиқат пен жалғанды тану үшін адамдар оны көретін, солармен жұмыс істейтін, сезілетін істер арқылы мысал келтіреді. Осы аятта ақиқат суға, жалғандық соның бетіндегі көбікке теңелген. Су – жыл бойы адамның қажеттілігін қамтамасыз ету үшін аспаннан жауып, жерген сіңетін өмірдің мәйегі. Бірақ жаңбыр жауып, су алқаптар мен өзендерде аққан кезде судың бетінде көбік пайда болып, өзін көрсетеді. Бұл көбік баянсыз. Ол тез жоғалып кетеді. Су – қалатын нәрсе.  Темір ұстасының шеберханасында темірді көріктің үстіне қойған кезде оның бетінде тез жоғалып кететін көбік пайда болады. Ал қалатын нәрсе – таза темір. Сонымен жалған деген, ол қысқа уақыт қана көрінетін, бірақ құны жоқ, баянсыз көбік сияқты. Көбік жоғары орында орналасады, оның гүрілі қатты, бірақ жағдайдың тынышталуымен жоғалып, ғайып болады.  Осы аяттан мынадай қорытынды шығарамыз:1. Алланың мейірімі мен рақымы тоқтаусыз. Әркім оны өзінің мүмкіндігі мен қабілетіне қарай пайдаланады. 1. Ащы әрі тәтті оқиғалардың «көрігінде» қоспалар, ақиқат және жалғандық анықталады.

 «Рағыд» сүресінің 18 аяты:

للذین استجابوا لربّهم الحسنی والذین لم یستجيبوا له لو انّ لهم ما فی الارض جمیعا" و مثله معه لافتدوا به اولئک لهم سوء الحساب و ماویهم جهنّم و بئس المهاد "

Раббыларына бағынғандар үшін игілік бар. Ал Оған бағынбағандар, егер біртұтас жер жүзіндегі нәрселер және онымен бірге тағы сондай нәрсе олардікі болса да (өздерін құтқару үшін) төлеуге берер еді. Міне солар үшін есептің жаманы болады. Олардың орындары тозақ; нендей жаман орын (18).

Осы аят мүміндер мен кәпірлердің нәтижелері мен салдарларын салыстырып, былай дейді: «Пәруәрдігердің шақыруын қабылдаған адамдар үшін жақсы сыйлық пен пайдалы нәтиже бар. Бірақ осы шақыруды қабылдамағандардың тағдырларының аянышты болатындығы сондай, егер бүкіл жер беті мен тағы сол сияқты олардың мал-мүлкі болса соның барлығын сол бір сұм тағдырдан құтылу үшін беруге әзір болады.  Бірақ олардың тілектері қабылданбайды. Мал-мүлік олардың тозақ отынан құтылулары үшін негіз дайындай алмайды.  Аяттың соңы имансыз адамдардың қияметтегі қиын есептеріне тоқталады. Рауаяттарда осы дүниеде адамдармен қатаң және қатты қатынас жасайтын адамдардың қияметте есептерінің қатты болатындығы айтылған.  Бірақ кешірімді адамдарға Алла да қияметте қатаңдық жасамайды.   Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Әр адамның арманындағы ең жақсы нәрсе ол мүмін адамдардың келуін күтуі болып табылады.2. Егер Алланың біздің дұғаларымызды орындауын күтсек, біздің өзіміз де Аллаға берген уәдемізді орындап, оған бағынуымыз керек.  

«Рағыд» сүресінің 19 аяты:

" افمن یعلم انّما انزل الیک من ربّک الحقّ كمن هو اعمی انّما یتذکّر اولوا الالباب "

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббың тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді (19).

Алдыңғы аятта иманды адам мен кәпірді салыстырудың жалғасында осы аят былай дейді: «Жүректерінен хақ орын тепкен адамдар – шынайы ақыл иелері. Сол себепті ақиқаттарды көреді, түсінеді. Бірақ хақты қабылдамағандардың көздері көргенімен, олардың соқырлардан айырмашылыығы жоқ. Ия, кейде қате әдет-ғұрып немесе орынсыз наным-сенім мен фанатизм оның бетін бүркемелеп, адамға ақиқатты көруге рұқсат бермейтін адамның ақылы мен түйсігінде «қатпар» мен «бөгет» бар. Бірақ есімдері Құранда 16 рет аталған данышпандар осы қабаттар мен кедергілерден өтіп, ақиқаттың өзегіне жеткен адамдар.  Осы аяттан мынадай ой түйеміз: 1. Ақылды зағип жандардың ақиқатты көретіндігі, ал ақылсыз адамдардың ақиқатты көре алмайтындықтары көп кездеседі. 2. Алланың кітабының шынайылығына ақылы жетпейтін  адамның ақылы шынайы ақыл емес.3. Қапылдық факторларының адамды ақиқаттардан алыстатуына себеп болмауы үшін әрдайым ескерту жасап отыру қажет.