Жел 19, 2016 20:39 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 390-шы бөлім, 14-16 аяттар

"Рағыд" сүресінің 14 аяты:

" له دعوة الحق والذين يدعون من دونه لا يستجيبون لهم بشئ الا کباسط کفيه الي الماء ليبلغ فاه و ما هو ببالغه و ما دعاء‌ الکافرين الا في ضلال "

Шынайы тілек Аллаға тән. Олардың Алладан өзге тілегендері оларға ешбір жауап бермейді. Олар судың ауыздарына келуі үшін алақандарын жайған тәрізді. Тіпті су оған жетпейді. Өйткені, кәпірлердің тілегі мүлде қаңғырыс (14).

Алланың аспандар мен жердегі жаратылысының ұлылығын баяндаудың және барлық жаратылыс иелерінің әлемнің Пәруәрдігерін мадақтап, дәріптеуінің соңынан осы аят кәпірлердің бұрмалаушылықтарына тоқталып былай дейді: «Олар өздерінің қажеттіліктерін өздері сынды мұқтаж әрі кіріптар, олардың талап-тілектеріне оң жауап бере алмайтын заттардан немесе адамдардан сұрайды. Олар су сұрап, талпынған, бірақ оған су жетпей, шөлдерін баса алмаған күйде қалатын адамдар сынды. Мүмін болсын, кәпір болсын, барлық адам хаққа шөлдеген, олар ақиқатты қалайды. Бірақ олардың бір тобы хаққа жететін жолдан адасып, Аллаға иман келтіріп, Онымен үйірілісудің орнына ойдан жасалған, түкке тұрғысыз пұттарға барады. Олар судың орнына сағым қуалағандықтан ешқашан шөлдерін қандыра алмайды.  Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Басқаларға мұқтаждықтарымызды айтқандай емес, Алланың дәргаһына қарап, егер шынайы дұға тілесек, ол орындалады;2. Күпірлік пен шерктің тамыры – адамды ақиқатқа жетуден тежеп тұратын бос болжамдар мен қиялдар.

«Рағыд» сүресінің 15 аяты:

" و لله يسجد من في السموات و الارض طوعا" و کرها" و ظلالهم بالغدوّ و الاصال "

Көктердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады (Әміріне бағынады) (15).

Бұл аят «Нахл» сүресінің 49-шы аяты сияқты жаратылыстағы барлық тіршілік иелерінің Алланың алдында сәждеге жығылатындығын айтады. Тіпті осы аятта нәзік бір интерпретация пайдаланылған: яғни, «заттардың көлеңкелері де Алланың алдында бойсұнған» дейді. Бұл жерде «көлеңкенің жерге «жығылуы»» деген мағынаны білдіреді. Құран: «Егер кәпірлер Алланың алдында мойынсұнбаса, қорқынышты емес. Барлық жаратылыс осынау ұлан-ғайыр болғанына қарамастан, Алланың алдында бойұсынушылық танытып тұр» дегендей. Осы аятттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.Алланың алдында сәждеге жығылу мен мойынсұнушылықтың екі түрі бар: бір топ хабардарлықпен, махаббат және ынтықтықпен Оның алдында сәждеге жығылып, Оны мадақтайды. Екінші топ бастарына ауыртпалық орнап, қиындыққа душар болған кезде ықылассыз, Алланың алдында бойсұнушылық танытуға мәжбүр болады. 2. Жер тұрғындары ғана емес, сонымен қатар аспандық барлық періштелер де Алланың алдында мойынсұнады.

 «Рағыд» сүресінің 16 аяты:

 " قل من ربّ السّموات و الارض قل الله قل افاتخذتم من دونه اولياء لا يملکون لانفسهم نفعا" و لا ضرّا" قل هل يستوي الاعمي و البصير ام هل تستوي الظلمات و النّور ام جعلوا لله شرکاء خلقوا کخلقه فتشابه الخلق عليهم قل الله خالق کلّ شئ و هو الواحد القهّار "

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Раббы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар Аллаға Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем” (16).

Тақырыптарды баяндаудағы Құранның әдістерінің бірі ол қолдаушының немесе қарсыластың, я болмаса пайғамбардың аузынан сауал-жауап формасын қолдануы. Алдымен сауал қойып, соңсоң оған жауап береді. Осы аятта Алла мүшріктерге қайдан бастап, қай жерден аяқтаулары керек пікірталастың әдісін үйрететіндей. Мүшріктер Алланы жаратылыстың Жаратушысы деп қабылдағандықтан, пайғамбар оларға «Егер сендер осы сауалдарға жауап беруге дайын болмасаңдар, мынаны білгендерің жөн: жаратылыс ықтиярының иесі, басқарушысы осы Жаратушы. «Ол жаратты, бірақ жаратылысты басқаруды мақұлықтарының қолына, я болмаса сендер оны өздеріңнің «құдайларың» санайтын ағаш пен темірден жасалған пұттарға беріп қойды деп айтқанымыз дұрыс емес. Сендер неліктен өздерің сынды өздірінің пайдасы мен зиянының иесі емес, табиғат заңдылығына душар нәрселерге барасыңдар?» дейді. Сол кезде Алла мүміндер мен кәпірлердің жағдайын көретін және көрмейтін, жарық пен қараңғылыққа теңеп былай дейді: «Хақты көре тұра қабылдамайтын адамның соқырдан айырмашылығы жоқ. Хақтың нұрын көре тұра өзінің көзін жұмған адам өзін қараңғы зұлматқа тастап, жарықтан мақұрым қалады». Аяттың жалғасы былай дейді: «Жаратушының жалғыздығын мойындаған мүшріктер қателесіп, басқаны  құдай деп санайды ма? Алла һәм жаратушы, һәм барлық нәрсе Оның билігінде болып табылатын Билеуші.Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Соқыр таным мен қырсықтық адамның «жүрегінің көзін» көр етіп, оны соқыр сынды нұрдан мақұрым етеді.  2. Еш жаратылыс иесі өзіне келетін зияннан қорғану құдіретіне ие емес. Ондай болса ол оған табынатындай, құдай болуға лайық емес.