Жел 19, 2016 20:41 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 389-шы бөлім, 11-13 аяттар

«Рағыд» сүресінің 11 аяты:

" له معقبات من بین یدیه و من خلفه یحفظونه من امر الله انّ الله لا یغیّر ما بقوم حتّی يغيّروا ما بانفسهم و اذا اراد الله بقوم سوء فلا مردّ له و ما لهم من دونه من وال "

Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді. Сондай-ақ, егер Алла бір қауымға бейнет тілесе, сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ (11). 

«Алла Тағала сендердің анық және жасырын істеріңнен хабардар. Одан еш әрекет жасырын қалмайды» деген аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Алла сендердің әрқайсыңа әрдайым сендерді қорғап жүрсін деп, сендерді табиғи қауіп-қатерлер мен оқиғалардан сақтасын деп періште тағайындадый. Табиғат – Алланың жаратылысы. Ол жерде қандай құбылыс орын алса да ол Алланың қалауымен жүзеге асатын болғандықтан, Құран табиғи құбылыстарды Алланың әмірі деп атаған. Сол себепті періштелер бізді құбылыстардан қорғайды. Бұл іс біздің қалауымыз бен тілегіміздің аясынан тыс. Аяттың жалғасы былай дейді: «Айтқанымыз табиғи оқиғаларға қатысты, ол сендердің еріктерің бойынша емес. Бірақ адамдар, сендердің тағдырларың жеке түрде болсын, қоғамдық түрде болсын, өздеріңнің еріктеріңде. Алла оны періштелерге жүктейді деп күтпеңдер. Егер адамзат қоғамының жүйесінде өзгеріс орын алуы керек болса, бейбастақтықтан түзелуге қарай бет алу керек болса, сондай-ақ зұлымдық пен әділетсіздіктің орнын әділет басуы керек болса, Алланың мұғжизасын күтпеңдер. Орнаған жағдай өзгеру үшін өздерің әрекет етіп, талпыныс жасауларың керек». Аяттың жалғасы Алланың келесі бір сүннетіне тоқталып, былай дейді: «Егер өздерің мен қоғамның жағдайын өзгертуге талпыныс жасамасаңдар, сендерді көптеген зардап пен зиян қамтып, Алланың қаһары мен жазасы да келіп жетеді. Мұндай жағдайда онымен қарсыласуға немесе қашуға ешкімнің батылы да, шамасы да жетпейді.  Осы аяттан мынадай нәтижеге келеміз:1. Періштелердің бір тобы міндетті түрдегі ажалға қатысты емес жағдайларда табиғи қатерлерден қорғау үшін тағайындалған.2. Әрбір қоғамның тағдырын сол қоғамның халқы анықтайды. Түзу қоғам Алланың берекесіне кенеледі; бұзылған қоғам Алланың қаһарына душар болады. 

«Рағыд» сүресінің 12-13 аяттары:

" هو الذی يریکم البرق خوفا" و طمعا" و ينشئ السّحاب الثقال " ، " و یسبّح الرّعد بحمده و الملائکة من خیفته و یرسل الصواعق فيصیب بها من يشاء و هم یجادلون فی الله و هو شدید المحال "

Ол сондай Алла, сендерге қорқу және үміт түрінде нажағайды көрсетіп, жаңбыр толы ауыр бұлттарды пайда қылады (12). Көктің гүрілі дәріптеп, періштелер қорқып, Алланы пәктейді. Алла нажағайларды жіберіп, қалағанына тигізеді. Олар Алла жайында таласады. Негізінде, Алла орасан күшке ие (13).

Аспанда ойнайтын нажағай мен күннің күркіреуі сынды табиғи құбылыстар Пәруәрдігердің құдіретінің белгілері болып саналады. Бұл құбылыстар бір жағынан қорқыныш пен үрейге себеп болса, екінші жағынан жер тұрғындарына рақым жаңбыры жауу үшін негіз дайындайды. Табиғи құбылыс – күннің күркіреуі, Құран тұрғысынан Алланы кез-келген кемшілік пен міннен және шерктен пәк деп, Алланы мадақтаудың бір түрі болып табылады. Бұлттар мен жаңбырға жауапты періштелер де Алланың бұйрығына бағынбаудан қорқып, Оны мадақтайды. Бірақ ешнәрсе Оның қалауынсыз орындалмайды: нажағай да Оның рұқсатынсыз біреуге зиян келтірмейді. Олай болса мүшріктер мен кәпірлер неліктен Оның бар екендігіне күмән келтіріп, дауласады? Жер мен оның тұрғындарының өмірінің мәйегі осы үлкен құбылыстың орын алуында олардың ролі бар ма? Я болмаса, Аллаға серік қоса ма? Нажағай мен күннің күркіреуінің табиғи құбылыс екендігін айтқан жөн. Бірақ күннің күркіреуі кейбір жағдайларда Алланың жазасы мен азабы ретінде аталған. Құран самуд қауымы тұрғысында айтқандай: «Оларды күнді күркіретіп, найзағай ойнату арқылы азапқа душар еттік» дейді. Рауаяттарда ислам пайғамбарының күн күркіреген кезде сөзін тоқтатып, дұға тілейтіні айтылған. Анық Құран аяттары бойынша адам оның ақиқатын түсінбегенімен, Құранда әртүрлі түрде айтылған тіршілік иелерінің мадақтары мен жалбарынулары және табиғи құбылыстар да жаратылыс әлеміндегі түсінік пен ақылдың бар екендігінің көрсеткіштері болып табылады. Осы аяттардан мынадай қорытындыға келеміз:1.    Табиғи факторларды және олардың табиғаттағы ролін тану біздің Аллаға деген иманымызды арттыруы керек. Себебі табиғат пен ондағы үстем заңдар мен барлық мақұлықтар Алланың билігінде. 2. Жаратылыс әлемі Аллаға мадақ айту үстінде. Олай болса, адамның жаратылыс әлемінде басқалардан қалыс қалуы жарамайды.  2.    Барлық нәрсе Алланың қолында. Рақымның мәйегі нажағай мен күннің күркіреуі азап факторы да бола алады.