Жел 19, 2016 20:43 Asia/Almaty

Рағыд сүресі, 387-ші бөлім, 4-6 аяттар

«Рағыд» сүресінің 4 аяты:

" و في الارض قطع متجاورات و جنّات من اعناب و زرع و نخيل صنوان وغير صنوان يسقي بماء واحد و نفضّل بعضها علي بعض في الاکل انّ في ذلک لايات لقوم يعقلون "

Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндер және ашалы, ашасыз құрма ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерін бір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген ел үшін дәлелдер бар (4).

Өткен бағдарламада Құран Кәрім Алланың аспан мен жерді, таулар мен өзен-суларды жаратудағы құдіретіне тоқталды деп еске салған болатынбыз.  Осы аят жердің адамға көптеген жеміс-жидектерді әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер арқылы тарту ететіндігіне тоқталып: «Жеміс-жидектер мен өнімдердің әртүрлі болғанына қарамастан, Алла Тағала солардың барлығын бір сумен суғарады. Кейде бір бақта бір сумен суғарылып, бір топырақтан нәр алатын он түрлі ағаш өседі. Алайда осы ағаштар түрлі дәм мен түсі өзгеше өнімдер береді. Осы нәрселер Пәруәрдігердің құдіретінің белгілерінен басқа не болуы мүмкін?Осы аяттан үйренетініміз:1.    Бір жерде болу бірдей болудың дәлелі емес; жоғарылықтың өлшемі көбірек өнімділікте. Ағаштардың бір жерде өсуі олардың кемелдіктеріне себеп болмайтындай, данышпандар және ғұламалардың қасында болудың жалғыз өзі кемелдікке жетуге себеп бола алмайды. 2.    Әртүрлі нығметтерді ішіп-жеу және соларды пайдалану ашкөздік, бірақ ой адамы нығметтердің соңына түспейді. Олар пенделіктен алшақ.  

«Рағыд» сүресінің 5 аяты:

  " و ان تعجب فعجب قولهم ء اذا کنّا ترابا" ء انّا لفي خلق جديد اولئک الذين کفروا بربّهم و اولئک الاغلال في اعناقهم و اولئک اصحاب النّار هم فيها خالدون "

Мұхаммед Ғ.С.) егер таңғалсаң, олардың: “Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, - деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады (5).

Осы аят пайғамбарды жұбатып: «Сен мүшріктердің пайғамбарлығыңды қабылдамайтындықтарына таң қалма. Әйтсе де бұл мәселеге таңырқаудың жөні бар. Бірақ сені теріске шығарудан қызығырағы олардың сенің Құдайыңды теріске шығаратындықтары» деді. Олар: «Алла қалайша топыраққа айналған адамдарды қайтадан жаратып, оларды тірілтеді?» дейді. Сол кезде Алла Тағала сол теріске шығарулардың бастауына сілтеме жасап, былай деді: «Хақпен қарсыласу олардың Алланың қабылдамауларына себеп болды. Таухидке сенімі жоқ адам сөзсіз пайғамбарлық пен қияметті теріске шығарады».    Осы аяттан үйренетініміз:1.    Алланы теріске шығаратын адам нәпсі тілектеріне табынуға душар болады. Осы істер қияметте шынжыр болып олардың мойындарына байланады.2.     Қияметті теріске шығаратындар қандай ізгі іс істегендеріне қарамастан, олардың мақсаты дүние. Алла осы дүниеде олардың сыйын береді, бірақ қияметте оның ешқандай пайдасы болмайды. Ондай болса, ол тозаққа түседі.

«Рағыд «сүресінің 6 аяты:

" و يستعجلونك بالسّيّئة قبل الحسنة و قد خلت من قبلهم المثلات و انّ ربّک لذو مغفرة للنّاس علي ظلمهم و انّ ربّک لشديد العقاب . "

(Мұхаммед Ғ.С. әжуа түрінде) олар сенен жақсылықтан бұрын жедел жамандық тілейді. Расында бұлардан бұрын ғибрат аларлық мысалдар өткен болатын. Шәксіз Раббың адам баласының зұлымдықтарына қарсы жарылқау күшіне ие. Сондай-ақ Раббыңның азабы да қатты (6).

Пайғамбар насихат әдісі бойынша халыққа былай деп ескертті: «Егер Алланың әміріне бағынбасаңдар, ақыретте ғана емес, сонымен қатар осы дүниеде де азапқа душар боласыңдар». Бірақ қырсық та қыңыр кәпірлер: «Біз сен уәде ететін пейіштен ештеңе қаламаймыз. Егер рас айтып тұрсаң, сол азаптарды түсір» деді. Сол себепті осы аят былай дейді: «Олар азаптың түсірілуін асықтырды». Алла Тағала оларға берген жауапта былай деді: «Осы дүниеде қандай қатты жазалар олардың көздерін жойған сендерден бұрынғы қауымдарға қараңдар. Солардан ғибрат алып, Алланың өздеріңе қатысты азабын бастан өткеруді сұрамаңдар» деді. Алла рақым мен кешірім иесі болғанымен сендер Алланың рақымына ие болып, азаптың орнына илаһи мейірім мен кешірімге бөлену үшін өздеріңнің өткендеріңнен бас тартып, иманды адам болыңдар. Осы аяттан үйренетініміз:1.Алдыңғы қауымдардың тарихындағы Алланың қаһарына қарап, ғибрат алыңдар. Солай бола тұра, өздеріңе қатысты илаһи мейірімді де бастан өткеріңдер. 2. Алланың сүннеті мұрсат пен мүмкіндік беруде. Тәубеге келудің жолы үнемі ашық.3. Илаһи мейірім мен рақым оның жазасы мен қаһарының алдында тұрады.