Рағыд сүресі, 388-ші бөлім, 7-10 аяттар
Рағыд сүресі, 388-ші бөлім, 7-10 аяттар
«Рағыд» сүресінің 7 аяты:
« و یقول الذین کفروا لولا انزل علیه آیة من ربّه انّما انت منذر و لکلّ قوم هاد »
Сондай қарсы болғандар: “Оған Раббыңнан бір мұғжиза неге келмейді?”дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар (7).
Қырсықтық пен қыңырлықтарына байланысты хазірет Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдамаған адамдар сылтау іздеді. Олар: «Мына пайғамбар неліктен хазірет Мұса мен Иса сынды мұғжизалар әкелмейді? Неліктен біздің сұрағанымызды орындамайды?» десті. Біріншіден, әр пайғамбардың мұғжизасы өзінің қауымының мәдени және әлеуметтік жағдайларына сай болады. Мысырда сиқыршылық пен жәдігөйлік кең таралған кезде хазірет Мұсаның мұғжизалары сиқыршылардың істеріне ұқсас болды. Сондықтан перғауын оны үлкен сиқыршы деп атады. Дәрігерлік пен тәуіптік кең таралған заманда хазірет Исаның мұғжизасы – «дауасыз», «ем қонбайды» деген деген ауруларды жазып, өлгендерді тірілтуі болды. Исламның пайғамбары да пайғамбарлыққа жеткен кезде арабтардың арасында поэзия мен ақындық ең жоғары өнер деп саналды. Сондықтан оның мұғжизасы шешендікте теңдесі жоқ сөз өнерінен болды. Алайда хақты тануды ойламаған сылтау іздеушілер ардақты пайғамбардан басқа істерді талап етті. Тарихтың тәжірибесі, тіпті олардың қалаған нәрселерін пайғамбарлар орындағандарымен, кәпірлердің басқа сылтау тапқандығын көрсетті. Ия, ұйқыдағы адам бір қозғаудан оянады. Бірақ өзін ұйқыда етіп көрсеткісі келген адамды қалай қатты қозғаса да ол орнынан қозғалмайды. Осы аяттан үйренетінімііз: 1. Пайғамбарлардың ісі – сылтау іздеушілердің талаптары мен тілектерін орындау емес, халыққа жетекшілік етіп, насихат айту;2.Пайғамбарлық аяқталып, енді басқа пайғамбардың келмесе де Алла әр қауымның арасына халықты хақ жолына бастайтын ғалымдар мен жетекшілер жіберді;
«Рағыд» сүресінің 8 аяты:
« الله یعلم ما تحمل کلّ انثی و ما تغیض الارحام و ماتزداد و کلّ شئ عنده بمقدار »
Алла (Т.) әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын (нені туып нені қойғанын) біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі (8).
Осы аят пен келесі аяттар Алланың әлемнің барлық істеріне: сыртқы және ішкі істерге қатысты кең ғылымын баяндап, оның маңызды бір дәлеліне, яғни аналардың жатырындағы ұрықтың дамуына тоқталады. Ана өзінің перзенті туралы әлі ештеңені білмеген кезде Алла Тағала оның барлық қажеттілігін біледі. Оның өсіп-дамуының барлық кезеңдерін: ұрықтың жатырға еніп, оның жатырға бітуін біледі. Перзент дүниеге келер кезде барлық қажеттілігі орындалуы үшін, бірнеше айда илаһи барлық ғылым мен құдірет орындалады. Ана осы істердің жүзеге асуына жауапты. Аяттың жалғасы мына бір маңызды принципке тоқталады: Алла Тағаланың жүктілік пен босану кезеңі үшін ережелер мен заңдары бар. Бұл бір есеп-қисапсыз іс емес. Жүктіліктің үзілуі, кемтарлық немесе егіз, сәбидің дүниеге дені сау болып келуі осылардың барлығы Алланың осы дүниедегі анықталған және өзгермейтін басқаруы негізінде іске асады. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Алланың ғылымы тек жалпыға ғана емес, сонымен қатар әлем істерінің барлық егжей-тегжейін де қамтиды. Ол жатырдағы бір ұрықтың барлық ісінен хабардар. 2. Жүктілік кезінде сәбидің денінің саулығы мен кемістігінде ана роль атқарады. Сол себепті діни рауаяттардың көбісі аналардан жүктілік кезінде өздерінің жағдайлары мен әрекеттеріне және сөздеріне ерекше көңіл аударуға кеңес береді.
«Рағыд» сүресінің 9-10 аяттары:
« عالم الغیب و الشهادة الکبیر المتعال » ، « سواء منکم من اسرّ القول و من جهر به و من هو مستخف باللیل و سارب بالنّهار »
(Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары (9). Сендерден кім сөзді жасырса да, жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей (10).
Аллла Тағаланың аналардың жатырындағы нәрестелерге қатысты ғылымы туралы айтқан алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар илаһи кең ілімнің басқа да дәлелдерін келтіріп, былай дейді: «Сезім дүниесінен түсінетіңдеріңіз бен сіздердің «бес сезімдеріңізбен» түсінуге келмейтін нәрселер бар. Солардың барлығын Алла Тағала біледі. Ол өткенде болсын, болашақтағы болсын, ғайыптан абсолютті түрде хабардар. Негізінен, ғайып пен анықтық өзінің сезімімен түсінетін нәрсені «анық» деп, сезімімен түйсіне алмаған нәрсені «ғайып» іс деп санайтын адамға қатысты. Бірақ барлық нәрсенің Жаратушысы Алла үшін «ғайып» деген ұғым жоқ. Ол үшін барлық нәрсе анық әрі айқын. Ақиқат мынада: егер адамның иманы болса, ол Алланың барлық нәрсені, барлық істерді көріп, жасырын, құпия сөздерді еститіндігін білетіндіктен күнә жасамайтындығы, қылығы мен сөзін бақылайтындығы. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алла барлық істе кемел және ұлық; барлық кемшіліктен ада, пәк. 2. Алланың барлық жаратылыс пен олардың істеріне қатысты ғылымы бірдей. Ол мекен мен уақытқа және жағдайға бағынбайды.