Рағыд сүресі, 386-шы бөлім, 1-3 аяттар
Рағыд сүресі, 386-шы бөлім, 1-3 аяттар
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. «Юсып» сүресінің аяқталуымен бүгін сіздермен бірге Меккеде түскен, 43 аяттан тұратын «Рағыд» сүресін бастаймыз. Осы қысқа сүреде аспандар мен жердің жаратылысы, ай мен күннің іске қосылуы, өсімдіктер мен ағаштардың жаратылысы, аспандар мен жердегі тіршілік иелерінің жалбарыну мен Аллаға иман келтіру арқылы тыныштыққа жетуі айтылған.
«Рағыд» сүресінің 1-ші аяты:
" بسم الله الرحمن الرحیم . المر تلک آیات الکتاب والذی انزل الیک من ربّک الحقّ و لکنّ اکثر الناس لا يؤمنون "
Ұғымын Алла біледі. Бұл Құранның аяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді (1).
Бұл сүре де Құранның басқа 28 сүресі сияқты Құранның құпиясы болып табылатын «жеке әріптерден» басталып тұр. Бірақ осы әріптерден кейін әдетте Құранның атауы мен оның түсуі келетіндігіне көңіл аудара, Алла былай деп айтқысы келеді деп пайымдауға болады: «Мен түсірген Құран мәңгілік мұғжиза болғанымен, осы аспадық кітап араб тілі әліпбиінің осы әріптерімен жазылған. Егер сендердің де қолдарыңнан келсе, осы әріптерді пайдаланып, Құран сынды кітап әкеліңдер». Аяттың жалғасы пайғамбар мен мүміндерді жұбатып: «Егер адамдардың көбісі Құран мен оның аспандық ағартушылығын қабылдамаса, оның шынайылығына күмән келтірмеңдер. Себебі хақпен қырсықтық халықтың бір тобының Құранды қабылдауға дайын болмауына себеп болды. Бұл осы аспандық кітаптың міні мен кемшілігі бар дегенге дәлел емес» деді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Бір идеологияны қабылдау немесе қабылдамаудың критериі адамдардың көптігінде емес, оның шынайылығында. Адамдардың көбінің хақ істі әртүрлі себептерге байланысты қабылдаудан бас тартатындығы жиі кездеседі. 2.Мүміндер адамдардың барлығының иманды болмайтындығын біліп, қабылдаулары керек әрі олардың қарсылықтарына дайын болулары керек.
«Рағыд» сүресінің 2 аяты:
" الله الذی رفع السّموات بغیر عمد ترونها ثمّ استوی علی العرش و سخّرالشّمس والقمر کلّ یجری لاجل مسمّی يدبّر الامر یفصل االآیات لعلّکم بلقاء ربّکم توقنون "
Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Соң соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар (2).
Біріншіден, миллиондаған планетаның шетсіз-шексіз аспанда асылған, ілінген күйде орналасуы, бірақ әрқайсының нақты осьте қозғалып, бір-бірімен соғылысып қалмайтындығы. Оларды аспанда көзге көрінбейтін бағана, тіректер ұстап тұрғандай; олардың бағыттарын көзге көрінбейтін жол анықтап тұрғандай. Бұл Алланың мәңгілік құдіретінен басқаша мүмкін емес. Екінші мәселе, ол жаратылыстың Алланың құдіреті мен билігінде екендігі және әрдайым Алланың даналығымен басқарылатындығы. Алла Тағала мақұлықтарды жаратып, оларды өз еркімен қоя берген жоқ. Алла тағала сағат жасап, оның құлағын бұрап, сатып алушыға сатып, оның жағдайынан бейхабар қалатын сағат жасаушы сияқты емес. Ол Жаратушы әрі Ақылгөй. Осы аяттан мынаны үйренеміз:1. Жаратылыстың барлығы қозғалыс үстінде. Осы қозғалыстың басталуы мен жалғасуы Алланың қолында. 2. Жаратылыс әлемінің мақсаты бар: оның мақсаты қиямет пен ақырет әлемінің жүйесін орнату.
«Рағыд» сүресінің 3-ші аяты:
" و هوالذی مدّ الارض و جعل فیها رواسی و انهارا و من کلّ الثّمرات جعل فیها زوجین اثنين یغشی اللیل النهار انّ فی ذلک لایات لقوم یتفکّرون "
Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізге жабады. Шынында бұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар (3).
Аспандардың жаратылуы туралы болған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят жердің жаратылуы мен құрлықтардың төселуін, таулардың бой көтеріп, өзендердің ағыстарын және тағы басқа құбылыстарға тоқталып, былай дейді: «Ол түн мен күнді бірінің соңынан бірі келетіндей етіп, сендерге талпыныс пен тыныштықтың негізі дайындалу үшін жаратты. Бұлардың барлығы – өсімдіктер мен ағаштардың өсуі, жеміс-жидектің пісіп-жетіліп, көптеген өнімдердің әзірленуі үшін негіз болуы сендердің игіліктерің үшін. Олай болса, осы тұрғысында аздап ойлану адамның Пәруәрдігердің құдіреті мен ұлылығын түсініп, оның алдында мойынсұнушылық танытуына себеп болады. Осы аят назар аудартқан қызықты жәйт, ол 1400 жыл бұрын кейбір өсімдіктердің жұптылығының дәлелденгені. Адам ол жайынан жалпы бір іс ретінде хабардар болмаған еді. Алайда бүгінде ғалымдар жұптылық жүйесінің жануарлармен қатар өсімдіктерде де жалпы қағидат екендігін дәлелдеді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Су мен топырақ – жер бетіндегі барлық тіршіліктің бастауы. Алла осы екеуін жаратып, осы екеуіне өсімдіктер мен жан-жануарлардың, адамдардың өсуінің негізін қалады. 2. Табиғат әлемі – қапылдық үйі емес, сабақ сыныбы.