Юсып сүресі, 385-ші бөлім, 110-111 аяттар
Юсып сүресі, 385-ші бөлім, 110-111 аяттар
«Юсып» сүресінің 110-шы аяты:Хатте пайғамбарлар күдер үзіп, олар шын мәнінде жасынға шығарылдық деп ойлаған кезде өздеріне жәрдеміміз келген еді.Сонда қалағанымыз құтқарылды. Сондай-ақ бейнетіміз күнәһар қауымнан қайтарылмайды (110).Алдыңғы бағдарламада «Алла халыққа жетекшілік ету үшін адамзат балаларының таңдаулыларына олар халықты хикмет пен көрегенділік негізі бойынша хақ жолына шақырсын деп уәхи етті, бірақ адамдардың көбісі олардың сөздерін қабылдамай, пайғамбарларды теріске шығарды» деп айтқан болатынбыз. Осы аят былай дейді: «Алайда пайғамбарлар өздерінің жолдарында тұрақты әрі табанды болып, адамдардың дінді қабылдауларынан үміттерін үзгенше халыққа жол нұсқаудан қол үзбеді. Кәпірлер табалап: «Егер сендердің уәделерің хақ болғанда азап түскен болар еді. Біз, қарсыластар Алланың азабына душар болған болар едік» десті. Іс кәпірлер ешбір жол арқылы хақты қабылдамайтын жағдайға жеткен кезде Алла Тағала пайғамбарлар мен олардың серіктерін құтқарып, кәпірлер азапқа ұшырады» дейді. Хазірет Нұх пен қауымының оқиғасында Алланың осы үлкен пайғамбарының ұзақ жылдар бойы халықты Алланың жолына шақырғанына қарамастан, оған азғана адамнан басқа ешкім иман келтірмеді. Сол себепті жерді топан су басып, иманды адамдардан басқаның барлығы опат болды. Осы аяттан үйренетіміз:1. Кәпірлерге мұрсат беру және олардың азаптарын кешіктіру илаһи сүннеттерге жатады.2. Алланың жазасы тек қияметке ғана қатысты емес. Осы дүниеде де кейде Алланың қаһары түседі. 3. Мүміндер де Алланың рақымынан үмітсіз қалмайды, кәпірлердің де өздерінің болашақтарына үміттері болмайды.
«Юсып» сүресінің 111 аяты:
" لقد کان فی قصصهم عبرة لاولی الالباب ما کان حديثا یفتری و لکن تصدیق الّذی بین یدیه و تفصیل کل شئ و هدی و رحمة لقوم یؤمنون "
Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрынғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік. (111).
«Юсып» сүресінің соңында келген осы аят мына бір маңызды жәйтке тоқталады: «Құранның хикаялары, соның ішінде хазірет Юсып пен ағаларының хикаясы Құранда ғибрат пен насихат ретінде жазылған. Құран тарих кітабы я болмаса повесть не роман емес. Әлбетте ақыл иелері ғана одан ғибрат алады. Осы хикая мен оқиғаларды оқып, естіп, ешқандай көңіл аудармастан кете баратын адамдар қаншама?! Аяттың жалғасы былай дейді: «Ақыл иелері осы аспандық кітаптың аяттары туралы ойланып, Құранның ойдан шығарылмағанын және бір адамның құрастырғаны, емес керісінше бұрынғы аспандық кітаптармен үйлесімді солармен бірге Алланың сөзі екендігін жақсы түсінеді. Құранда баяндалған көптеген ақиқаттар адамдар үшін өмірдің барлық істерінің жолнұсқауы. Құранда отбасы істері, экономика, саясат, өнер және мәдениет пен басқа да істер көзге түседі. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Құранның хикаялары бір жазушының қиялының жемісі емес, шынайы оқиғаларды баяндайды, ғибратқа толы.2. Егер ақыл иелері Құран туралы ойланса, Алланың жетекшілігі мен рақымына ие болады. Себебі оның ақиқаттарына иман келтіреді.3. Хазірет Юсып барлық қастандықтар мен айла-шарғыларға қарамастан, бедел мен биліктің шыңына жетті. 4. Ол хазіреттің хикаясы адамдар үшін ең жақсы ғибрат.