Юсып сүресі, 384-ші бөлім, 107-109 аяттар
Юсып сүресі, 384-ші бөлім, 107-109 аяттар
«Юсып» сүресінің 107-ші аяты:
" افامنوا ان تاتیهم غاشیة من عذاب الله او تاتیهم الساعة بغتة وهم لایشعرون
Ал олар Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма? (107).
Өткен бағдарламада Алла Тағаланың пайғамбарын «Егер жұрт саған иман келтірмесе, қайғырма. Себебі олар әлемнің Жаратушысы болып табылатын Маған иман келтірмейді. Оның үстіне иман келтірген көптеген адамдардың да имандары шеркпен араласқан. Нағыз тақуа, мүмін адам сирек кездеседі» деп жұбатқанын айтқан болатынбыз. Осы аятта былай дейді: «Алла мен қиямет күніне имандары жоқ адамдарға Алланың азабының осы дүниеде де түсетіндігін немесе ажалдың тұтқиылдан келіп жететіндігін, олардың қияметке құрқол, сөйте тұра нәтижесінде тозақпен жазаланатын үлкен күнәмен келетіндіктерін ескерт». Осы аяттан үйренетінімз:1.Имансыз адам ең жақсы қауіпсіздік жағдайына ие болса да, Алла тарапынан қауіпсіз емес.2.Қиямет пен Алланың жазасын есте ұстау адамды тәрбиелеу мен күнәлардан алыс болу үшін ең жақсы фактор.
«Юсып» сүресінің 108 аяты:
" قل هذه سبيلی ادعوا الی الله علی بصیرة انا و من اتبعنی و سبحان الله و ما انا من المشرکین "
Мұхаммед Ғ.С.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан емеспін” де (108).
Осы аятта Алла Тағала халықты хақ пен хақиқат жаққа шақырудың әдісін былай баяндайды: «Иман мағрифат пен хабардарлық негізінде болуы керек. Алланы танып, Оған иман келтіру керек. Алланың уәхи сөзі Құранды да танып, оған иман келтіруі керек». Исламның пайғамбары дінді осы әдіспен уағыздады. Сол себепті оның уағыздарының арқасында иман келтірген адамдар ақтық демдері таусылғанша дінге берік болып, тіпті дін жолында өздерінің жандарын да құрбан етті. Еш күмәнсіз, иманның әлсіреуіне себеп болатын нәрсе ой пен әрекеттегі шерк. Кейбір адамдар соған шалдыққан, бірақ олардың жетекшісі пайғамбар болып табылатын дінге шақырушылар қандай да болмасын шерктен алыс болып, дін жолында адал күш салулары керек. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Діни уағыздаушылар халықтың мағрифат және хабардарлық деңгейін көтеру жолында талпыныс жасаулары керек. 2. Дінді уағыздау және басқаларды шақыруды мақсат ететін адамдардың өздері шерктен алыс болып, адамдарға шерктің қатерін ескертулері тиіс.
«Юсып» сүресінің 109 аяты:
" و ما ارسلنا من قبلک الا رجالا" نوحی اليهم من اهل القری افلم یسیروا فی الارض فینظروا کیف کان عاقبة الذین من قبلهم و لدار آلاخرة خیر للذين اتقوا افلا تعقلون
Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уақи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы, түсінбейсіңдер ме? (109).
Қарсыластардың ислам пайғамбарларына таққан міндерінің бірі мынадай болды. Олар: «Егер Алла пайғамбар жібергісі келсе, біздің өзіміз сынды, бізден ешқандай артықшылығы жоқ адамдардың бірін емес, періштелерінің бірін жіберген болар еді». Осы аят оларға жауап беріп былай дейді: «Олар бұрынғы пайғамбарлардың тарихын естімеген бе, оқымаған ба? Олардың барлығы аспан періштелері емес, адамзат ұрпағынан шыққан жер шарының тұрғындары болған. Уа, пайғамбар! Олардың саған тағып отырған міндері теріске шығару мен қырсықтық қана. Олар тіпті періште түссе де хақты қабылдауға әзір емес» деді. Аяттың жалғасы тақуалар мен күнәһарлардың іс-амалдарының нәтижесін баяндайды. Жақсылар мен түзу адамдар осы дүниеде қиындық көргендерімен, Алла қияметте сол қиындықтардың орнын толтырып, олар жағымды да тамаша өмірге ие болады. Бірақ күнаһарлар осы дүниеде де қиындықтарға душар болып, жазаланады. Осы екі топтың арасынан дұрыс жолды бұрыс жолдан ажырату үшін олардың істерінің осы дүние мен ақыреттегі соңын салыстыру керек. Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлар адамзат ұрпағынан болды. Олар халықтың арасында өмір сүрді. Бірақ олар барлық адам баласына үлгі болу үшін барлық жамандық пен күнәлардан алыс болды. 2.Жер шарын аралап, саяхаттау және өткен халықтардың тарихынан хабардар болу әрі олардан сабақ алу адамға жол нұсқау мен оны тәрбиелеуге ұйытқы болады.3. Пайғамбарлардың жолы мен олардың заңдылығын және идеологиясын тану жолында адамға ақыл мен ой көмектеседі. 4. Ой мен ақылды іске қосу пайғамбарлардың миссиясының мақсаттарының бірі болған.