Юсып сүресі, 382-ші бөлім, 100-101 аяттар
Юсып сүресі, 382-ші бөлім, 100-101 аяттар
«Юсып» сүресінің 100 аяты:
" و رفع ابویه علی العرش و خرّوا له سجّدا و قال یا ابت هذا تأویل رؤیای من قبل قد جعلها ربّی حقا و قد احسن بی اذ اخرجنی من السّجن و جاء بکم من البدو من بعد ان نزغ الشّیطان بینی و بین اخوتی انّ ربّی لطیف لما یشاء انّه هو العلیم الحكیم
Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждеге жығылды. (Юсып Ғ.С.): “Әй, әкетайым! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы. Рас оны Раббым хақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілік етті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі” (100).
Алдыңғы бағдарламада хазірет Юсыптың әке-шешесі мен ағаларын қарсы алу үшін қаланың сыртына шығып, келген кезде оларды құшағына алып, қош келдіңдер дегенін айтқан болатынбыз. Осы аят Юсыптың әкесі мен шешесіне сарайдың ішінде қандай қатынас көрсеткенін баяндайды: ол ата-анасын өзінің орнына таққа отырғызып, құрмет көрсетіп, сыйлады. Құран былай дейді: Юсыптың әкесі мен шешесі және ағалары Юсыппен табысқандары үшін шүкір сәждесіне жығылып, Аллаға һәм Юсыптың тірі екендігі үшін, һәм үлкен дәрежеге жеткені үшін алғыс айтты. Олар шүкір сәждесіне жығылған кезде Юсып олардың қарсы алдарында тұрды. Сәждеден тұрған кезде әкесіне: «Болған жағдай менің жасөспірім кезімде көрген сол түсімнің жоруы болды: күн мен ай және он бір жұлдыз менің қарсы алдымда сәждеге жығылған болатын. Әкем мен шешем күн мен айдай, ал он бір ағам он бір жұлдыздай мен үшін сәждеге жығылды» деді. Келесі әңгімелерде хазірет Юсып өзінің Мысырдың зынданынан бостандыққа шығу оқиғасына тоқталып, әкесі мен шешесіне және ағаларына басынан өткен оқиғаларды айтып беріп, болған оқиғаның барлығын Алланың мейірімі деп атады. Бірақ Юсыптың жәуәнмәрттігі мен үлкендігі ағаларының оны құдыққа тастағандары мен оның керуен арқылы құл ретінде сатылып кеткендігін айтуға рұқсат бермеді. Ағалары ұят сезімін бастарынан өткермес үшін олардың қылықтарының негізгі себебін, араларына от тастап, қызғаныш тудырып, осындай ұят іске ұрынуларына себепкер болған шайтан дейді. Осы аяттан үйренетінміз:1. Қандай мансап пен лауазымға ие болсақ та, ата-анаға құрмет көрсету біздің міндетіміз. Біз оларға ең жақсы түрде құрмет көрсетуіміз керек. 2. Адам жігер мен ерікке ие болғанына қарамастан, барлық жақсылықтардың бастауы – Алла, ал барлық зұлымдықтардың себебі – шайтан. Бізге жамандық жасаған адамдармен қатынаста кек қайтарып, өш алатын адам болмай, мәрттік танытып, кешірімді болайық.
«Юсып» сүресінің 101 аяты:
" ربّ قد آتيتني من الملک و علّمتنی من تأویل الاحادیث فاطرالسّموات والارض انت وليّی فی الدنیا و آلاخرة توفنی مسلما و الحقنی بالصّالحین“
Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы! Сен дүние мен ахиретте иемсің. Мені бойсұнған күйде өлтіріп, игілерге қос!” (101).
Құранда Мысырдағы екі адамның билігі туралы жазылған: бірі билікті өзіне тиесілі деп санап, халықты өзінің мәмлүктері әрі тұтқыны санаған перғауын; келесі адам билікті Аллаға тиесілі деп біліп: «Уа, Алла барлығы саған тиесілі. Ғылым мен билікке қол жетсізсем, сенің арқаңда жеткіздім. Бұл дүниеде ғана емес, ақыретте де Саған мұқтажбын. Сені өзімнің жетекшім деп санаймын. Өлім алдында бойсұнушы және риза күйде жан тапсыруға, пәк адамдармен бірге болуға үміттенемін» деген Юсып хазірет. Дұға мен мінәжат түрінде баяндалған осы сөйлемдер хазірет Юсыптың Аллаға деген терең иманы мен барлық жағдайдағы Оған деген тәуекелінің көрсеткіші. Юсып биліктің ең шыңына жеткен кезде ата-анасы мен ағаларының қасында және барлық қиындықтар шешілген кезде Алланы ұмытпай, Алладан басқа ешкімді еске алмады. Бәрінен маңыздысы, биліктің шыңында қияметті ұмытпай, өмірінің соңына дейін иманының сақталып, мүмін болып өлуі үшін дұға тіледі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Әрдайым осы дүниедегі өзіңнің соңың туралы алаңдауың керек. Дін мен иманды сақтау үшін Алладан жәрдем тілеу керек. 2. Егер Алла адамды қатерлерден сақтамаса, билік пен күш бүлік пен жемқорлыққа жол ашып, адамды иманнан алыстатады. 3. Адамдарға билік ететін басшы Алланың жоғарыда екендігін, Оның осы дүние мен ақыретте оларға билік ететіндігін білуі тиіс.