Юсып сүресі, 381-ші бөлім, 96-99 аяттар
Юсып сүресі, 381-ші бөлім, 96-99 аяттар
«Юсып» сүресінің 96 аяты:
" فلمّا ان جاء البشير القاه علي وجهه فارتد بصيرا قال الم اقل لکم اني اعلم من الله ما لا تعلمون"
Шүйіншіші келген сәтте жейдені Яғқұп (Ғ.С.) тың бетіне қоя сала көзі көруге айналды: “Сендерге Алла тарапынан сендер білмейтін нәрсені білемін демеп пе едім?” деді. (96)
Өткен бағдарламада хазірет Юсыптың өзінің жейдесін ағаларына беріп: «Көзіне шипа болуы үшін мынаны әкеме апарып беріңдер» дегенін айтқан болатынбыз. Осы аят былай дейді: «Юсыптың жейдесін әкеліп, әкесінің бетін қойған кезде оның айтқаны келіп, Йағұбтың көзі көріп кетеді». Дәл сол уақытта хазірет Йағұб күнәһар ұлдарына былай дейді: «Осы жылдар бойы әркез Юсып жайлы айтқан кезде мені айыптап: «Есіңнен алжасқансың. Қасқырдың жемі болған адам қайтып келеді деп үміттенесің» деген едіңдер. Бірақ сендер менің Алла тарапынан сендер білмейтін нәрселерді білетінімді, хабардар екенімді білмейсіңдер. Сонымен бірге менің Алланың мейірімінен үмітім болды, ал сендер үміт етпедіңдер» деді. Сол ағайындылардың бір кезде Юсыптың қанға былғанған жейдесін әкесіне алып келіп, өтірік көз жастарын төккендері қызық. Бүгін тағы солар Юсыптың жейдесін әкелеріне әкеліп, оның тірі екендігіне сүйінші сұрап тұр. Олар Юсыптың тірі екендігін ғана емес, сонымен қатар оның Мысыр елінде үлкен билікке жеткендігін де хабарлап отыр. Осы аяттан үйренетініміз:2. Жаман перзент әкелерінің рухани және физикалық қиындықтарына, ал жақсы перзент әкелерінің көзінің жарық көруіне себеп болады. Пайғамбарлардың маңызды ерекшелігі – олардың Алланың уәделері мен Оның мейірімі мен рақымына деген сенімге ие болулары.
«Юсып» сүресінің 97-98 аяттары:
" قالوا يا ابانا استغفرلنا ذنوبنا انا کنا خاطئين " ، " قال سوف استغفر لکم ربي انه هو الغفور الرحيم "
Ұлдары: “Әй, әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында біз қателескен едік” деді. (97) Яғқұп (Ғ.С.): “Сендер үшін Раббымнан жарылқау тілеймін. Өйткені, Ол аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді (98).
Әкесінің қасына оралған соң өз істеріне өкінген ағайындылар Алланың пайғамбары болған әкелерінен Алладан оларды кешіруі үшін жарылқау тілеуін сұрайды. Хазірет Йағұб та олардың тілектерін орындауға, ыңғайлы уақытта олардың кешірілуін сұрауға уәде береді. Рауаяттарда хазірет Йағұбтың «ыңғайлы уақыт» дегені дұға тілеу мен жарылқау сұрайтын, Алла тарапынан оның қабылдану негізі дайындалатын уақыт жұманың кеші болатын. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алладан кешірім сұрау үшін Алланың пайғамбарларына жүгіну жағымды іс.2. Аяғын жаза басқан адам қателігін мойындаған кезде оны айыптамайық. Керісінше оны кешіріп, басқалардан оның кешірілуін сұрайық. 3. Күнәһарларды Алланың кешірімінен үміттендірейік.
«Юсып» сүресінің 99 аяты:
" فلما دخلوا علي يوسف اوی اليه ابويه و قال ادخلوا مصر ان شاء الله آمنين
Олар Юсып (Ғ.С.) тың қасына барғанда әке-шешесін өз қасына алды да: “Алланың қалауы бойынша Мысырға бейбіт түрде кіріңдер” деді (99).
Юсыптан жырақта болған көп жылдардан соң хазірет Йағұбтың зайыбы және перзенттерімен Мысырға енген кезде екі жақтың қандай қуаныш пен шаттықа бөленетіндігі түсінікті жағдай. Юсып өзінің туыстарын үлкен абырой және құрметпен қарсы алып, қалаға енгізу үшін қаланың сыртында әкесімен жүздесуді тағатсыздана күтті. Әке мен баланың кездесу сәті сөзбен айтып жеткізгісіз болды. Құран «Юсып өзінің туыстарын күтіп алуға барып, оларды құрметпен қалаға алып келді» деп, күтіп алу рәсімінің негізгісіне ғана тоқталды. Осы аяттан үйрентініміз:1.Мансап пен лауазымның бізді ата-анамызға қатысты құрметтен қапыл қалдырудан абай болайық.2.Түзу биліктің белгісі ол қоғамның барлық қырында қауіпсіздіктің орнауы. Юсып сынды адамдар билік еткен кезде қауіпсіздік орнайды.3.Өздеріңнің кәмілдіктеріңді айтқан кезде ешқашан Алланың мейірімін естен шығармаңдар. Хазірет Юсып: «Алланың мейірімімен Мысырда қауіпсіздік орнаған» деді.