Юсып сүресі, 380-ші бөлім, 93-95 аяттар
Юсып сүресі, 380-ші бөлім, 93-95 аяттар
«Юсып» сүресінің 93 аяты:
" اذهبوا بقميصي هذا فالقوه علي وجه ابي يات بصيرا و اتوني باهلکم اجمعين "
“Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне қойыңдар; көзі көруге келеді. Біртұтас үй-іштеріңмен маған келіңдер” деді (93).
Өткен бағдарламада ақырында ағаларының Юсыпты танып, оған жасаған ұят қылықтарына байланысты ұялыс тауып, өкінгендіктерін айттық. Алайда Юсыптың мәрттігі мен кеңдігі өзіне жапа шектірген ағаларын жазалауды қалаудан жоғары болды. Юсып оларды мейіріммен құшағына алып: «Алла Тағаланың да сендердің қателіктеріңді кешіруі үшін дұға етемін» деді. Юсып пен ағаларының қарым-қатынастары жақсарып, риясыз жағдайға жеткен кезде олар осы ұзақ мерзімде өздері мен әкелерінің бастарынан өткенді Юсыпқа айтып беріп, әкелері Йағұбтың Юсыптан көз жазып қалғанда көзі ағарып, көруден қалғанын айтады. Сондықтан хазірет Юсып оларға өзінің жейдесін беріп: «Мына жейдені әкеме алып барыңдар да көзі қайта көруі үшін оның көз алдына қойыңдар» дейді. Хазірет Юсыптың хикаясында оның жейдесінің әртүрлі роль атқарғаны қызық жағдай. Ағалары әкелеріне оны қасқырдың жеп кеткендігін дәлелдеу үшін жейдесін қанға малып, әкелген болатын. Келесі жолы Зылиха «Юсыптың «жаман ойы болды»» деп уәж айтқан кезде артқы жағынан жыртылған жейдесі оның кінәсіз екендігін дәлеледі. Бүгін тағы да Юсыптың жейдесі әкесінің көзінің көруіне себеп болады. Йағұб өзі пайғамбар әрі дұғалары қабыл болатын адам бола тұра, Алла оның перзентінің жейдесін оның көзінің шипа табуына себеп етті. Бұл Алланың пайғамбарлары мен пәк және түзу адамдардың болмыстарының ғана жақсылық пен берекенің ұйытқысы емес, сонымен қатар киімдерінің де қасиетке ие екендігін көрсетеді. Бұл жерде киімнің заты, түсі мен пішіні маңызды емес. Маңыздысы, сол заттың Алланың пайғамбарларының бірінің қасында болғандығы. Осы аяттан үйренетініміз.1.Алланың пайғамбарларына қатысты заттардан қасиет іздеуге рұқсат етіледі. Тіпті олар дерт пен аурулардың жазылуына себеп болады.2.Қайғылы естелікке ие адамдар үшін кеңістік пен мекенді өзгерту әсерлі болады. Юсып өзінің отбасын Мысырға шақыру арқылы олардың жағдайын өзгертуге негіз дайындады.
«Юсып» сүресінің 94-95 аяттары:
Керуен Мысырдан айрылып шыққан кезде, олардың әкесі (Яғқұп Ғ.С.): “Егер алжыды демесеңдер, шын мәнінде мен Юсыптың иісін алып отырмын” деді. (94) Ел: “Аллаға ант етеміз. Әрине сен бұрынғы жаңсақтықтасың” деді. (95)
" و لمّا فصلت العير قال ابوهم انّي لاجد ريح يوسف لولا ان تفندون " ، " قالوا تالله انّک لفي ضلالك القديم "
Бірақ осы әке мен ұл – Йағұб пен Юсып арасындағы рухани байланыстың күштілігі сондай, Юсыптың жейдесі жіберілген керуен Мысырдан жолға шыққанда Кенан мен Шамдағы хазірет Йағұб ұлының иісін сезді. Отбасының ешқайсының оның сөздерін қабылдамайтынын білген Йағұб былай дейді: «Егер мені алжасқан деп атамасаңдар, Юсыптың иісін сезіп отырмын деген хабар беремін». Оның қасында болған отбасы мүшелерінің оған: «Юсыптың көз жұмғанына талай жыл болды. Сен әлі оны тірі деп ойлайсың. Бүгін де оның иісін сезіп отырмын деп отырсың. Бұл бұрынғы тұспал-жорамалдарың ғой» деп айтуы қалыпты жағдай едіХазірет Йағұбтың перзенті Юсыптың иісін алыстан сезе білуін һәм пайғамбарлық ғайып ілімінің болуына да, һәм бүгінде кейбір адамдардың басынан өтетін психикалық іске де жатқызуға болады. Мысалы, анасы баласынан алыс қашықтықтан оған қатысты алаңдаушылықты сезеді. Кейін дәл сол уақытта баласының басының қатерге тігілгендігі немесе қиындықтарға душар болғаны белгілі болады. Осы жерде мынадай сауалдың қойылуы мүмкін: хазірет Йағұб Юсыпты құдыққа тастаған кезде немесе зынданға қамаған кезде, я болмаса бұдан бұрын неліктен мұндай нәрсені сезген жоқ, неліктен айтқан жоқ?». Бұл сұраққа мынадай жауап беріледі: Бұл – Алланың қолындағы ғайып ісі. Адамның оған қатысы жоқ. Алла қалаған кезде адамның бойында осы түсінік пен сезім пайда болады. Алла Тағала Юсыптың Мысыр сынды елді басқара алуы үшін қиындықтар мен рахаттықты бастан өткеріп, сынақтан өтіп, пісіп-жетілуін қалады. Йағұб та сол жылдары сабыр етіп, күтуі керек болды. Осы жағдайда Йағұбтың перзенттері мен туыстары оны ырымшыл, ақылынан алжасқан деп атап, оған лайықсыз қатынас көрсетті. Қарапайым адамдардың Алланың пайғамбарларының түсінігін өздерінің аз түсініктерімен салыстырып, олар туралы үкім шығаруға болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адам сыртқы «бестік» сезімінен басқа, басқалар үшін қолжетімсіз істі түсіне алатын мүмкіндікке ие. Бірақ бұл жалпыға бірдей қолжетімді емес, Алланың әмірі мен рұқсаты арқылы ғана жүзеге асатын іс. 2.Өзіміз білмейтін, түсінбейтін нәрсені теріске шығармайық. Керісінше қабылдайық. Басқалар түсініп, бірақ біздің оған қолжетімділігіміз жоқ пайғамбарларға түсірілетін уәхи немесе Алланың әулиелеріне берілетін аян сынды кейбір істер бар.