Жел 19, 2016 21:04 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 379-шы бөлім, 90-92 аяттар

«Юсып» сүресінің 90 аяты:

" قالوا ء انّک لانت يوسف قال انا يوسف و هذا اخي قد منّ الله علينا انّه من يتق و يصبر فانّ الله لا يضيع اجرالمحسنين " 

Олар: “Сен өзің шын Юсыпсың ба?”, - деді. “Мен Юсып, мынау туысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді (90).

Өткен бағдарламада Юсыптың ағаларының оған келген кезде қорланып, садақа сұраған кезде Юсып шыдай алмай, өзінің олардың інісі екенін түсіндіргенін, тура емес, тұспалдап олардан: «Юсып пен оның інісінің оқиғасы туралы не білесіңдер?» деп сұрағанын, сол кезде ағаларының кенет өз-өздеріне келіп, «бұл адам бұлардың інісі Юсыптың оқиғасын қайдан біледі?» деп ойлағанын, сол замат бастарына «дәл осы адам Юсыптың өзі болып жүрмесін» деген ой келгендігін баяндаған болатынбыз. Жоғарыдағы аят олардың әңгімесі туралы былай дейді: «Олар бір қарапайым сауал арқылы інілері Юсыптың бүгінде қандай дәрежеге жеткенін түсінді. Бірақ хазірет Юсып барлық істі Алла тарапынан білгендіктен: оларға «Бұл – Алла Тағаланың бізге көрсеткен мейірімі. Ол бүгін біздің барлығымыздың басымызды бір жерге қосты» дейді. Юсыптың мұндай қатынасы оның құқығына көп зұлымдық жасаған ағаларының қатты ұялыс табуларына себеп болғандығы түсінікті жағдай. Бірақ басқа жақтан олардың бойларын қуаныш пен шаттықтың кернегені сондай, олар өздерінің сезімдерін ырықтай алмады. Юсыптың ағаларын құшағына алған сәті адамның ұялыс пен қуаныш жасымен араласқан есте қаларлық бір мезеті болуы керек шығар. Бірақ Құран осындай жағдайда барлық адам басынан өткеретін баршаға тән табиғи және жалпы сезімдер мен рухани тебіреністі баяндаудың орнына,  осы бір илаһи мейірімнің құпия сырына үңіліп, былай дейді: «Егер Юсып осындай мәртебе мен дәрежеге жетсе, ол оның күнәға қарсы төтеп бере алғандығының, бойсұнбағандығының нәтижесі. Алла Тағала мұндай адамдардың сыйлығын аяққа таптамайды. Керісінше осы дүниеде де оларға абырой мен билік сыйлайды» дейді.  Осы аяттан үйренетінміз:1.Тарих барысында және уақыттың өтуімен ақиқаттардың көбісі анықталады. Әрдайым тұрақты нәрсе ол –  хақ пен ақиқат. 2. Билеуші болуға лайық адам қиын жағдайлар мен жағымды оқиғалар және шәһуат, билік алдында сынақтан жақсы өте алатын адам.

 «Юсып» сүресінің 91 аяты:

" قالوا تالله لقد اثرک الله علينا و ان کنّا لخاطئين " ، " قال لا تثريب عليکم اليوم يغفرالله لکم و هو ارحم الرّاحمين ":

Олар“Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізге ықпалды етті. Өйткені, бі күнәкар едік” деді. (91)

(Юсып Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді. (92).Ағалары: «Алланың атымен ант етеміз, Алла сені бізден үстем етті. Біз қателесушілерденбіз» десті. Юсып: «Бүгін сендерді айыптамаймын. Алла сендерді кешіреді. Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі» деді. Ағалары Юсыпты танып, оның мәрттік қатынасын көрген кезде өздерінің бұрын жасаған қылықтарына ұялып, оған қатысты жасаған қателіктерін мойындап: «Сен қай жағынан болсын бізден артық әрі үстемсің. Біз саған орынсыз қызғаныш білдірдік» десті. Хазірет Юсып ұлылық пен мәрттікті тағы да шыңына жеткізіп: «Өткен іс өтті. Ол жайында енді ештеңе айтпаңдар. Бүгінгі күнді ойлаңдар. Біз бүгін барлығымыз бірге аман-саумыз. Бүгін айыптайтын күн емес. Егер бұрын қателік орын алса, Алланың сендердің қателіктерің мен күнәларыңды кешіретіндігіне үміт бар» деді.  Меккені жеңіп алу оқиғасында да ислам пайғамбарының кейбір серіктері мұсылмандарды мүшріктерден өш алуға арандатқанда ардақты пайғамбар: «Бүгін рақым күні» деп жалпы түрде кешірім жариялап, кек алуды көздеген адамдарға: «Бүгін мен Юсыптың қателікке ұрынған ағаларына жасаған ісін жасадым. Юсып оларды кешірген болатын» деді. Исламдық рауаяттарда мына жәйтқа көңіл аударылған: «Билікке қол жеткізген кезде саған зұлымдық жасаған, сенің дұшпаның болған адамдарды кешір. Осы кешірім билікке жетуге алғыс айту болып табылады». Алайда Юсыптың жәуәнмәрттігі ағаларын кешіруден жоғары болды. Ол Алладан да оларды кешіруді сұрап, ағаларына «Алла оларды кешіреді» деген үміт берді. Адам кешірген соң рақымшылдардың ең рақымдысы Алладан кешірімнен басқа не күтуге болады?Осы аяттан үйренетініміз:1.    Егер қызғанышпен басқалардың кемелдігін көмескілегіміз келсе, бір күні бейшара күйде оны мойындауымызға тура келеді.2.    Егер өзіміздің күнәмізді мойындап, өзімізді қателесуші деп санасақ,илаһи кешірім үшін негіз дайындалады. 3.    Егер сендерге зұлымдық жасаған адам өз ісіне өкінсе, оларды кешіріп, айыптамау керек.4.    Абырой мен биліктің шыңында кешірім ету – Алланың пайғамбарларының әдісі.