Жел 19, 2016 21:07 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 378-ші бөлім, 87-89 аяттар

«Юсып» сүресінің 87 аяты: 

" یا بنیّ اذهبوا فتحسّسوا من یوسف و اخیه و لاتايئسوا من روح الله انّه لا یايئس من روح الله الا القوم الکافرون . " 

“Әй, ұлдарым! Барыңдар да Юсыпты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаматынан күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен қарсы болған қауым ғана күдер үзеді...” (87).

Алдыңғы бағдарламада Йағұбтың ұлдары Бенияминнің Мысырда қалғанын әкелеріне айтқан кезде әкелері перзенті Юсыптың оқиғасын есіне алып, Алланың дәргаһына жалынып, мұңын шағып, ісінің шешілуін сұрады деп айтқан болатынбыз. Хазірет Иағұб Юсыптың жасөспірім кезіндегі түсі бойынша оның тірі екенін және үлкен дәреже мен деңгейге жететіндігін білгендіктен ұлдарына: «Мысырға қайтадан барыңдар да Юсыпты алып келу үшін оны іздеңдер, һәм інілерің Бенияминді азат етудің жолын ойластырыңдар. Сөйтіп, барлығың қасыма оралыңдар» дейді. Хазірет Йағұб перзенттерін Юсыпты табуға үміттендіріп, Юсыпты табу туралы өзінің кеңесіне дәлел келтіру үшін былай дейді: «Мүмін адам Алланың мейірімі мен рақымынан ешқашан үміт үзбейді. Алланың рақымшылығынан үміт үзу – күпірліктің белгісі». Осы аятта қолданылған «рух» сөзі «жел» деген мағынадағы «рих» сөзі. Яғни, адам самал желдің соғуымен тыныштық пен рахат сезімге бөленеді деген мағынада. Тәпсіршілердің кейбіреулері оны «жан» мен «рух» деген мағынада түсіндіреді. Өйткені істердің есіктерінің ашылуы мен қиындықтардың шешілуі арқылы адамның бойынан жаңа леп есіп, адамның рухы көтеріледі. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Алланың рақымы мен мейіріміне бөлену үшін адам үйде отырып алып, Алланың рақымының түсуін күтпей, әрекет етуі керек.  (Хазірет Йағуб перзенттеріне былай деді: «Юсыпты табуға әрекет жасаңдар. Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер).2.    Алланың пайғамбарлары әрдайым адамдарды Алланың мейіріміне үміттендіреді. Бірақ адамдарды үнемі үмітсіздендіретін кісілер  Алланың дінінен алыс адамдар.

 «Юсып» сүресінің 88 аяты:

" فلمّا دخلوا علیه قالوا یا ایها العزیز مسّنا و اهلنا الضّرّ و جئنا ببضاعة مزجاة فاوف لنا الکیل و تصدّق علینا انّ الله یجزی المتصدّقین

Олар Юсып (Ғ.С.)-қа барып, кірген сәтте: “Әй, қожайын! Бізге және отбасымызға ашаршылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді (88).

Ағалары Юсыпке үшінші рет келген кезде жалынышты үнмен әлсіздіктері мен жоқшылықтарына байланысты бұл жолы бидай үлесін алу үшін азғана ақша әкелгендерін бірақ толық үлес алудан үміттенетіндіктерін айтады.  Олар Юсыптың бірінші жолы ақшаның барлығын қайтарып бергені сынды бұл жолы да оларға ақшаның қалғанын қайтарып беруді, оларға мейірім мен жомарттық жасауды сұрайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Жоқшылық пен мұқтаждық адамның тәкәппарлығын сындырады. Менменсіп: «Біз мықты да әлеуетті топпыз» деп, әкелерін қателесуде деп санаған ағалары бүгін қорланған күйде Юсыптан бидай сұрап тұр. 2.    Басқаларға көмектесіп, соларға қызмет көрсету үшін Алланың адамдарға беретін сыйлары мықты түрткі қалыптастырады.

 «Юсып» сүресінің 89 аяты:

" قال هل علمتم ما فعلتم بيوسف و اخیه اذ انتم جاهلون 

(Юсып Ғ.С.): “Сендер білместіктен Юсыпқа және туысына не істегендеріңді білесіңдер ме?”, - деді.Юсыптың ағаларының бидай үлесін алу үшін бейшара жалынышты күйдегі қатынастары Юсыптың пәк және сезімтал рухына әсер еткені сондай, ағаларынан бұдан әрі өзінің құлдыраулар мен биіктіктерге толы тағдырын жасырып қала алмады. Сол себепті мағынаға толы бір сауал қойып, ағалары естеріне түсіріп, оны танитындай іс жасады. «Мен Юсыппын, ал сендер менің күнаһар ағаларымсыңдар» деудің орнына: «Жас әрі менмен болған жас кездерінде Юсып пен оның інісі Бенияминге надандықпен не істедіңдер?» деген сауал қойды. Осы осы сауал арқылы оларға Юсып пен оның інісінің оқиғасынан толық хабардар екендігін түсіндірді. Егер бүгін жоқшылықтан садақа сұрап келсе, өздерінің лайықсыз өткенде жасаған істері үшін тәубеге келіп, Алладан кешірім сұраулары керек. Осы әңгімедегі маңызды нәрсе, ол Юсыптың ағаларына «Сендер білместікпен, надандықтарыңның салдарынан күнәға баттыңдар. Қасақана әрі әдейі жасаған жоқсыңдар. Сендердің онша кінәларың жоқ. Сендер шайттанның алдауына түсіп, осындай масқара іске ұрындыңдар. Сендердің, менің ағаларымның маған қатысты теріс мақсаттарың болған жоқ. Біздің арамызды ажыратып, осындай қиындықтарды тудырған ол шайтан» дегісі келді. Оқиғаның соңында 100 аятта да осы мәселені қайталайды. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Басқалардың құқығына, әсіресе туыстардың құқығына әділетсіздік пен зұлымдық жасау ұмытылып кететін нәрсе емес. Ол бір күні ашылады. 2.     Жәуанмәрттік билік басына жеткен кезде біздің құқығымызға қатысты жамандық жасаған адамдар бүгін біздің көмегімізге мұқтаж болған кезде өш алу туралы ойламай,  кеңпейілдік пен жомарттық жасауға міндеттейді.