Жел 19, 2016 21:11 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 377-ші бөлім, 83-86 аяттар

«Юсып» сүресінің 83-84 аяттары: 

" قال بل سوّلت لکم انفسکم امرا فصبر جمیل عسی الله ان یاتینی بهم جميعا انّه هوالعلیم الحکیم " ، " و تولّی عنهم و قال یا اسفی علی یوسف و ابیضت عیناه من الحزن فهو کظیم "

(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін маған келтірер. Өйткені Ол толық білуші, хикмет иесі” деді. (83) (Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой, қайран Юсып!” деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей тынды (84).

Алдыңғы бағдарламада Юсыптың ағаларының әкелерінің қасына қайтып келгендігін, ал Бенияминнің Юсыптың жанында қалғандығын және олардың көргендері бойынша Бенияминді ұры деп атағандарын айтқан болатынбыз. Осы аяттарда хазірет Иағуб былай дейді: «Сендердің нәпсілерің тағы да ұят істі сендерге әшекейлегендей көрінеді. Ол Бенияминнің Мысырда қалып, менің Юсыптан жырақта болуыммен қатар, Бенияминнен де алыста болуым үшін күюіме себеп болды. Бірақ мен сабыр сақтап, Алланың оларды маған қайтарып, қайтадан бірге өмір сүретіндігімізге үміттенемін». Алайда Иағұбтың сабыры күрсініс және қасіретпен қатар жүрді. Өйткені ол қайғысын тұншықтырып, өзінің дертін айтпады. Юсыптың ағалары бұл жолы қателікке ұрынбағандарымен және Бенияминге қатысты теріс мақсат ұстанбағандарымен, осы қиындықтар олардың Юсып туралы олардың ұят қылықтарын еске салатын сол әрекеттердің жалғасы болды. Сондықтан Иағұб бұл тұрғысында да перзенттерін айыптап, өзін сабыр мен шыдамдылыққа шақырды. Оның сабырлығында Алланың ризашылығына қарсы сөз айтылған жоқ. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Мүмін қиындықтарда сабыр сақтайды. Өйткені оқиғалар мен қиындықтардың хикметсіз емес екендігін және Алланың адамның жағдайынан хабардар екендігін біледі.2.    Сүйіктілерден жырақта болған кезде жылау табиғи іс. Алланың пайғамбарлары да осындай әрекеттен алшақ болған жоқ.3.    Юсыптың әкесі үшін қадірлі болғаны соншама, хазірет Иағұбтың оның қайғысынан көзі көрмей қалды. Тіпті Бенияминнің ұсталғаны туралы хабар жеткен кезде де Юсыптың есімін ауызына алып, оның өзінен алыстығы үшін қайғырды. 

«Юсып» сүресінің 85 аяты: 

" قالوا تالله تفتؤا تذکر يوسف حتّي تکون حرضا او تکون من الهالکين "

Олар әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің” деді. (85)

 Бенияминнің Мысырда ұсталуымен Иағұбтың қайтадан қайғыға батқандығы және Юсыптың атын аузынан тастамай, оны ойынан шығармағаны түсінікті жағдай. Бірақ Юсыпты жек көретін ағалары әкелерінің оның есімін атағанын қаламады. Сондықтан әкелеріне «егер жағдай осылай жалғасатын болса, Юсыптың қайғысы сені меңдетіп тастайды. Оны ұмыт, біз оны қасқырдың жеп кеткенін өз көзімізбен көрдік. Сен неге Юсыптан көз жазып қалғаның үшін осыншама өзіңді жүдетіп, қалжыратасың?» деп ескертті. Күншіл ағаларының Юсыпты әкелерінің өздеріне көңіл бөлуі жолындағы кедергі деп санағандары сияқты емес, Юсыпқа деген әкелік махаббаттың отында күйген Иағұбтың оның кемелдігін танып, оның қадірін білетіндігі түсінікті нәрсе. Осы аяттан үйренетініміз:1. Иағұб Юсыпты жақсы көрді, оны жақсы таныды. Сондықтан үнемі оның есімін қайталап, бір сәтке де оны жадынан шығармады. Алланы қаншалықты жақсы көретіндігімізді білу үшін оны қаншалықты есімізден шығармайтындығымызды байқайық. 2. Сүйікті адамнан жырақта болу адамды сындырады. Материалды дүниені жақсы көргенше ақиқат пен кемелдікке ғашық болайық. 

«Юсып» сүресінің 86 аяты:

" قال انّما اشکوا بثی و حزنی الی الله و اعلم من الله ما لا تعلمون "

 (Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді (86).

Құранның басқа аяттарынан Алланың пайғамбарларының өз өмірлеріндегі қиындықтары мен қайғыларын Алланың дәргаһына қаратып айтып, Одан сол мәселелерінің шешімін күткендіктері белгілі. Мұса хазірет кедейлік пен жоқтықтан Алланың дәргаһына мұңын шақса, хазірет Айуб науқастығы мен кіріптарлығына, ал осы аятта хазірет Иағұб өзінің перзентінен жырақта болғаны үшін Аллаға қайғысын айтты. Өйткені олардың көзқарасы бойынша беру мен сыйлау – Алланың мейірімі. Жоғалту мен алу да Оның хикметінің негізі бойынша жүзеге асады. Олай болса, екі түрлі жағдайда да Оның қалауына риза болу қажет. Сөйте тұра Оданқиындықты шешуді сұрау керек. Жалғыз Оның даргаһына ғана жалынып, тәубеге келіп, назр жасау керек. Хазірет Иағұбтың Юсыптың тірі екендігіне сенімді болуымен қатар, түсінде Юсыпты көруі де бұл мәселені растай түсті. Егер ол Юсыптың жоқ екендігін білгенде одан көңілі суып, жаны тынышталар еді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Қиындықты айтып, адамдарға мұң шағу айыпталады. Бірақ Алланың дәргаһына қайғы мен наланы айту Алланың пайғамбарларының жолы.2.    Алланың мейірімінен еш уақытта үміт үзбеу керек. Жарқын болашаққа деген үміт Алланың пайғамбарларының ерекшеліктерінің бірі.