Жел 19, 2016 21:15 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 375-ші бөлім, 74-77 аяттар

"Юсып" сүресінің 74-ші және 75-ші аяттары:

 قالوا فما جزاؤه ان کنتم کاذبين " ، " قالوا جزاؤء من وجد في رحله فهو جزاؤه کذلک نجزي الظّالمين"

Бұлар: "Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не?",-деді. (74)  Олар: "Оның жазасы кімнің жүгінен шықса, сонда оның өзі жазалы. Біз залымдарды осылайша жазалаймыз",-деді.(75)"

Өткен бағдарламада хазірет Юсып інісі Бенияминды қасында қалдырып, ата-анасының Мысырға көшуіне жағдай жасау үшін алдын-ала жоспар құрып, ол жайында Бенияминды құлағдар еткенін айтқан болатынбыз. Осы аятта патшаның қымбат су құятын ыдысын Юсыптың Бенияминның жүгіне тығып қойғанын және одан хабарлары жоқ мемлекет қызметшілері «ұрлық жасады» деген айыппен Бенияминды ұстап алғаны айтылады. Алайда оның ағалары «ыдысты біз ұрлаған жоқпыз, біздің не қатысымыз бар?» деп шығады. Сонда қызметшілер: «Егер ыдысты сендердің жүктеріңізден тапсақ не істейміз?-дегенде, ағайындар: «Біздің жақта біреу ұрлық жасаса, құнын өтеу үшін оның өзін ұрланған заттың иесіне кепілдік немесе құл ретінде тапсырамыз»,-дейді. Бұл аяттан үйренетініміз: Қылмыскер өз еркімен заңға бағынып, үкімді қабылдауы үшін оны өз ожданына тапсыру керек.Заңды орындау барысында ешкімді кемсітпеу керек. Адам қаншалықты маңызды болса да ұрлық жасаған болса, құрықталып, жауап беруі тиіс. 

 "Юсып" сүресінің 76-шы аяты:

" فبدا باوعيتهم قبل وعاء اخيه ثمّ استخرجها من وعاء اخيه کذلک کدنا ليوسف ما کان لياخذ اخاه في دين الملک الا ان يشاء الله نرفع درجات من نشاء و فوق کلّ ذي علم عليم "

"Өз туысының жүгінен бұрын олардың жүгін тінте бастап, сонсоң оны туысының жүгінен шығарды. Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар"(76).

Хазірет Юсыптің жоспары бойынша, ағайындар мұны сезіп қалмауы үшін және бәрі әдеттегідей болып жатқанын көрсету үшін алдымен үлкен ағаларының жүктерін тексеріп, сонан соң Бенияминның жүгін қараған кезде қымбат су ыдысын тауып алып, «Бениямин ұры, сондықтан ағаларының айтқаны бойынша ол Мысырда қалуы тиіс», деп жариялайды. Құранның айтуынша, бұл жоспарды Юсыпке Алла үйреткен, өйткені Мысырдың заңына сәйкес Юсып Бенияминды қасында қалдыра алмас еді. Егер оның ағалары "біздің жақтың салты бойынша ұрының жазасы – ұрыны кепілдік ретінде қалдыру" деп айтпаса, Юсып Мысырдың заңы бойынша Бенияминды қалдыра алмайтын еді. Аяттың жалғасында айтылғандай, Мысыр үкіметіндегі барлық дәрежеге Юсып бәрінен дана Алланың қалауымен жетті. Юсыпты мақсатына жеткізу үшін Алла оған айла-тәсіл үйретті.Осы аяттан үйренетініміз:Тіпті ол мемлекет діни болмаса да кез-келген мемлекетте тұрып жатқан адам сол елдің заңдарын орындауға міндетті. Әрине оның заңдары дінге қарсы болса, Алланң үкімін аяққа таптамай, одан көшу керек. Екіншіден, артықшылықтың белгісі білім мен даналықта.

"Юсып" сүресінің 77-ші аяты: 

"Олар: "Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлық қылған болатын",-деді. Сонда Юсып (ғ) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Ішінен): "Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңды жақсы біледі",-деді."(77)

قالوا ان يسرق فقد سرق اخ له من قبل فاسرّها يوسف في نفسه و لم يبدها لهم قال انتم شرّ مکانا والله اعلم بما تصفون

Юсыптың ағалары ұрлық жасамаса да, інілері Бенияминнің су ыдысын ұрламағанын білді. Сондықтан олар кіші інілерін бұл айыптан қорғау керек еді, бірақ олар Бенияминның ұрлықпен айыпталып, Мысырда қала беруіне және әкелеріне Бенияминсыз оралуға қарсы емес көрінді. Өйткені әкелері Бенияминды көбірек жақсы көретін. Сондықтан олар әкелерінің көңілін өздеріне аудартқысы келді. Қылмыскер ағайындар өз інілерін қорғамай, Бенияминды құр бекер ұрлық жасады деген айыппен келісіп, қызметшілерге Бенияминды ұстап, оны Мысырда қалдыруға сылтау береді. Бұл аяттың жалғасында былай делінген: «Юсып Мысырда жоғары лауазымды адам болғанымен, олардың астық үлесін тартып алып, олардың барлығын ұрлық айыбымен қамауға ала алса да, сабыр етіп, өзіне айтылған айыпты кешіріп: "Сендердің айтқандарыңды Алла жақсы біледі. Бірақ қазір сендердің жағдайларың інілеріңе тағып отырған айыптан да жаман. Патшаның су ыдысы сендердің жүктеріңнен табылды, оның жазасы аз емес",-деді.Бұл аяттан ұғатынымыз:Біріншіден, мақсатқа жету үшін жаман сөздерге шыдап, кеңпейілдік көрсету керек.Екіншіден, құпияны үнемі аша беру дұрыс емес, сондықтан көп жағдайда, әсіресе әкімдер жеке пайдадан гөрі халықтың мүддесі үшін, сыр сақтаулары керек.