Юсып сүресі, 373-ші бөлім, 66-68 аяттар
Юсып сүресі, 373-ші бөлім, 66-68 аяттар
«Юсып» сүресінің 66-шы аяты:
« قال لن ارسله معکم حتّی تؤتون موثقا من الله لتاتننی به الا ان یحاط بکم فلتمّا اتوه موثقهم قال الله علی ما نقول وکیل »
"Әкелері: "Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын",-деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт берген сәтте, әкелері: "Алла айтқанымызға уәкіл",-деді."(66)
Өткен бағдарламада Жақыптың балалары екінші рет бидай алу үшін Мысырға өздерінің кіші інілері Бенямынды алып барулары тиіс деп айтқанбыз. Бірақ олар Юсыптан әкелерін қызғанғандары сынды Бенияминнен де әкелерін қызғану мәселесі хазірет Жақыптың алаңдаушылығына себеп болды. Дегенмен Жақыптың Бенямынның да астық үлесін алу үшін оны ағаларымен бірге Мысырға жіберуден басқа шарасы болмады. Сондықтан ол бір тосын оқиға болып, күтпеген жағдайға душар болып қалмаса, перзенттерінен Бенямынды аман-сау апарып, алып келуі үшін Алланың алдында серт беруді талап етеді. Олар серт береді, сонда хазірет Жақып: "Бұл айтылған бір жай сөз деп ойламаңдар, уәделеріңде тұрмасаңдар Алла жазаларыңды береді, өйткені оны Алланың өзі қорғайды",-дейді. Бұл аяттан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, бір іске сенім арту үшін мықты кепілдік алу Құранның әдісі болып табылады. Осыған байланысты мұсылман кез-келген қоғамдық істе немесе келісім жасаған кезде, тіпті өзінің жақын туысынан да ең аз дегенде серт болса да кепілдік алғаны жөн.Екіншіден, істерді заңды түрде бекіткенмен Аллаға тәуекел етуді естен шығармау керек.
"Юсып" сүресінің 67-ші аяты:
« و قال یا بنیّ لاتدخلوا من باب واحد وادخلوا من ابواب متفرقه و ما اغنی عنکم من الله من شيئ ان الحکم الا لله علیه توكلت و علیه فلیتوکل المتوکلون »
"Балаларына: "Әй, балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей, бөлек қақпалардан кіріңдер. Сонымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін",-деді."(67)
Перзенттері Мысырға аттанған кезде хазірет Жақып оларға бірнеше кеңес береді: жұрттың күдігін тудырмас үшін барлығы бір қақпадан кірмей, бөлек-бөлек қақпалардан кіргендері жөн. «Дегенмен Алланың қалауы басқа болса сендер бұл айламен құтыла алмайсыңдар» дейді хазірет Жақып. Бұл аят әлемде Оның бұйрығының басым екенін және біздің оған қарсы тұра алмайтынымызды баяндайды. Бірақ Аллаға тәуекел етіп, білгенімізді, түсінгенімізді жүзеге асыруымыз керек. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, айла мен шара іздеу – қажетті іс. Бірақ оның міндетті түрде жүзеге асатыны біздің қолымызда емес. Ақырында Алланың қалағаны болады.Екіншіден, біз тек Аллаға ғана тәуекел етуіміз керек.
"Юсып" сүресінің 68-ші аяты:
« ولمّا دخلوا من حیث امرهم ابوهم ماکان یغنی عنهم من الله من شیئ الا حاجة فی نفس یعقوب قضاها و انّه لذو علم لما علّمناه و لکنّ اکثر الناس لایعلمون »
"Олар әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тағдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Жақып (ғ) көңіліндегі бір қажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда оны адамдардың көбі білмейді."(68)
Осы аят Жақыптың ақыл-кеңестері мен оның перзенттерінің істерінің Алланың қалауына кедергі бола алмайтынын және Жақып мұны орындайды деп сенетінін қуаттайды. Осы аяттың жалғасында осы жолғы және басқа да кеңестердің Алланың пайғамбарларға берген білім-хикметтері екені айтылады. Пайғамбарлар адамдардан сабақ алған емес, сондықтан бұл жағынан олардың басқа адамдардан айырмашылықтары бар. Олардың тәлімгер-ұстазы Алла. Олар Алланың айтқаны бойынша әрекет етеді. Сонымен хазірет Жақыптың өз перзенттеріне айтқан ақыл-кеңесі осы топқа жатады.Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, илаһи пайғамбарлардың дұғалары орындалады, өйткені олар Алланың қалауынан басқаны сұрамайды.Екіншіден, адамдар көбінесе сыртқы себеп-салдарларға мән береді, олардың илаһи себептерге көздері жетпейді.