Жел 19, 2016 21:22 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 372-ші бөлім, 61-65 аяттар

«Юсып» сүресінің 61-ші аяты:

"Олар: "Біз оны әкесінен қалауға тырысамыз. Сөзсіз мұны орындаймыз",-десті."(61)

Өткен бағдарламада Юсыптың ағалары бидай сұрап келгенде, оны танымай: «Біздің қарт әкеміз бен ініміз бар, сол екеуінің де үлесін беріңіз»,-дейді. Юсып олардың өтінішін қабылдағанымен, оларға: "Келесі жолы бидай сұрап келгенде, сол інілеріңді бірге алып келіңдер, әйтпесе оның үлесін бермейміз",-дегенін айтқан болатынбыз. Осы аятта былай делінген: Юсыптің ағалары бұл шартты қабылдап: Әкеміз оны бізбен жібергісі келмейді, бірақ келесі сапарымызда әкемізден рұқсат алып, оны ертіп әкелуге тырысамыз,-дейді. Олар әкесі Иағұбтың (ғ) бұлардың Юсып пен оның інісі Бенямыннен қызғанатындығын білетіндігінен хабардар еді және Юсыптің оқиғасынан кейін Бенямынды олармен алыс сапарға жібермек түгілі, оны үнемі қасында қалдыратын болды. "Юсып" сүресінің 62-ші аяты:"Юсып(ғ.с) жігіттеріне: "Олардың (астық сатып алуға әкелген) өз нәрселерін де жүктерінің ішіне қойыңдар. Әрине үйлеріне қайтып барған кезде, оны біліп, мүмкін олар қайтып келер",-деді"(62)Хазірет Юсып ағаларының Мысырға қайта келуі және қиын сапардан айнымауы үшін және Мысырға қайта оралар деген оймен олардың бидайға төлеген барлық ақшасын, заттарының ішіне салып қояды. Әрине хазірет Юсып аманатты болғандықтан, бұл ақшаны ол Мысырдың қазынасынан қайтарған жоқ, өйткені ол астықтың ақшасын өз қалтасынан төлеген болатын. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, туыстық қарым-қатынас дегеніміз – адам өз жақындарынан жамандық көрсе де оларға реніш пен кек сақтамай, шамасы келгенше көмектескені жөн.Екіншіден, ержігіттік пен жомарттық сипатты Юсыптен үйрену керек. Ол өз басына келген бұрынғы жамандық үшін, оларды бидайдан мақрұм етпей, қайта олардың астыққа төлеген ақшасын, өз қалтасынан қайтарып береді. 

"Юсып" сүресінің 63-64 аяттары:

"Сонда олар әкелеріне қайтып барғандарында: "Әй әкеміз! Біздің өлшеу тоқтатылды. (Астық бермейтін болды.) Сондықтан туысымыз (Бінямын)-ды бізбен бірге жібер де (астық) өлшеп алайық. Сондай-ақ біз оны әлбетте қорғаймыз",-деді.(63) (Яғқұп ғ.с): "Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әрі Ол, мейірімділердің ең мейірімдісі",-деді"(64)

Хазірет Юсып Бінямынды әкелуді талап етуі бойынша, Юсыптың ағалары әкелеріне Бінямынды аман-сау апарып, алып келеміз, деп уәде береді. Бірақ кезінде Юсыпты де осы ағаларына ертіп жіберуінің қайғылы оқиғасы есінен кетпеген хазірет Жақып(ғ.с) бір жағынан бидайдан үлес алу үшін Бінямынды жіберуден басқа шарасы қалмай, Аллаға тәуекел етіп, Бінямынды қорғауды Алланың өзіне тапсырады. Бұл аяттардан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, қиын және дағдарысты жағдайда тек Аллаға тәуекел ету ғана тыныштық береді, сондықтан Одан ғана жәрдем сұрау керек.Екіншіден, бір қайғылы оқиға үшін оқшаулануға болмайды. Сондықтан қателік жасаған тарапқа бұрынғыны есіне сала отырып, түзелуге мұрсат беру керек. "Юсып" сүресінің 65-ші аяты:"Олар жүктерін ашқанда, өздеріне қайтарылған нәрселерін тапты да: "Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағы отбасымызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе (астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы",-десті"(65)Юсып өз ағаларынан астық үшін алған ақшаны өздеріне қайтарып береді. Егер ол алдымен: Сіздерден ештеңе алмаймын,-десе ағаларында сұрақ тудыруы және ақша төлей алмайтындай кедейме едіңдер деп кемсітуі мүмкін еді. Бірақ Юсып өзіне тән жомарттықпен, сырттай ақша алғанымен, тәкәппарлықсыз қызмет ету үшін оны жасырын түрде қайтарып береді. Оның ағалары әкелеріне оралған кезде, бұл Юсыптің ісі демей, қайта ақша қайта қолымызға келді деп жанама түрде айтады. Осы аяттан мына ойды түсінеміз:Біріншіден, еркек адам отбасын және қарт ата-анасын азық-түлікпен қамтамасыз етуші болып табылады.Екіншіден, тапшылық кезінде әділетті сақтау үшін азық-түлікті үйлестірген дұрыс, ал бұл илаһи пайғамбарлардың, соның ішінде Юсыптың әдісі болып саналады.