Жел 19, 2016 21:25 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 371-ші бөлім, 56-60 аяттар

 

«Юсып» сүресінің 56-шы және 57-ші аяттары:

" و کذلک مکنا لیوسف فی الارض يتبوا منها حیث یشاء نصیب برحمتنا من نشاء و لا نضیع اجر المحسنین " ، " ولاجرآلاخرة خیر للذین آمنوا و کانوا یتقون "

 "Міне, осылайша Юсыпты ол жерге орналастырдық. Қалаған жерінде отыра алады. Қалағанымызды мәрхеметімізге бөлейміз. Сондай-ақ жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмаймыз.(56) Әрине иман келтіріп, тақуа болғандардың ақиреттегі сыйлығы тағы жақсы (57)".

Өткен бағдарламада Мысыр патшасының Юсыпты қасына шақыртып алып, оны мемлекеттік лауазымға тағайындағанын айтқан болатынбыз. Осы аяттарда былай деп айтылған: "Мұндай жағдайды жасаған Мысыр патшасы емес,  Юсыптың тақуалығы мен ізгілігі үшін оған осындай сый беруді қалаған Алла Тағала. Осылай болып, Юсып осы лауазымға жеткен соң барлық істерге араласа алатын болды". Осы аят: "Көркем мінезді және ізгі адамдарға сыйлықты осы дүниеде беріп, оларға мәрхамат жаудыру – Алланың сүннеті. Сонымен қатар ақиретте де оларға бұл дүниегіден де артық сыйлар бар. Жақсы істер тақуалық және иманмен орындалуы тиіс, әйтпесе Аллаға иман келтірмей жақсы іс істегеннің сыйы бұл дүниеде ғана беріліп, ақыретке жетпейді",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, залымдар мен қара ниеттілер тақуа әрі пәк адамды кемсітуге ұмтылғанымен, оны ұлықтау Алланың сүннеті.Екіншіден, илаһи дүниетанымда ешбір іс сыйлықсыз қалмайды. Сондықтан ізгі іс жасағандар еш алаңдамасын. Өз істегендерінің сыйын олар осы дүниеде де алуы мүмкін. Үшіншіден, Алланың сыйлары дүниенің сыйларынан тым жоғары, өйткені ол белгілі бір мезгіл мен мекенмен шектелмейді, оларға нұқсан келіп, жойылмайды және санауға келмейді.

"Юсып" сүресінің 58-ші аяты:

" و جاء اخوة یوسف فدخلوا علیه فعرفهم و هم له منکرون "  

"(Ашаршылық жылдары) Юсыптың туысқандары келіп, жанына кірді. Сонда Юсып оларды таныды. Олар оны танымады (58)".

Хазірет Юсыптың болжағаны сынды жеті жыл бойы жауын жауып, халық мол ризық, нығметке бөленді. Бірақ одан кейін жеті жыл құрғақшылық орнады. Құрғақшылық Мысырдан бастап Палестина мен Канған жерлеріне де жайылды. Сол кезде хазірет Иағұб (ғ) өз перзенттерін бидай Мысырға жіберді. Олар Мысыр қазынасының басшысы Юсыптың алдына барды. Бірақ олар оны танымайды. Әлгі оқиғадан көп жыл өткендіктен, олар өздерінің інілерінің Мысырда маңызды лауазым иесі болмақ түгілі, оның тірі екендігінен де хабарсыз еді. Дегенмен тағдыр енді міне Юсыптың сол тәкәппар ағаларының бастарын иілтіп, Юсыптың алдына әкеліп, одан бидай сұратқызды. Юсып мұндай жағдайда өзінің кім екенін жасыра тұруды жөн көріп, олармен бөтен адамша сөйлесіп, оларға әр адам басына тиесілі ғана мөлшерде бидай беруді тапсырды. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, Аллаға иман келтірген адам жағдайға қарай, қиыншылық көріп отырған аймақтарға олар оның отандасы болмаса да шамасы келгенше жәрдем беруге міндетті. Екіншіден, дағдарысты және қиын-қыстау күндері барша халыққа бірдей қараған жөн. Мұндай кезде қолда бар мүмкіндіктерді халық арасында тең үйлестіріп, әділ бөлу керек.

Юсып" сүресінің 59-60-шы аяттары:

" و لما جهزهم بجهازهم قال ائتونی باخ لکم من ابیکم الا ترون انی اوفی الکیل و انا خیر المنزلین " ، " فان لم تاتونی به فلا کیل لکم عندی و لا تقربون " 

"Юсып(ғ.с) олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: "Маған әке бір туыстарың (Бінямын)-ды ала келіңдер. Шын мәнінде астық толтырғанымды және мейман достардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме?",-деді. (59) Егер оны маған келтірмесеңдер, менде сендерге өлшеп берер жоқ. Сондай-ақ маған жақындамаңдар (60)"

.Тарихтан белгілі болғандай, Юсыптың ағалары бидай алып жатқан кезде: "Біздің әкеміз жағынан тағы бір бауырымыз бар",-дегенде Юсып: "Ол үлесін алуға келмеді ме?",-деп сұрайды. Олар: "Әкеміз қарт болғандықтан, оны әкеміздің қасында көмекші етіп қалдырдық",-дейді. Юсып: "Бұл жолы оның және әкелеріңнің де үлесін беремін, бірақ тағы да бидай алуға келетін болсаңдар, сол інілеріңді бірге ертіп алып келіңдер, әйтпесе оған да, сендерге де бидай жоқ",-дейді. Бұл аят бойынша, Юсыптың бидай үйлестіруді өзі тікелей бақылап, оның қаншалықты жауапты болғанын түсінеміз. Өкінішке орай, қазіргі замандағы билік басындағылар мұндай мәселелерге азырақ көңіл аударады. Олар нұсқау береді, бірақ оның орындалуын өздері тікелей бақыламайды.  Осы аяттан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, қиын-қыстау жағдайда берілген билікті теріс мақсатта пайдаланбау керек. Юсып өзінің қылмыскер ағаларынан кек алмай, оларға бидай беріп, қонақжайлық білдірді, ал бұл пайғамбарларға тән мінез. Екіншіден, заңды орындаған кезде туған-туыстар мен халықтың арасында кемсітушілік жасамай, бәріне бірдей қарау керек. Үшіншіден, заңды батыл түрде дұрыс орындау керек.