Жел 19, 2016 21:26 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 370-ші бөлім, 53-55 аяттар

«Юсып» сүресінің 53-ші аяты: 

" و ما ابري نفسي ان النفس لا ماره بالسوء الا مارحم ربي ان ربي غفور رحيم "

"Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхемет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді"(53).

Өткен бағдарламада Юсыптың зынданнан босатылуы үшін өзінің ақталу шартын қойғанын айтқанбыз. Мысыр «сүйіктісінің» зайыбы да патша алдында өз кінәсін мойындап, Юсыптың бейкүнә екендігін айтты. Осы аят бір маңызды мәселеге тоқталған: ол адамның нәпсісінің оны жамандық пен хайуандық әрекетке азғыратындығы. Мұндай мінездер ақыл мен қисынға немесе әлеуметтік ережелерге бағынбай, істердің салдарына мән бермейді. Бұл арада нәпсінің ақылды жеңуіне тек Алланың мейірімі ғана жол бермейді. Сондықтан Алланың мейіріміне ие және оған иман келтірген адам үнемі Оның қорғауында болады. Құран Кәрімде адамның нәпсісінің бірнеше кезеңдерден тұратыны айтылған. Біріншісі хайуандық деңгейдегі нәпсі. Ол адамды жаман істерге азғырады. Бұл "нәфс әммара" деп аталады. "Нәфс ләууама" бұдан жоғарырақ. Ол адамды істеген қателіктері үшін айыптап, оны Алладан кешірім сұрап, тәубе етуге шақырады. Пайғамбарлар мен әулиелер – "нәфс мутмаенна"-ға жеткен. Олар қандай қиыншылық болмаса да Аллаға сеніп, кез-келген сыннан жеңімпаз болып шығады. Осы оқиғада да Юсып өзінің бейкүнәлығын дәлелдеген соң, тәкәппарлық болмау үшін: "Мен де адам болғандықтан, нәпсім мені Зылиха талап еткен іске азғырды, мені құтқарған Алланың мейірімі, Ол мені күнәдан сақтады",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, өзімізді күнәдан аманбыз деп ойламау керек, өйткені кез-келген сәтте күнә жасау қаупімен кездесуге болады. Екіншіден, адамға көптеген қауіп-қатерлер төніп тұрса да Алланың мәрхаметі мен мейірімінен үміт үзбеуіміз керек, өйткені ол аса мейірімді және кешіруші.

 "Юсып" сүресінің 54-ші аяты:

"و قال الملک ائتوني به استخلصه لنفسي فلما کلمه قال انک اليوم لدينا مکين امين "

"Патша: "Оны маған алып келіңдер. Оны өзім үшін арнаулы қып алайын",-деді. Патша Юсыпқа сөйлескен сәтте: "Әрине бүгін біздің алдымызда елеулі орның және сенімің бар",-деді"(54).

Зылиха мен Юсыптың әңгімесін естіп, Мысыр патшасы  Юсыптың күнәсіздігі мен тақуалығы және оның жәуәнмәртігі дәлелденген соң оны өзіне шақырып алып, мемлекет пен басқару мәселелері жайлы кеңеседі. Патша Юсыптың өте ақылды және зерек адам екенін көріп, оны өзінің кеңесшісі қызметіне тағайындап, мысырлық барлық басшыларға оның бұйрықтарын орындауды тапсырады. Патша мен Юсыптың сұхбаты екі ерекшелікті дәлелдеді, біріншісі – Юсыптің беделі, екіншісі – оның аманатшылдығы. Осы екі ерекшелік басқаруда негізгі рөл атқарады. Билік пен аманатшылдық бірге болса, кез-келген мемлекет өркендеп, дамиды, ал егер осы екеуінің біреуі болмаса түрлі кедергілер пайда болады.Осы аяттан мынадай ой түйеміз:Маңызды лауазымға тағайындалу үшін адамдардың тәжірибесі де, істерді атқара алатындай қабілеті де маңызды. Сондықтан шындық пен аманатшылық қана емес, біліктілік те керек.Шыншыл және аманатшыл адамды патша да, кедей де, кәпір де, мүмін де – барша жұрт құрметтейді

."Юсып" сүресінің 55-ші аяты:

" ‌قال اجعلني علي خزائن الارض اني حفيظ عليم . "

"(Юсып ғ.с патшаға): "Мені мемлекеттің қазына бастығы қыл. Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін",-деді"(55).

Мысыр патшасы Юсыпты шақырып алып, оны өзінің арнайы кеңесшісі ретінде тағайындап, оның аманатшыл және тәжірибелі екенін білген соң, хазірет Юсып одан өзіне қазынаны басқаруды тапсыруды сұрайды. Юсып патшаның көрген түсі бойынша алғашқы жеті жылда бидай жинап, келесі жеті жылда сол жинаған астықты дәл және әділ үйлестіру керектігін білді. Осы істі толық білген Юсып бұл жауапкершілікті қабылдауға әзірлігін жариялады. Шын мәнінде Юсып қарапайым, оңай шаруаны емес, қайта ауыр және қауіпті жауапкершілікті мойнына алды. Ол лауазымды көздеген жоқ. Ол құрғақшылық пен қиын кездегі халықтың жағдайын ойлады. Тарихи жазбаларда да айтылған+25дай, екінші жеті жылдық кезең аяқталған кезде Юсып патшаға: "Маған берілген сарай, байлық және мемлекеттік биліктің барлығын тапсырамын. Мен бұл лауазымды халықты құтқару үшін қабылдадым. Оларға әділетпен қара",-деген екен. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, қажетті жерде өз қабілетіңді айтып, күрделі жауапкершілікті қабылдауға дайын болу керек.Екіншіден, жауапкершілікті тапсыруда адамның ұлты, тайпасы және тіліне қарамай, қайта оның лайықтығына мән беру керек. Юсып мысырлық емес еді, ол Мысырға құл ретінде әкелінген болатын. Алайда Мысыр патшасы оған ең ауыр жауапкершілікті тапсырды.