Юсып сүресі, 369-шы бөлім, 50-52 аяттар
Юсып сүресі, 369-шы бөлім, 50-52 аяттар
"Юсып" сүресінің 50-ші аяты:
" و قال الملک ائتوني به فلمّا جاء ه الرّسول قال ارجع الي ربّک فسئله ما بال النسوة الاتي قطعن ايديهنّ انّ ربّي بکيدهنّ عليم "
"(Мұны естіген) патша: "Оны маған алып келіңдер",-деді. Шабарман келген кезде (Юсып (ғ)): "Қожайыныңа қайтып бар. Қолдарын кескен қатындардың мақсаттары не, сұра! Күдіксіз Раббым, олардың қулықтарын толық біледі",-деді (50)".
Өткен бағдарламада айтқанымыздай хазірет Юсыптен патшаның түсін жорып беруді сұраған соң, ол түсті ешбір шарт қоймай жорумен қатар, құрғақшылықпен күресудің жолдарын да ұсынған еді. Алайда патша оны өзіне шақырғанда, ол қабылдамай, өзінің зынданға қамалуы себебінің анықталуын қалайды. Сондықтан ол сарайдағы әйелдердің онымен кездесу үшін қулықпен жиын ұйымдастырғанын тілге тиек етеді. Бәлкім, Юсып бұл оқиғадан көп жыл өтіп, патша мен оның сарайындағылар оны кінәлі деп санап, ұмытып кеткен болуы мүмкін деп ойлаған шығар. Сонымен қатар Юсып патшаның кешіруімен босатылғанды қаламады. Ол патшаға мемлекетте қанша әділетсіздіктің орын алып жатқанын білдіргісі келді. Рауаяттарда қымбатты Ислам Пайғамбарының (с): "Мысыр патшасы өз түсін жорып беруді сұраған кезде Юсыптың оған «зынданнан шығарсаң түсіңді жорып беремін» деп шарт қоймаған сабырына қайран қаламын. Оны зынданнан шығаратын кезде ол: "Жазықсыз екенім дәлелденсе ғана шығамын", деді",-деп айтқаны кездеседі. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, үкімет түрмеде отырған ғалымдар болса да оларды бостандыққа шығарып, білімдерін пайдалануы тиіс. Екіншіден, бостандыққа шыққан кезде қамаудағының жазықсыздығы дәлелденіп, оның абыройы сақталуы тиіс.
"Юсып" сүресінің 51-ші аяты:
" قال ما خطبکنّ اذ راودتنّ يوسف عن نفسه قلن حاش لله ما علمنا عليه من سوء قالت امرات العزيز الان حصحص الحقّ انا راودته عن نفسه و انّه لمن الصادقين "
"(Патша қатындарды жинап алып): "Юсыптың көңілін алмақшы болғандарыңда жағдай не еді?", - деп сұрайды. "А... сақтасын! Оған байланысты бір жамандық білмедік",-десті әйелдер. Уәзірдің әйелі де: "Міне шындық ортаға шықты. Оның көңілін алуды мен қалаған едім. Расында ол анық шыншылдардан",-деді (51)".
Құранда айтылған илаһи дәстүрлердің бірі – тақуалық пен пәктіктің арқасында жолдың ашылуы болып табылады. Басында Юсыпты «қиянат жасады» деп айыптап, оны зынданға қамауға тырысқан Мысыр «сүйіктісінің» зайыбы, енді міне Юсыптың дұрыстығы мен шындығына көзі жетіп, оны шыншыл деп отыр. Осы мойындаулар Юсыптың зынданнан ақталып шығуына себеп болады. Осылайша Алланың қалауымен жазықты адам өзінің кінәсін мойындап, ал Юсыптың жазықсыздығы баршаға белгілі болады. Әрине кейбір шындықтар белгілі болу үшін арада ұзақ жылдар өтуі мүмкін. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, жалған мәңгі болмайды, ал ақиқат үнемі жасырын қалмайды. Екіншіден, әлеуметтік және жыныстық мәселедегі пәктікті, тіпті бұзылған адамдар да мойындап, оны құрметті деп санайды.
Юсып" сүресінің 52-ші аяты:
" ذلک ليعلم انّي لم اخنه بالغيب و انّ الله لا يهدي کيد الخائنين "
"(Юсып (ғ)): "Осы (қатындардың сұралу мәселесі) расында оған астыртын қиянат қылмағанымды патшаның білуі үшін. Күдіксіз А... қиянатшылардың қастығын оңайлатпайды",-деді (52)".
Тәпсір етушілер бұл аят туралы екі пікірді ұстанады: біреулер оны Мысыр «сүйіктісінің» зайыбы Зылиханың "Мен күнә жасағым келсе де, ешнәрсе болмай Юсыптің пәктігі сақталды ғой" деген сөздері деп білсе, тәпсір етушілердің көбісі бұл хазірет Юсыптың: "Зынданнан шығуымның шарты менің бейкүнә екендігімнің айқындалуы дегенім, бұл тақырыпты қайта қозғап, Мысыр «сүйіктісінің» зайыбынан кек алуым үшін емес, қайта Мысырдың «сүйіктісі» мен патша менің қиянат жасамағанымды білсін" дегісі келген сөзі» деген пікірде. Бұл арада айта кететін жайт, Юсып мәселенің айқындалуын, патшалар барлық құдіреттің Алланың қолында екенін түсінуі үшін Аллаға тапсырады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, кәпір немесе залым болса да басқаларға қиянат жасау – өте жағымсыз іс. Екіншіден, ашық та жасырын түрде қиянаттан аулақ болу – нағыз иманның белгісі болып табылады.Үшіншіден, егер өзіміз таза әрі пәк болсақ, Алла тағала жаман адамдарға біздің абыройымызды төгуге жол бермейді, қайта олар өздерінің абыройынан айрылады.