Юсып сүресі, 368-шы бөлім, 44-49 аяттар
Юсып сүресі, 368-шы бөлім, 44-49 аяттар
«Юсып» сүресінің 44-ші және 45-ші аяттары:
قَالُواْ أَضْغَاثُ أَحْلاَمٍ وَمَا نَحْنُ بِتَأْوِيلِ الأَحْلاَمِ بِعَالِمِينَ ﴿۴۴﴾وَقَالَ الَّذِي نَجَا مِنْهُمَا وَادَّكَرَ بَعْدَ أُمَّةٍ أَنَاْ أُنَبِّئُكُم بِتَأْوِيلِهِ فَأَرْسِلُونِ ﴿۴۵﴾
(Олар): "Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз",-деді (44). Ол екеуінің құтылғаны Юсыпты бірталайдан кейін есіне алды да: "Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені зынданға жіберіңдер",-деді.(45)
Өткен бағдарламада Мысыр патшасының ғажайып түсінде семіз сиырлардың арық сиырларды жеп жатқанын көргенін айтқанбыз. Ол сарайдағы ғұламалардан өзінің түсін жорып беруді сұрайды. Осы аятта: «Сарайдағылар патшаның түсін жоруға тұрмайтын түсініксіз түс» деді» дейді. Алайда зынданда отырған кезде өзінің түсін Юсып жорып берген кісі одан Юсыптың бостандыққа шығуға жәрдемдесуін сұрағанын есіне алады. Сондықтан ол патшадан Юсыпты зынданнан шығаруды сұрап, оның түсті жорып беретінін айтады», деп айтылған. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, шын түсті тек Алланың пайғамбарлары ғана көрмейді, залым патшалардың да кейде шын түс көруі мүмкін.Екіншіден, шетте жүрген маман немесе ғалым-ғұлама болса, халық олардың білімдерін пайдалануы үшін ол жайлы басшыларға айту керек.
"Юсып" сүресінің 46-шы және 47-ші аяттары:
يُوسُفُ أَيُّهَا الصِّدِّيقُ أَفْتِنَا فِي سَبْعِ بَقَرَاتٍ سِمَانٍ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافٌ وَسَبْعِ سُنبُلاَتٍ خُضْرٍ وَأُخَرَ يَابِسَاتٍ لَّعَلِّي أَرْجِعُ إِلَى النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَعْلَمُونَ ﴿۴۶﴾ قَالَ تَزْرَعُونَ سَبْعَ سِنِينَ دَأَبًا فَمَا حَصَدتُّمْ فَذَرُوهُ فِي سُنبُلِهِ إِلاَّ قَلِيلًا مِّمَّا تَأْكُلُونَ ﴿۴۷﴾
(Ол зынданға барып): "Әй, шыншыл Юсып! Бізге жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеуі және жеті жасыл сабақ пен қурағандары жайында жоруын бер. Олардың да оны білулері үшін адамдарға қайтып барайын"(46) Юсып (ғ.с): "Жеті жыл әдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай, сабақта қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар"(47)
Бұл істен хазірет Юсыптың ұлылығы мен жомарттығы жақсы көрінеді. Ол өзінің зындандағы жолдасына мені ұмытып кеттің деп ренжіген жоқ. Сондай-ақ Юсып, егер патшаның түсін жорысам мені зынданнан шығарыңдар деп шарт та қойған жоқ. Ол ешбір шартсыз, түсті жорып қана қоймай, халықтың түйткілін шешуге көмектесу үшін құрғақшылықпен қалай күресудің жолын да ұсынды. Осының барлығы хазірет Юсыптың білімі мен даналығын және жоспар құру мен басқару қабілетін білдіреді. Бұл аятта хазірет Юсыпты шыншыл адам деп атайды, өйткені оның сөзі мен ісі шындыққа сәйкес. Өмірде көп адамдардың айтқаны мен істеген әрекеттері бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады. Құран Кәрімде хазірет Юсыппен қоса хазірет Ыбрайым мен хазірет Ыдырыстың да шыншыл сипаттары айтылған. Рауаяттарға сәйкес қасиетті ислам Пайғамбары да Әли ибн Әби Талебті «шыншыл» деп атаған. Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, билік басындағылар түйткілдер мен дағдарыстарды шешу үшін қоғамдағы білікті және ғалым адамдармен ақылдасуы тиіс. Екіншіден, алдағы экономикалық дағдарыстарға дайын болу және оны басқару биліктің негізгі міндеттеріне жатады. Үшіншіден, Алла жолындағы адамдар өз шаруасынан бұрын халықтың әлеуметтік қиыншылықтарын шешуді ойлайды.Төртіншіден, келешекке жоспар құру Аллаға тәуекел етуге қайшы келмейді, қайта тағдырды ойланып қарсы алу керек.
"Юсып" сүресінің 48-49 аяттары:
ثُمَّ يَأْتِي مِن بَعْدِ ذَلِكَ سَبْعٌ شِدَادٌ يَأْكُلْنَ مَا قَدَّمْتُمْ لَهُنَّ إِلاَّ قَلِيلًا مِّمَّا تُحْصِنُونَ ﴿۴۸﴾ ثُمَّ يَأْتِي مِن بَعْدِ ذَلِكَ عَامٌ فِيهِ يُغَاثُ النَّاسُ وَفِيهِ يَعْصِرُونَ ﴿۴۹﴾
"Тағы бұдан кейін қатты (ашаршылық жыл) келеді. Бір аздап сақтағандарыңнан басқа бұрыннан сол жинағандарыңды жейсіңдер (48). Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып, онда жемістердің суын сығатын жыл келетін болады,-деді. (49)"
Хазірет Юсып патшаның түсін нақты әрі толық жорып: «Алдымыздағы жеті жыл бойы су мол болады, сондықтан сол жылдары егін егіп, оның азғана бөлігін ғана тұтынып, қалғанын қамбаға салыңыз. Содан кейінгі жеті жыл бойы құрғақшылық болады, сол кезде бұрын жинаған астықтан пайдаланып, қалғанын тұқым ретінде сақтау керек. Содан кейінгі жылдары жаңбыр көп жауып, тіпті жемістер мен май шығаратын дақылдар көп болғандықтан, халық соларды сығып, кәделеріне жаратады»,-дейді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, төтенше жағдайларды болжап, азық-түлік жинақтауға кеңес берілген. Ал бұл Аллаға тәуекел етуге қайшы емес, әрі азықты рәсуа ету болып есептелмейді.Екіншіден, ауа-райын болжау – ауылшаруашылығында қажетті және пайдалы іс, сондықтан оны пайдалану керек.