Жел 20, 2016 20:14 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 367-ші бөлім, 41-43 аяттар

«Юсып» сүресінің 41-ші аяты: 

يَا صَاحِبَيِ السِّجْنِ أَمَّا أَحَدُكُمَا فَيَسْقِي رَبَّهُ خَمْرًا وَأَمَّا الآخَرُ فَيُصْلَبُ فَتَأْكُلُ الطَّيْرُ مِن رَّأْسِهِ قُضِيَ الأَمْرُ الَّذِي فِيهِ تَسْتَفْتِيَانِ ﴿۴۱﴾"

Әй, абақты жолдастарым! (Түс көрген екеуінің бірі патшаның сушысы, бірі аспазы екен) Біреуің қожайынына арақ ішкізесің. Ал біреуің дереу асылып, басыңды құс шоқиды. Міне екеуінің жоруын сұраған іс бітті"(41).

Өткен бағдарламада хазірет Юсып зындандағылардың түсін жорымай тұрып, пайда болған мүмкіндікті оларды Аллаға серік қосудан тәухидке шақыруға пайдаланды. Сонсоң ол түстерді жорып былай дейді: "Түсінде арақ сыққанды көрген кісі бостандыққа шығып, өзінің сол жұмысына қайта кіріседі. Ал түсінде басында тұрған нанды құстар шоқығанын көрген кісі жақында дарға асылып, оның басын құс шоқиды. Бұл мәселе өзгермейді". Бұл оқиғадан, тіпті бір Аллаға сенбейтін адамдардың түстерінің де рас болатынын көреміз.Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, кейбір түстер болашақта орындалатын шынайы оқиға болады, сондықтан түстің ақиқаты ащы болса да түс жорушы оны айта алады. Екіншіден, Алланың пайғамбарларының сөздері жорамал мен  болжау емес, Алла тарапынан берілген құпия хабарлар. 

"Юсып" сүресінің 42-ші аяты: 

وَقَالَ لِلَّذِي ظَنَّ أَنَّهُ نَاجٍ مِّنْهُمَا اذْكُرْنِي عِندَ رَبِّكَ فَأَنسَاهُ الشَّيْطَانُ ذِكْرَ رَبِّهِ فَلَبِثَ فِي السِّجْنِ بِضْعَ سِنِينَ ﴿۴۲﴾"

Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: "Қожайыныңның жанында мені ескер!",-деді (Юсып ғ.с). Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да сондықтан Юсып бірнеше жыл абақтыда жатып қалды"(42).

Зындандағы  екеуінің жағдайы айқындалған соң зынданға кінәсіз түскен және Зылиха оқиғасынан біраз уақыт өткеннен кейін хазірет Юсып зынданнан шығатын кісіге: "Мысырдың сүйіктісінің алдына барғанда мені ескер, біраз уақыт өткендіктен қабылдап, бәлкім бостандыққа шығармын",-дейді. Бірақ ол ұмытып кетіп, Юсып зынданнан шыға алмай, жеті жылға жуық қамауда қалып қояды. Осы аяттағы айта кететін нәрсе, табиғи құбылыс болып саналатын "ұмыту" деген әдеттің шайтанға байланыстырылуы. Шайтан мүшрік адамға ықпал еткенде оның зейініне әсер етіп, қалаған затты ұмыттыратын көрінеді. Ал Алланың пайғамбарларында бұл керісінше, өйткені шайтан оларға ықпал ете алмайтын болғандықтан, олар ештеңені ұмытпайды. Осы аяттан мынаны түсінеміз:Біріншіден, өз құқығыңа жету мен зұлымдықтан құтылу үшін біреуге өтініш жасау әдеттегі іс. Дегенмен Алланың пайғамбарлары алдымен Аллаға тәуекел етуі тиіс. Екіншіден, шайтан мен шайтан сипатындағылар пәк адамдардың қамалуын тілейді сондықтан пәк адамдардың ақталуы шайтан мен оған ерушілердің жолына сай келмейді.

 "Юсып" сүресінің 43-ші аяты:وَقَالَ الْمَلِكُ إِنِّي أَرَى سَبْعَ بَقَرَاتٍ سِمَانٍ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافٌ وَسَبْعَ سُنبُلاَتٍ خُضْرٍ وَأُخَرَ يَابِسَاتٍ يَا أَيُّهَا الْمَلأُ أَفْتُونِي فِي رُؤْيَايَ إِن كُنتُمْ لِلرُّؤْيَا تَعْبُرُونَ ﴿

۴۳﴾"(Бір күні) патша: "Түсімде жеті семіз сиырдың жеті арық сиырды жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар тағы солай қурағанын көрдім. Әй, сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар",-деді"(43)

Юсыптың хикаясы басталғанан бері үш түсті кездестірдік. Біреуі хазірет Юсыптың түсі, ал екі түс зындандағы оның екі танысының түстері болды. Дегенмен әлгі екеуінің түстері жорылғанымен, Юсыптың түсі әлі айқындалмады. Бұл аятта Мысырдың патшасы көрген төртінші түсте былай делінген: «Жеті семіз сиырдың алдында жеті жасыл масақ ал жеті арық сиырдың алдында жеті кеуіп қалған масақ жатыр». Бірақ патша мен оның сарай қызметшілері бұл түсті жори алмайды. Олар болашақта бір маңызды оқиға болатынын сезіп, биліктен айырылып қалуымыз мүмкін деп ойлайды. Осы аяттан мынадай ой түйеміз: Біріншіден, түс әлемінде әр нәрсе мен жануардың мән-мағынасы бар. Мысалы: арық сиыр – құрғақшылықты білдірсе, семіз сиыр – молшылықтың белгісі. Екіншіден, түсті әр адам жори алмайды, сол себепті түстің мәнісін білікті адамдардан сұрау керек.