Юсып сүресі, 366-шы бөлім, 37-40 аяттар
Юсып сүресі, 366-шы бөлім, 37-40 аяттар
«Юсып» сүресінің 37-ші аяты:
قَالَ لاَ يَأْتِيكُمَا طَعَامٌ تُرْزَقَانِهِ إِلاَّ نَبَّأْتُكُمَا بِتَأْوِيلِهِ قَبْلَ أَن يَأْتِيكُمَا ذَلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّي إِنِّي تَرَكْتُ مِلَّةَ قَوْمٍ لاَّ يُؤْمِنُونَ بِاللّهِ وَهُم بِالآخِرَةِ هُمْ كَافِرُونَ ﴿
Юсып ғ.с оларға): "Сендерге қоректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ахирет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым",-деді."(37)
Өткен бағдарламада түрмеге Юсыппен бірге сарайдың екі қызметшісінің де түскенін және ол екеуінің көрген түстерін Юсыпке айтып бергенін айтқан болатынбыз. Бұл аятта былай деп жазылған: Хазірет Юсып олардың өзінің сөздеріне құлақ асуы үшін оларға алдымен түстерін жорып беретінін айтады. Сонан соң ол кәпірлік пен Аллаға серік қосу жайлы әңгіме қозғап: «Алла маған бұл сыйды біздің қауымды Оған серік қосу мен пұтқа табынушылықтан құтқарып, бір Аллаға табынуымыз үшін берді. Түсті жору қабілетін маған біздің қауым Оған иман келтірмеген Алла берді. Олар дүниенің барлық істері өліммен аяқталады деп сенеді»,-дейді. Бұл арадағы қызықты жайт, хазірет Юсып бұл екі тұтқынның мүмін емес, мүшрік екенін біледі. Бірақ оларға сендер Аллаға иман келтірмейсіңдер демей, «менің қауымым осындай болды, олардың жолы бұрыс» деді.Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, Аллаға серік қосу мен кәпірліктен алшақтаған адамның көкірегіне Алла тағала білім мен хикмет нұрын түсіреді. Мұндай адамдар басқалар одан хабарсыз ақиқаттарға жетеді. Екіншіден, қолда бар мұрсаттарды тиімді пайдалану керек. Хазірет Юсып зынданда мәдени және Аллаға сенім жайлы насихаттық жұмыстар атқарып, пайда болған мүмкіндіктерді аса тиімді пайдаланды.
«Юсып» сүресінің 38-ші аяты:
وَاتَّبَعْتُ مِلَّةَ آبَآئِي إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ مَا كَانَ لَنَا أَن نُّشْرِكَ بِاللّهِ مِن شَيْءٍ ذَلِكَ مِن فَضْلِ اللّهِ عَلَيْنَا وَعَلَى النَّاسِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لاَ يَشْكُرُونَ ﴿۳۸﴾
«Аталарым Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұптардың (ғ.с) дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір серік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адам баласына Алланың бір мархеметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды»(38).
Хазірет Юсып Аллаға серік қосу мен кәпірлік жөніндегі сөздерін жалғастырып: «Мен ата-бабамның жолынан нәпсіқұмарлықтың салдарынан емес, атам Ыбырайым тәрізді Алланың белгілі елшісінің жолын жалғастыру үшін бас тарттым. Ыбырайымның ұрпағы болып табылатын бізге оның жолын тастап, мүшріктерге еруіміз лайық емес. Бұл пайғамбарлар бізге және барша адамдарға Алланың көрсеткен мейірімділігі болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, адамдардың көбісі олардың қадірін білмей, олардың сөздеріне мән бермей, өз жолдарымен жүруде»,-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, әкелермен мақтанып, олардың соңдарынан еру үшін олардың жолы дұрыс болуы тиіс. Екіншіден, пайғамбарлар – Алланың үлкен сыйы. Оларға еру – нығметтерге шүкірлік білдіру, ал оларға бағынбау – күпірлік болып есептеледі.
«Юсып» сүресінің 39-40 аяттары:
يَا صَاحِبَيِ السِّجْنِ أَأَرْبَابٌ مُّتَفَرِّقُونَ خَيْرٌ أَمِ اللّهُ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ ﴿۳۹﴾ مَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِهِ إِلاَّ أَسْمَاء سَمَّيْتُمُوهَا أَنتُمْ وَآبَآؤُكُم مَّا أَنزَلَ اللّهُ بِهَا مِن سُلْطَانٍ إِنِ الْحُكْمُ إِلاَّ لِلّهِ أَمَرَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لاَ يَعْلَمُونَ ﴿۴۰﴾
«Әй, менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсы ма?(39). Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді (40)».
Хазірет Юсып өз сөзін жалғастыра келе: Аллаға серік қосу мен бір Аллаға табынуды өздеріңіз салыстырыңыздар. Мүшріктер бұл дүниедегі барлық нәрсені Құдай деп атап алып, олардың ризалығына бөленіп, ашуынан құтылғысы келеді. Алайда мүміндер баршаға күші жететін тек бір Аллаға сенеді. Оның құдіреті барлығын қамтиды. Иман келтіргендер тек Оның ризалығын ғана ойлайды. Қайсысы артық екен? Мүшріктер барлық нәрсеге Құдай деп ат қойып, мынау «жаңбыр құдайы», ал мынау «жел құдайы» дейді, осының барлығы бос нәрсе. Олардың атынан басқа заты жоқ. Олардан тек айтылып жүрген атаулар ғана бар. Олардың нақты бар екенін ешқандай уахи де, ақыл мен қисын да дәлелдемеген. Керісінше, Алла тек Өзіне ғана құлшылық етіңдер және Өзінен басқаға иілмеңдер деп бұйырады. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:Біріншіден, ақидалық тақырыптарды сұрақ немесе салыстыру арқылы қозғау – халықты дінге шақыру әдістерінің бірі. Екіншіден, адамның сенімі бұрынғылардың салты бойынша тек еру ғана емес, ақыл, қисын немесе аян дәлелдеріне ие болуы тиіс.