Жел 20, 2016 20:19 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 364-ші бөлім, 31-33 аяттар

«Юсып» сүресінің 31 аяты:

« فلما سمعت بمکرهنّ ارسلت الیهنّ و اعتدت لهنّ متکا و آتت کلّ واحدة منهنّ سکّینا و قالت اخرج علیهنّ فلمّا راینه اکبرنه و قطّعن ایدیهنّ و قلن حاش لله ما هذا بشرا" ان هذا الا ملک کریم«

Зылиха қатындардың өзіне сөгіс бергендіктерін естігенде оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі де әрбіреуіне пышақ беріп, Юсыпқа: „Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар) оны көрген сәтте бір түрлі ірі бағалап (естері шығып,) өз қолдарын турады. Қатындар: „Ой, Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште ғой” десті (31).

Алдыңғы бағдарламада Мысырдың әйелдері Мысырдың «сүйіктісінің» әйелінің өзінің құлына ғашық болып қалғандығын естігенде айыптап, тілдерін безеп, оны жамандауға кірісті деп айтқан болатынбыз. Бірақ әлгі әйелдер Мысырдың «сүйіктісінің» әйелінің соншалықты жоғары деңгейі мен жағдайы бола тұра, оған ынтық болатындай Юсыптың қандай адам екенін көргілері келді. Басқа жақтан, Зылиха да өзінің қылығын ақтап, Юсыпты жақсы көруінің себебін дәлелдеуді көздеген еді. Сондықтан Мысырдың әйелдері мен үлкендерін үлкен салтанатты жиынға шақырып, ас-дәм әзірлетіп, Юсыпты әйелдерге қызмет көрсетуге жауапты етіп, жиынға енгізеді. Юсыптың көркемдігі соншалықты, әйелдердің барлығының ауыздары ашылып, таңырқап, осындай сұлу адамды жаратқандығы үшін Алланы мадақтайды: Юсып басқалар сияқты емес екен. Оны адам кейпінде көрінген періште деп атау керек.  Шындығында Мысырдың сүйіктісінің әйелі осындай той-думан өткізу арқылы көре алмайтын бақталастарының өтіріктерін шығарып, оларды да Юсыптың келбетін көріп, өздерінің саусақтарын кесіп жатқандарын байқамай қалған жағдайға жеткізді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Кейбір ғайбаттар мен сындардың себебі адамдардың біреуге жақсылық тілеп, оған жандарының ашуы емес, керісінше қызғаныш пен бақталастық.2. Кейбір кездері адамдар басқаларды сынайды, бірақ егер сол сынақ өздерінің бастарынан өтсе өздері де сондай қателікке ұрынады. Зылиханы айыптап, тілдерімен шағып, тиіскен Мысырдың әйелдері Юсыпты көрген кезде бір сәтке естерінен айрылды. 

«Юсып» сүресінің 32 аяты:

 « قالت فذلکنّ الذی لمتننی فیه و لقد راودته عن نفسه فاستعصم و لئن لم یفعل ما امره ليسجننّ و لیکونا من الصّاغرین(

Зылиха оларға): „Ал міне, мені өсектегендерің осы. Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол әмірімді орындамаса да, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді (32).

Зылиханың күйеуінің алдында Юсыпты кінәлі, ал өзін кінәсіз деп көрсеткеніне қарамастан, ол сарай маңындағы әйелдер мен Мысырдың үлкендерінің айыптауларын көрген кезде мойындап: «Менің оны тегін қаламағандығыма көздерің жеткен шығар. Енді мені айыптамайтын боласыңдар. Әйтсе де Юсыптың менің тілегімді қанағатандырмағанын, бас тартқандығын біліңдер. Сол себепті оны өз қожайынының бұйрығын орындамағаны үшін зынданға тастатамын» дейді. Зылиханың бұл жерде де Юсыптың пәктігін мойындай тұра оны басқаларға сабақ болсын, әрі ешкімнің онымен қарсыласуға батылы бармасын деп зынданға тастатпақ болғаны қызық жәйт. Осы аяттан үйренетініміз.1.    Пәктік пен адалдық – тіпті оны абыройсыздардың өздері мадақтайтын, құрмет деп санайтын құндылық.2.    Билік пен күш, егер абыройсыздардың қолына тисе, пәк, адал адамдар зынданға қамалып, билеушілер өздерінің нәпсілік тілектері жолында қадамдар жасайды.

 «Юсып» сүресінің 33 аяты:

« قال ربّ السّجن احبّ الیّ ممّا یدعوننی الیه و الا تصرف عنیّ کيدهنّ اصب الیهنّ و اکن من الجاهلین »

(Юсып Ғ.С.): Раббым! Бұлардың мені істеуге шақырған істерінен маған зындан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын менен бұрмасаң, оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі(33).

«Мысырдың сүйіктісі» Юсыптың кінәсіз екендігіне сенімді болғанына, тіпті өз әйелінің Мысырдың әйелдерінің алдында өзінің заңсыз тілегін мойындағандығына қарамастан, Зылиханың талабы бойынша Юсыпты зынданға тастады. Бұл сарайдағылар мен рахатқа бейімдердің қайратты әйелдік нәпсілік тілектерге бағындыратындықтарының белгісі. Оссындай адамдар халықтың тағдырын басқарады. Бірақ керісінше, пәк, адал адамдар басқалардың заңсыз тілектеріне бағынушылық танытудың орнына зынданға баруға әзір. Олар Алланың ризашылығын өздері мен басқалардың талап-тілектерінен жоғары деп санап, басқалардың олардың қожайындары мен иелері болғандарына қарамастан, ешқашан да солардың ризашылықтарын Алланың әміріне бағынбаудың құнымен қабылдамайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Пәктік пен адалдық өте маңызды. Осы бағытта тарих бойында көптеген адамдар пәк әрі адал болғандықтары үшін ғана зынданға қамалды. Егер сырттай азат болу көптеген адамгершілік құндылықтардан айырылудың құнымен болса оның құны жоқ.2. Тіпті осы жолда кейбір қиындықтарға ұшырасақ та, күнә кеңістігінен алыс болу құнды.3. Надандық деген сауатсыздық қана емес, нәпсіге берілу мен жүгенсіз тілектерге еру де надандық.