Юсып сүресі, 363-ші бөлім, 28-30 аяттар
Юсып сүресі, 363-ші бөлім, 28-30 аяттар
«Юсып» сүресінің 28-ші аяты:
" فلمّا راء قمیصه قدّ من دبر قال انّه من کیدکن ان کیدکن عظیم "
Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді (28).
Алдыңғы бағдарламада Юсыптың Зылихадан қашқан оқиғасында оның жейдесінің арт жағынан Зылиханың қолымен жыртылғанын және іс әшкере болған кезде әлгі әйелдің туысы болып келетін қазы: «Егер жейде артқы жағынан жыртылған болса, Юсыптың айтып тұрғаны шындық, ал әйел өтірік айтқан болады» деп төрелік жасағанын баяндаған болатынбыз. Осы аят былай дейді: «Мысырдың «сүйіктісі» осындай төреліктен соң Юсыптың жейдесінің артынан жыртылғанын, оның кінәсіздігінің дәлелін көрген соң әйеліне қарап: «Сен мені алдап, өзіңді кінәсіз етіп көрсету үшін осылай дедің. Сендердің, әйелдердің өздеріңнің талап-тілектеріңе жету үшін қулық, сұмдықтарың таңырқау, таңданыстарға себеп болады» деді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Шындық жасырын қалмайды, қылмыскер бір күні масқараға ұшырайды.2. Шындық сөз бізге зиян болса да қабылдайық. Мысырдың патшасы әйелінің кінәлі, ал Юсыптың кінәсіз екендігін қабылдағаны сынды.
«Юсып» сүресінің 29 аяты:
" یوسف اعرض عن هذا و استغفری لذنبک انّک کنت من الخاطئین“
Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқау тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді) (29).
Осы аяттан Мысырдың «сүйіктісінің» әділ, шындықты қабылдайтын адам болғаны белгілі болады. Өйткені Юсыптың кінәсіз екендігін көргенде одан өзі мен әйелінің абыройын сақтап қалу үшін бұл әңгімені басқа жерде айтпауды сұрады. Ол мұны Юсыпты қорқытып немесе үркітіп емес, өтініш, тілек түрінде айтты. Екінші жағынан, әйелінің күнәһар екенін білгенде оған Алладан жарылқау мен кешірім сұрауды тапсырды. Бұл оның жаза мен сый, есеп, кітапқа деген іштей сенімінің бір түрінің көрсеткіші. Әлбетте аяғын шалыс басқан әйеліне осылай ғана сөзбен ескерту жасау, бәлкім жеткілікті емес шығар. Ол намыс мәселесіне қатысты өз тарапынан көбірек қайрат білдіруі керек еді. Жүзеге аспағанына қарамастан, оны осы ұят қылығы үшін шынайы түрде айыптап, сөгіс білдіруі керек еді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Басқалардың жаман әрекеттерінен көрген, естіген нәрселерімізді әшкере етпеуіміз керек. 2.Әйел мен ер адам арасындағы жүгенсіз байланыс адамзаттың барлық кезеңдері мен барлық халықтар арасында жағымсыз, ұят іс деп саналды.
«Юсып» сүресінің 30 аяты:
" و قال نسوة فی المدینة امرات العزیز تراود فتيها عن نفسه قد شغفها حبا" انا لنريها فی ضلال مبین
Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңіл қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді. (30)
Мысырдың «сүйіктісінің» бұл әңгіменің халықтың құлағына жетпеуін, жұрттың өз әйелінің оқиғасынан хабардар болмауын өтінгендігіне қарамастан, патшалардың сарайы маңында көп адамдардың бар екендігі қалыпты жағдай. Солардың бірі осы оқиғаны айтқандықтан, хабар қалаға тарап кетеді. Бұл мәселенің, яғни Мысырдың «сүйіктісінің» әйелінің өз құлынан нәпсілік тілегін қанағаттандыру жолында әшкере болғаны адамдардың, әсіресе әйелдердің қабылдауына лайық еместігі белгілі. Сондықтан олар тілдерін безеп, Зылиханы жамандауға кірісіп, оны осы оқиғаға кінәлі деп санады. Бірақ олар басқа жақтан әлгі құлдың қарапайым адам еместігін, яғни, оның Зылиханы өзіне баурап алатындай ерекше дене және ахлақтық қасиеттердің иесі болуы керек екендігін де түсінді. Сол себепті айтпағандарымен, өздері де оны көруге ынтық болды. Айыптау қалпындағы мұндай өсектеулер мен біл безеулердің келесі себебі қызығаныш болды. Юсып өмір сүрген кезеңде екі топтың оған қатысты шектен тыс ықылас пен ынтықтықты бұрмалаушылық пен адасудың белгісі деп санағандары қызық. Бірінші топ, әкелерін Юсыпты қатты жақсы көргендігіне байланысты «Біздің әкеміз анық қателесуші» деп атаған ағалары болатын. Келесі топ – Юсыпке қатты ғашық Зылиханы «адасушы» деп атаған Мысырдың әйелдері болатын. Әкенің перзентіне деген махаббаты пәк әрі илаһи болғанымен, Зылиханың Юсыпке ғашықтығы пәк емес, шайтани махаббат болды. Бірақ бұл өздері мұндай сезімді бастарынан өткермеген адамдар үшін ғашықтық қатынастардың оларға түсініксіз әрі олардың қабылдауларына лайық еместігін және ғашық адамды «қателесуші» деп атайтындығын көрсетеді. Аллаға ғашық Алланың пайғамбарларын дүниеге тәуелді көптеген адамдардың қателесуші әрі диуана деп санайтындықтары сынды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Күнә жасау үшін есіктерді жабу масқарашылыққа кедергі болмайды. Күнә бір күні адамды етегінен алады. 2. Ер адам – отбасының жауапты тұлғасы. Отбасы мүшелерінің қателіктерін адамдар ер адаммен байланыстырады. Осы оқиғада жұрт Зылиханы Мысырдың патшасының әйелі деп сынға алды.