Юсып сүресі, 361-ші бөлім, 23-24 аяттар
Юсып сүресі, 361-ші бөлім, 23-24 аяттар
«Юсып» сүресінің 23 аяты:
" و راودته التی هو فی بیتها عن نفسه و غلّقت الابواب و قالت هیت لک قال معاذ الله انّه ربّی احسن مثوای انه لایفلح الظالمون
Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңілін өзіне тартпақшы болды да есіктерді бекітті: “Қане, кел бері!”, - деді. Юсып (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді (23).
Алдыңғы бағдарламада Мысырдың «сүйіктісінің» құл базарына жіберген адамы оның үйінде қызмет етуі үшін Юсыпты сатып алғандығын айттық. Бірақ ол Юсыптың көркемділігі мен кемелдігін көргенде зайыбына: «Бұл жігітке жақсы қара» деді. Сондықтан Юсып ерекше құрметке ие болып, басқа қызметшілерден артық болды. Ағалары тарапынан мейірімсіздікке ұшырап, құдыққа тасталған Юсып енді Мысырдың «сүйіктісінің» үйінде басқа бір қатаң сынаққа душар болды: ол Юсыптың жасындағы әрбір жас жігіттің алдынан шығуы мүмкін және дағдарысты жағдайда нәпсілік тілектерді жеңуге дайын болуы қажет сынақ. Мысырдың «сүйіктісінің» зайыбы Юсыпке ғашық болып қалады. Юсып оның құлы әрі қызметшісі боғандықтан одан тілегін қанағаттандыруды сұрайды. Бұл жағдай мен әлеуметтік деңгей тұрғысынан қабылдауға лайық емес іс. Бірақ бұл дүниедегі ғашықтықтың билік пен байлықтың қалпына сыймайтындығына не амал, не шара? Кейбір кездері шаһзаданың өзі кедейге ғашық болып жатады немесе кедей шаһзадаға. Не дегенімен, Мысырдың «сүйіктісінің» зайыбы достық қарым-қатынас орнатып, нәзіктік пен жұмсақтық танытып, Юсыптың назарын өзіне қарай аударуға тырысты. Ол Юсып тарапынан ешқандай әрекетті байқамаған соң өзі іске кірісіп, Юсып екуі бөлмеде жалғыз қалған ыңғайлы бір сәтте есіктерді іштен мықтап жауып, өзінің тілегін тура білдіріп, әртүрлі тәсілдермен Юсыптың нәпсісін қоздырмақ болды. Бірақ Юсыптың да жауабы тура әрі кесімді еді. Юсып: «Мен сенің құлың болсам да бәрінен бұрын Алланың құлымын. Мұндай күнәға батпас үшін Алланы паналаймын. Неліктен, сенің қалауыңды Пәруәрдігерімнің қалауынан артық көруім керек? Құдықтан шығарып, Мысырдың «сүйіктісінің» сарайына әкеліп, маған осындай орын сыйлаған Ол болатын. Жоқ! Ешқашан! Мен ешқашан олай етпеймін. Әйтпегенде өзіме де, өзімнің қожайыныма де зұлымдық жасағаным. Мысырдың «сүйіктісі» мені сенімді адам деп санап, үйінің ішінен орын берді. Мен ешқашандай мұндай қиянатқа бармаймын» деді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Нәпсілік тілектердің күштілігі соншама, егер бақылауға алынбаса, патшаның зайыбын да өзінің құлының тұтқынына айналдырады.2. Кейбір кездері бөтен әйел мен еркектің қосылуы олардың жасырын байланыстарына негіз дайындайды. Оқиғаның емін орын алмастан бұрын қамдау керек. Орынсыз қосылудың алдын алу арқылы әйелдердің күнәға батуларына жол бермеу керек. 3. Жаратушыға мойынсұну Алланың мақұлығы, яғни адамның ризашылығына бөленуден артық. Адам үшін қандай дәрежедегі және қандай жағдайдағы, мейлі отбасыдағы әке-шеше, мейлі қоғамдық деңгейдегі бастық немесе әкімнің талап-тілектерінің алдында Аллаға мойынсұну басымдылыққа ие. 4. Барлық есіктер жабық болса, Алланың рақымының есігі қашанда ашық. Күнәдан арылу үшін Алланы паналауға болады. Ол есікті ашып, адам азат болады.
«Юсып» сүресінің 24 аяты:
" و لقد همّت به و همّ بها لولا ان رءا برهان ربّه کذلک لنصرف عنه السّوء و الفحشاء انّه من عبادنا المخلصین
Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді (24).
Юсыптың қиын да дағдарысты жағдайда Алланы пана тұтқаны туралы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер Юсыптың Аллаға көңіл бөлуі мен илаһи жәрдем болмағанда, Юсып та табиғи түрде нәпсілік тілектің жетегіне еріп, әлгі әйелге барып, күнәға батқан болар еді. Алайда Юсыптың жүрегіндегі ояу болған иманның нұры оны осы масқара істен ұстап қалған, өзін иесінің тілегіне бойсұнушылық танытуына рұқсат бермеген ең жақсы дәлел болды». Сырттай ақылға қонымды болып көрінетін есеппен Юсып: «Мен мұндай тілек білдірген жоқпын. Ол менің қожайыным. Егер оған мойынсұнсам, нәпсіге берілгенім емес, міндетімді орындағаным» деп айта алар еді. Бірақ иманның күші ақылдың күшінен жоғары. Ақыл нәпсімен күресте өте жылдам жеңіліс тауып, істен шығады. Алайда Аллаға деген иман оның күшімен тек бір нәпсілік тілекті ғана емес, сонымен қатар орынсыз барлық нәпсілік тілектерге қарсы табандылық танытып, жеңіс алаңынан жеңімпаз болып шығуға болатын күшке ие. Осы аяттан үйренетініміз:1.Егер Алланы шынайы түрде паналасақ, илаһи жәрдем де міндетті түрде орын алады. Егер илаһи жәрдем болмаса әрбір адамның аяғы тайғанайды.2.Аллаға құлшылықтағы шынайылықтың осы дүниеде де әсері бар, соның ішінде өмірдің қиын сахналарында илаһи жәрдемдер алуға болады. 3.Пайғамбарлар да қарапайым адамдар сынды нәпсілік тілектерге ие. Бірақ олар Аллаға деген мықты иманға байланысты күнәға батпайды. Алла оларды қателіктер мен тура жолдан таюдан сақтайды.