Жел 20, 2016 20:25 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 360-шы бөлім, 19-22 аяттар

«Юсып» сүресінің 19-20 аяттары:

" و جاء ت سيارة فارسلوا واردهم فادلي دلوه قال يا بشري هذا غلام و اسرّوه بضاعة و الله عليم بما يعملون " ، " و شروه بثمن بخس دراهم معدودة و کانوا فيه من الزّاهدين"

Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Шүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі. (19) Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді. (20). 

Өткен бағдарламада Юсыптың ағаларының оны құдыққа тастап, оның жейдесін жалған қанға малып, кейін көздері жасқа шыланып, әкелеріне келіп, Юсып душар болған оқиғаға өздерін қапалы етіп көрсеткендерін айтқан болатынбыз. Енді Юсыптың басынан не өткенін тыңдалық. Бір керуен шөл басу үшін құдықтың қасына келгенше Юсып сол құдықта біраз жатты. Сушы шелектің арқанын құдықтан төмен қоя берді. Сол кезде Юсып содан ұстап, құдықтан шықты. Керуеншілер Юсыпқа оны құл базарында ақшаға сатуға болатын құлға қарағандай қарады. Сондықтан сол аймақ адамдарының бірі Юсыпты өзінің меншігі деген уәж айтпас үшін және құл базарына жетіп, оны төмен бағаға сатып жіберу үшін өздерінің тауарларының арасына тығып қойды. Себебі олар оны қолға түсіру үшін не қиналған жоқ, не ақша төлеген жоқ болатын. Кейбір кездері адам не нәрсені оңай қолға түсірсе, сол нәрсені оңайлықпен жоғалтады, оның қадірін білмейді. Осы аяттардан үйренетініміз: 1.    Кейде жақын туыстар адамды қиындықтардың құдығына душар етеді. Бірақ Алланың мейірімі тіпті олардың мақсаттары құтқару болмаса да оны бөтендердің құтқаруына себеп болады.   2.Кейбір адамдар адамға тауар ретінде қарайды. Олар рухани және адами қасиеттерден бейхабар.

«Юсып» сүресінің 21 аяты: 

" و قال الذي اشتريه من مصر لامراته اکرمي مثواه عسي ان ينفعنا او نتخذه ولدا و کذلک مكنا ليوسف في الارض و لنعلّمه من تاويل الاحاديث والله غالب علي امره و لکن اکثر الناس لايعلمون

Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Оны құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді. (21)

Керуеншілер Юсыпты сату үшін саудаға қойғанда  Мысырдың сарайының өкілі көркем келбетті жігітті сатып алып, патшаға ертіп барды. Мсырдың сүйіктісі оны һәм үй жұмысын атқарып, һәм зайыбының серігі болсын деп үйіне апарды. Себебі олардың балалары болмаған еді әрі перзент сүюден үміттерін үзген еді.  Алла осы жерде былай дейді: «Юсыптың Мысырдың сүйіктісінің үйіне келуімен Юсыптың билікке жету және түсінде көргенінің жүзеге асуы үшін негіз дайындалды». Осы аяттан үйренетінміз:1.    Жүректер Алланың қолында. Юсыптың мейірімінің Мысырдың сүйіктісінің жүрегінде ұялағаны соншама, оның құл болғанына қарамастан, оны өзінің баласындай жақсы көрді. 2.    Қиындықтар мен түйткілдердің соңы жақсылықпен аяқталуы мүмкін. Бұл – Алланың сүннеті. Алланың Юсыпты құдықтың түбінен шығарып, абырой мен даңққа жеткізгені сынды. 

«Юсып» сүресінің 22 аяты:

 " و لمّا بلغ اشدّه اتيناه حکما و علما و کذلک نجزي المحسنين

Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлаймыз. (22)

Алла Тағала Юсыптың хикаясында оның рухани орнына тоқталып, былай дейді: «Юсып Мысырдың сүйіктісінің үйінде ержетті. Бірақ ол түзу әрі сенімді адам болғандықтан, ол Алланың пайғамбарлығы мен ғайып ілімі туралы ерекше мейіріміне ие бола алатын қажетті жасқа жеткенде оған осының барлығын сыйладық». Бұл – жақсыларға ізгі сый беретін Алланың әдіс-тәсілі мен сүннеті. Ия, Алла өзінің пайғамбарларын қоғамдағы адамдардың арасынан таңдайды. Оларды осы үлкен жауапкершілікті қабылдап, орындай алатын қажетті деңгейге жетулері үшін және халықтың алдында лайықтылықтары мен кісіліктері көрінуі үшін әртүрлі оқиғалармен сынайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Пайғамбарлар ғылымының бір бөлігі Алла тарапынан. Бұл жаңалық сынды ашылатын істердің қатарына жатпайды. 2.    Алланың пайғамбарлық міндетіне ие болу лайықтылық пен мүмкіндікті қажет етеді. Оның қай адамның бойында бар екендігінен тек  Алла ғана хабардар. 3.    Алланың ерекше мейіріміне ие болу үшін ғылыми және физикалық мүмкіндіктің болуы жеткілікті емес. Ізгілік жасаушы болу да лазым.