Жел 20, 2016 20:27 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 359-шы бөлім, 16-18 аяттар

«Юсып» сүресінің 16 аяты:

" و جاء و اباهم عشاء يبکون "

Олар іңірде әкелеріне жылап келді (16) .

Алдыңғы бағдарламада Юсыптың ағаларының өздерінің жоспарларын жүзеге асырып, оны құдыққа тастап, үйлеріне оралғанын айттық. Әкелері Йағұбтың оларды көргенде ең алғашқы сұрайтыны Юсып екендігі белгілі. Бірақ олар әкелерінің қайғысына ортақ әрі онымен бірге екендіктерін көрсету үшін және оның ойынан қастандық жасалуы мүмкін деген кез-келген күмәнді жою үшін үйге жылап кірді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Әркімнің көз жасы мен жылағанына сене беруге болмайды. Сатқындар көз жастарын төгіп, өздерін ақтауға тырысуы мүмкін. 2. Сезімдерін көрсетіп, жылап-сықтау сынды көңіл-күйді құрал ретінде пайдалану қастандық жасаушылардың тәсілдерінің қатарына жатады.

 «Юсып» сүресінің 17 аяты:

" قالوا یا ابانا انّا ذهبنا نستبق و ترکنا یوسف عند متاعنا فاکله الذئب و ما انت بمؤمن لنا و لو کنّا صادقین . " “

Әй, әкеміз! Біз жарысып кеткенде Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та бізге сенбейсің ғой” десті (17).

Ағалары көз жастарын өтірік төгумен бірге мынадай үлкен өтірік те айтты. Олар: «Біз жарысып кеткен кезде Юсып заттарымыздың қасында қалды. Жалғыз болғандықтан оны қасқыр жеп кетті» десті. Ағалары Юсыпты әкелерінен серуендету үшін ажыратқандарын ұмытты. Ағайындылар ойнап, Юсыпты заттарының жанына қалдыру үшін емес, Юсып олармен бірге қырға барып, серуендеп, бой жазып, ойнауы үшін баруы керек болатын. Олар осы өтірікпен шектеліп қана қойған жоқ, әкелерін өздеріне сенбейсің деп айыптап: «Біз рас айтып тұрмыз. Алайда сен біздің сөзімізді қабылдамай, бізге сенбейсің» десті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Кейде бір өтірік басқа өтіріктердің айтылуына ұласады. Юсыптың ағалары өздерінің қателіктерін ақтап алу үшін өтірікті бірінен соң бірін айтты. Осылайша масқараға ұшырауға себеп болатын өз істерінің салдарына көңіл бөлмеді.  2. Өтірікші жұрттың оны шыншыл деп санауын талап етеді. Өйткені олар ақиқаттың әшкере болуынан қорқады. 

«Юсып» сүресінің 18 аяты:

" و جاؤ علی قمیصه بدم کذب قال بل سوّلت لکم انفسکم امرا فصبر جمیل والله المستعان علی ما تصفون . "

Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді(18).

Көз жасы мен наламен басталған Юсыптың сотқар ағаларының қастандықтарының жалғасында олар жануардың қанына былғанған Юсыптың жейдесін әкелеріне көрсетіп, соны Юсыпты қасқырдың жарып кеткендігі туралы уәждері үшін мықты айғақ деп санады.  Бірақ Алланың пайғамбары хазірет Йағұб жасырын істің ақиқатынан хабардар болды. Ол Юсыптың тірі екендігін білді. Балаларының өтіріктеріне сенбей, олардың сөздерін қабылдамастан: «Мұның барлығы Юсыпке қатысты осындай ұят іс жасауға және мені одан айрылуға душар етуге себеп болған қызғаныштарың пен нәпсілеріңнің кесірі. Сендер балмады менен жасыру арқылы Юсыпке соққы бердік деп ойладыңдар. Юсыппен қатар мені де Алланың мейірімінің көмегінсіз тыныштала алмайтын қайғыға душар еттіңдер» деді. Хазірет Йағұбтың балаларына қарсы әрекетке бармауы мен Юсыпты іздеп-табуға қадам жасамауының себебі, бәлкім Юсыптың оған айтқан сол түсі болар. Сол себепті Йағұб һәм баласының тірі екендігін, һәм оның қауіп-қатерден аман екендігін, һәм жоғары дәреже мен жағдайға жететіндігін білді. Сондықтан өзі туралы ғана реніш білдіріп: «Алла Тағала маған ұлымнан жырақта болуға шыдау үшін сабыр берсін» деді.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Лас нәпсі адамға күнәні көркем етіп көрсетіп, күнәні ақтаудың негіздерін әзірлейді. 2. Оқиғалардың барлығы бір жағынан Алланың сынағы. Сондықтан дайын болып, сабыр мен шыдамдылық көрсетуіміз керек. 3.Жақсы сабыр деген ол адамның жанының ашып, жасының парлағанына қарамастан, нығметтерге рахмет айтып, күпірлік жасамай, Алланың жар болуын сұрау.