Жел 20, 2016 20:28 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 358-ші бөлім, 11-15 аяттар

«Юсып» сүресінің 11-12 аяттары:

" قالوا يا ابانا ما لک لا ثامنّا علي يوسف و انّا له لناصحون " ، " ارسله معنا غدا یرتع و یلعب و انا له لحافظون "

 Олар: „Әй әкеміз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті29 (11). “Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті. (12).

Өткен бағдарламаларда Юсыптың ағалары алдымен оны өлтіруге шешім қабылдап, кейін өздерінің шешімдерінен бас тартып, Юсыпты құдыққа жасыруды ойластырғанын айтқан болатынбыз. Сондықтан олар Юсыпты әкелерінен ажырату туралы жоспар құрып: «Әке, неге Юсыпты бізден бөлесің? Неге оның бізбен бірге қырға баруына рұқсат бермейсің? Біз шаруамен айналысқанда ол ойынға алданады» десті. Ия, қыдырып-серуендеп, ойнау Юсыптың ағаларының әкелерін көндірген, Юсыпты әкелерінен ажырататын ең мықты қисын болды. Өйткені, шаттанып, көңіл-көтеру әрбір жас адамның қажеттілігі әрі сол кезеңнің ерекшелігі болып табылады. Сол себепті Йағұб өзінің іштей қаламағанына қарамастан, Юсыптың олармен бірге баруына қарсылық білдірмейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Әрбір уәжге сенуге болмайды, әрбір ұранға алданбау керек. Қиянат жасауды мақсат еткен Юсыптың ағалары өздерін сенімді және ізгі ниетті етіп көрсетті.2.Қызғаныш, тіпті адамның ең жақынына өтірік айтып, оны алдауына себеп болады.3.Жас бала көңіл-көтеріп, серуендеуді қажет етеді. Бірақ басқалардың осы мүмкіндікті теріс пайдаланып кетуінен абай болу керек. 

Юсып сүресінің 13 аяты:

" قال انّی ليحزننی ان تذهبوا به و اخاف ان یاکله الذئب وانتم عنه غافلون

(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. Әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді (13).

Хазірет Йағұб Алланың пайғамбары болғанымен, Юсыптың әкесі болатын. Әкесінің перзентіне деген ықыласы Юсыпты өзінен ажыратуға рұқсат бермеуге себеп болды. Сонымен бірге Юсып біртіндеп өз аяғынан тұрып, өз алдына жеке адам болып қалыптасуы тиіс жасөспірім болатын. Сондықтан әкесі оның ағаларымен далаға баруына рұқсат берді. Басқаша айтқанда, перзентіне төнуі мүмкін қатер оның үйде қамалып отыруына себеп болмауы тиіс. Керісінше, оның тәуелсіздікке жетуі ата-ананың перзентіне деген ықыласымен қатар перзенті үшін негіз дайындайтын тәрбиенің маңызды бір принципі болып табылады. Қатер қаупі туған кездері оны ескертіп, перзенттің көңілін қатерлі факторларға аудару қажет. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Бала тәрбиесінде екі принцип сақталуы тиіс: біріншісі, тәуелсіздікке жету мен оның жеке адам болып қалыптасуы үшін негіздер әзірлеу; екіншісі, жас жігітке төнген қауіп-қатерлерге қатысты ескерту жасау. 2.Қауіп-қатерден бейхабар болу оның орны толмауы мүмкін зиян шегу мен соққы жеуге себеп болады.

 Юныс сүресінің 14 аяты:

قالوا لئن اکله الذئب و نحن عصبة انا اذا لخاسرونОлар:

“Біз мықты бір топ бола тұра, оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті (14). 

Әкесінің қауіп сезімі алдында Юсыптың көзін жоюды жоспарлаған ағаларының берген жалғыз жауабы олардың білек күшіне деген сенімдері болды. Бұл олардың Юсыпты кез-келген қауіп-қатерден сақтайтын құрал ретінде айтқан, әкесін Юсыпты өздерімен ертіп кетуге қарсылық танытудан сақтаған дәлелдері болды. Бірақ күшті болудың қауіпсіз болудың дәлелі емес екендігі белгілі. Олар мықты болды, бірақ қиянат жасауды көздеді. Хазірет Йағұб оны сезді, бірақ оның дәлелдейтін айғағы болмады. Осы аяттан үйренетініміз:1.Жастар әдетте өздерінің білектеріне сеніп, қатерді шынайы деп қабылдамайды. Қауіп-қатерді көбірек сезетіндер – ересек адамдар.2.Кейбір адамдар өздерінің сұрқия мақсаттарына жету үшін ешбір істен тартынбастан, айла мен өтірік арқылы өздерінің абыройларын қатерге тігуге дайын.

Юсып сүресінің 15 аяты:

" فلما ذهبوا به واجمعوا ان یجعلوه فی غیابت الجبّ و اوحینا الیه لتنبئنهم بامرهم هذا و هم لایشعرون

Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, әр түрлі аяусыз жапалар көрсетіп, қатты қинап, өлтіруге жақындайды. Ол жылап, еңіреп жалбарынғандықтан, өлтірмей әкелеріне қасқыр жеді деп, қанға бояп, көрсету үшін жейдесін шешіп алып, жандары ашымай, оның беліне жіп байлап құдыққа салбыратып тұрып, жібін кескен сәтте, Алладан Жебірейіл арқылы Юсып (Ғ.С.)-ға пайғамбарлық келеді. Б.Ж.К.Р.Т.Ж-Қ.) Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік. (15).

Ақыр соңы Юсыптың ағалары оны әкесінен ажыратып, өздерімен бірге далға әкетіп, алдын ала қабылдаған шешімдері бойынша оны құдықтың ішіндегі суға емес, шөлдеп өлмес үшін және аң-құстан қауіпсіз жерде болып, шөл даланың ыстығы мен суығынан аман болуы үшін құдықтың тақта сынды қабырғасына орналастырды. Сонымен қатар ағалары басқа жақтың сауда керуендері келіп, Юсып солардың көмектерімен құтқарылып, солармен бірге кетсін деп ойлады.    Алла Тағала сол кезде бар болғаны жасөспірім әрі жалғыздық пен құдықтың қараңғылығынан қатты қорқып, жантәсілім етуі мүмкін Юсыпты жұбатып, оған: «Сені құдыққа тастағанға ренжіме. Жақында осы ағаларың саған келетіндей жағдай туады. Сен сол кезде оларды осы масқара істерінен хабардар етесің» деп жігерлендірді. Осы аяттан үйренетініміз: 1.Алланың жігерлендіретін уәһиі тек қана пайғамбарларды ғана емес, басқа пәк адамдарды да қамтиды. Ол кезде Юсып әлі пайғамбар болған жоқ еді. Бірақ оған Алланың жігері нәсіп етілді. 2.Болашаққа деген үміт – өмірді жалғастыру үшін ең жақсы капитал. Алла өзінің жігер-шабытымен Юсыпты өмірге үміттендірді.2.Қиындықтар және мәселелермен кездескенде, сонымен қатар жалғыздықта Алланың мейірімі мен рақымынан үміттену керек. Ешқашанда сарыуайым мен үмітсіздікке бой алдырмау керек.