Юсып сүресі, 357-ші бөлім, 7-10 аяттар
Юсып сүресі, 357-ші бөлім, 7-10 аяттар
«Юсып» сүресінің 7-8 аяттары:
" لقد کان في يوسف و اخوته آيات للسائلين " ، " اذ قالوا ليوسف و اخوه احب الي ابينا منا و نحن عصبة ان ابانا لفي ضلال مبين
Расында Юсып туыстарының қиссасында сұраушылар үшін өнегелер бар (7). Сол уақытта туыстары: „Юсып және туысы (Бінямин) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді. (8)
Юсып пен ағаларының өмір тағдырлары ақиқат іздеушілер үшін белгі болып табылады. Сол кезде оның ағалары: «Біздің күштірек болғанымызға қарамастан, әкеміз үшін Юсып пен оның інісі Бениамин бізден гөрі сүйіктірек. Әкеміз анық қателесуде» десті. Алдыңғы бағдарламада Құран аяттары негізі бойынша, хазірет Юсып оқиғасының бір түстен басталатындығын айттық. Осы түс Юсыптың болашақтағы жоғары мәртебесін көрсетеді. Бірақ осы мәртебеге жету оңайлықпен жүзеге аспайды. Ол ақиқат іздеушілер соған көңіл аударып, содан сабақ алулары тиіс көптеген шиеленістер, құлдыраулар мен биіктерден тұрады. Алдыңғы аяттардағы Юсыптың түсі жайлы оқиға өмірде басқаша басталады. Әкелері бір болғанымен шешелері басқа Юсыптың ағалары Бениамин мен Юсыпты қызғанатын. Олар әкелерін Юсып пен оның інісі Бениаминге деген әкелік табиғи махаббаты үшін қызғанып, өздерінің арасында: «Біздің мықты да күшті жігіттер болғанымызға қарамастан, әкеміз ана екеуін бізден артық жақсы көреді. Әкеміз осы тұрғыдан қателеседі» десті. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құранның тақырыптары мен ақиқаттары көп. Бірақ ол ақиқатты іздейтін адамдар үшін ғана пайдалы.2. Өзіміздің перзенттерімізбен қарым-қатынасымызға абай болайық. Егер олар алалаушылық сезіміне душар болса, олардың жандарында қызғаныш оты тұтанады.
«Юсып» сүресінің 9 аяты:
" اقتلوا يوسف او اطرحوه ارضا يخل لکم وجه ابيکم و تکونوا من بعده قوما صالحين
Олардан бір айтушы: „Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалады. Артынан да түзу бір топ боларсыңдар” деді. (9)
Әкелерінің Юсыпке қатысты махаббатын теріс түсіну ағайындылардың кейбіреуінің әкелерінің назары өздеріне ауу үшін «Юсыпты жолымыздан алып тастайық. Соңсоң тәубеге келеміз. Алла да бізді кешіреді, сөйтіп, түзу адамдарға айналармыз» деген ұсыныс жасауға дейін жетті.Тәубе – күнә жасау үшін сылтау емес, күнә жасағаны үшін өкіну болып табылады. Егер адам күнә жасаймын да кейін тәубеге келемін десе, тек өзін ғана алдағаны. Адамның «Қазір мына улы тамақты жеймін де, артынан дәрігерге барып, емделемін» дегені сияқты. Қалай болғанда да Юсыпты өлтіру немесе оны шөл далаға апарып тастау жобасы шайтандық ой мен ағаларының Юсыпқа қатысты қатты қызғаныштарын көрсетті. Осы жайт барлық отбасылар үшін қатер қоңырауы, ал ата-аналар үшін ескерту бола алады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қызғаныш адамды бауырын өлтіруге дейін жеткізуі мүмкін. Юсып пен інісінің оқиғасында ғана емес, сонымен қатар Әбіл мен Қабылдың оқиғасында да қызғаныш Қабылдың қолын інісінің қанына былғауына себеп болды.2. Перзенттер ата-анасының махаббатын қалайды. Мейірім мен махаббатың жетіспеушілігі – оларды тура жолдан теріс айналуға итермелейтін үлкен қатер.
«Юсып» сүресінің 10 аяты:
" قال قائل منهم لا تقتلوا يوسف و القوه في غيابت الجب يلتقطه بعض السيارة ان کنتم فاعلينІ
штерінен тағы бір айтушы: „Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді. (10)
Қызғаныш кейбір ағайындылардың арасында қатты, кейбіреулердің арасында онша емес болатындықтан, Юсыпты өлтіру жобасы ағаларының кейбіреуінің қарсылығымен бетпе-бет келді. Сондықтан олардың бірі: «Юсыпты өлтіру қажет емес. Оны бір құдыққа жасырсақ та жетіп жатыр. Осылай етсек, біздің мәселеміз шешіледі. Әрі бостан-бос қолымызды ініміздің қанына былғамайтын боламыз. Юсып су алуға керуен келіп, сол жерден Юсыпты өздерімен алып кеткенше сол құдықта жатады» деді. Осы жоба ағаларының келісіміне ие болып, Юсып өлімнен құтылды. Кейде адамның жанын құтқаратын күнәдан тыюдың тарихтағы үлкен өзгерістерге себеп болатындығы қызық жағдай. Бұл жерде бір ағасының Юсыпты өлтіруге қарсылық танытуы оның жанын аман алып қалды. Юсып та қолы билікке жеткен соң Мысырды құрғақшылық пен тоқыраудан құтқарды. Келесі бір үлгіде Перғауынның зайыбы оны Мұсаны өлтіруден тыйып, Мұсаның жанын сақтап қалды. Мұса да біраз жылдардан соң Исраил ұрпағын Перғауынның кәрінен құтқарды. Осы анық үлгілер Құранның «Бір адамды тірілткен адам барлық адамды тірілткендей» деген аятты растайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Егер жағымсыз істің алдын толығымен ала алмасақ, мүмкіндігінше оны солғындатып, әлсіретуге тырысайық. Ағайындылардың бірінің: «Юсыпты өлтірмейік, оны құдыққа тастайық» дегені сынды.2. Қате істе көпке қосылып кетпей, өзіміздің көзқарасымызды айтайық, бәлкім, қабылданар.