Юсып сүресі, 356-шы бөлім, 4-6 аяттар
Юсып сүресі, 356-шы бөлім, 4-6 аяттар
«Юсып» сүресінің 4 аяты:
" اذ قال يوسف لابيه يا ابت اني رايت احد عشر کوکبا والشٌمس و القمر رايتهم لي ساجدين "
Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айдың маған сәжде жасағанын көрдім” деді. (4)
Хазірет Юсыптың хикаясы Құранда оны жарқын болашақ туралы сүйіншілейтін түстен басталады. Исламның ардақты пайғамбары былай дейді: «Түстің үш түрі болады: біріншісі, Алла тарапынан берілетін сүйінші уәде; екіншісі, шайтан тарапынан қайғы мен құсаның уәдесі; үшіншісі адамның күнделікті өмірдегі қиындықтарын көріп, оның көңілін алаңдататын түс». Әлбетте, Алланың пайғамбарлары мен пәк адамдарының түстері шынайы, яғни Алланың уәһиі сынды. Хазірет Ибраһимнің Алланың әмірімен перзенті Ысмайылды құрбандыққа шалуын түсінде көргендей немесе болашақта орындалатын ақиқаттың көрсеткіші сынды және хикаяның соңында жоғары дәрежеге қол жеткізіп, он бір ағасы мен әке-шешесінің оны мадақтайтын хазірет Юсыптың түсіндей.Осы аяттан үйренетініміз:1. Түс кейбір адамдардың ақиқатқа қол жеткізетін жолдарының бірі болып табылады. 2. Перзенттері оларға сенім артып, өздерінің мәселелері бойынша олармен ақылдасулары үшін әке-шеше өзінің перзенттерімен шынайы қарым-қатынас орнатуы керек.
«Юсып» сүресінің 5 аяты:
" قال يا بني لا تقصص رؤياک علي اخوتک فيکيدوا لک کيدا ان الشيطان للانسان عدو مبين
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй, балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді (5).
Хазірет Йағуб Алланың пайғамбарларының бірі болды. Ол перзентінің түсінің жай іс емес, оның болашақтағы кемелдігі мен ұлылығының көрсеткіші екенін түсінді. Сондықтан ағалары оны қызғанып, оған зардап келтіреді деп ойлап, түсін ағаларына айтпауды тапсырады. Перзенттер арасындағы қызғаныш, яғни бір баланың ғылыми істе немесе өнер жолындағы жетістігі басқа перзенттердің қызғанышына негіз болмауы үшін һәм ата-ана, һәм перзенттердің оған абай болуы қажет іс. Сол себепті хазірет Юсып өзінің түсін әкесіне ағаларының көзінен тасада айтты. Әкесі де оған бұл сырды ешкімге айтпауға тапсырды.Осы аяттан үйренетініміз:1. Түсті айтудың бүлікке себеп болатындығына байланысты өңімізде көретін нәрсені барлық жерде және барлық адамға айтпауымыз керек. Бұл іс бүлік тудырады. 2. Қызғаныш қатері үйде де қоғамның кеңістігінде де шынайы іс. Құпияны сақтау арқылы осы жайттардың көбісінің алдын алуға болады.
«Юсып» сүресінің 6 аяты:
" و کذلک يجتبيک ربک و يعلمک من تآويل الاحاديث و يتم نعمته عليک و علي آل يعقوب کما اتمها علي ابويک من قبل ابراهيم و اسحاق ان ربک عليم حکيم . "
Міне, осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақтарға (Ғ.С.) нығметтерін тамамдағандай, саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі” (6).
Хазірет Йағуб перзентіне берген ақылының жалғасында оған былай дейді: «Ей, Юсып! Алла Тағала болашақта сені пайғамбарлыққа таңдап, біздің әулетімізге нығметін аяқтайды. Сонымен қатар түстерді жорып, олардың ақиқаттарын айтуың үшін саған түс жору ғылымын үйретеді». Хазірет Йағұбтың бұл көріпкелдігі Алланың пайғамбарларына сый еткен және оларды болашақтан хабардар еткен ғайып ілімі негізінде. Хазірет Йағұб перзенті Юсыптың түсінен де осындай істі болжай алды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алла Тағала адамдардың арасынан олардың ең таңдаулыларын пайғамбарлыққа таңдап, оларға адамдарға жетекшілік ету үшін қажетті ғылымды үйретеді.2. Хазірет Ибраһим әулетіндегі пайғамбарлықтың жалғасуы туралы дұғасын Алла қабылдап, оның Ысқақ пен Ысмайылдан тараған ұрпағын пайғамбарлыққа жеткізді. Бұл осы таңдаулы әулеттегі пәктіктің жалғасуының белгісі.