Жел 20, 2016 20:34 Asia/Almaty

Юсып сүресі, 355-ші бөлім, 1-3 аяттар

«һуд» сүресінің аяқталуымен бүгін Құранның келесі сүресі  – хазірет Юсып өмірінің биіктері мен құлдырауының көрсеткіші «Юсып» сүресін бастаймыз. Бұл – 111 аяттан тұратын, Меккеде түскен сүре. Құранның сенім, ахлақ және ахкамның әртүрлі мәселелерін қамтитын және солармен қатарлас пайғамбарлар мен бұрынғы қауымдардың тағдырлары баяндалатын басқа сүрелеріндей емес, бұл сүре байланысты түрде тек хазірет Юсыптың хикаясын  баяндап, басқа тақырыптарға тоқталмайды. Таураттағы хазірет Юсыптың оқиғасында түп-төркіні де баяндалады. Бұның Құраннан айырмашылығы бар.  Хазірет Юсып жайлы Құран аяттарын қарастыру арқылы Құранның тұпнұсқалығы мен шынайылығы анықтала түседі. Осы оқиғаның кейбір бөлімдерінің бұрынғы кейбір жазбаларда бұрмаланғандығын көруге болады. 

«Юсып» сүресінің 1-2 аяттары:

« بسم الله الرحمن الرحیم » ، « آلر ، تلک آیات الکتاب المبين » ، « اناٌ انزلناه قرآنا" عربیٌا" لعلکم تعقلون » 

Ұғымын Алла біледі. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары (1). Расында біз мұны арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер (2).

Бұл сүре де Құранның басқа 29 сүресі сынды, шын мәнінде Алла мен Оның пайғамбары арасындағы жұмбақ сыр болып табылатын, өзінен кейін қоспайтын әріптерден басталып тұр. Бұл – Құранның ғажайыбы көрсеткішінің бір түрі. Өйткені осы сүрелердің көбісінде өзінен кейін қоспайтын әріптерден кейін Құран мен Оның ұлылығы туралы айтылады. Яғни, Алла Тағала өзінің ғажайыбы Құранды баршаның ықтиярындағы әліппенің әріптерімен түсірді. Егер сіздердің де қолдарыңыздан келсе, осы әріптерден Құран сынды кітап әкеліңіздер. Осы аяттар екі маңызды жайтқа тоқталады: біріншісі, ол Құранның ағартушы кітап екендігі. Соның нұрларының арқасында қорытынды мақсатқа қол жеткізу үшін өмір жолының шырағы – хақ пен ақиқат жолын түсіндіреді; келесі, баршаның Құран аяттары туралы ойлануға және оны өзінің ақылы-ойының дамуы үшін пайдалануға міндетті екендігі. Құран адамдар соны оқып, ақырет пен рухани сыйға жетсін деп түсірілген жоқ. Керісінше, Құран адамдардың өздерінің жеке және қоғамдық өмірлерін соның негізінде қалап, оның тағылымдарын өздерінің өмірлерінің басты бағдарына айналдырсын деп түсірілді.Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Араб тілі – Құранның тілі. Құран аяттары жайлы ойлану үшін араб тілін білгеніміз дұрыс.2.    Құран тек телават (оқу) пен табаррок (бойтұмар, қасиетті) үшін ғана емес, адамның ойлануы үшін де құрал болып табылады. 

«Юсып» сүресінің 3-ші аяты:

« نحن نقصٌ علیک احسن القصص بما اوحینا الیک هذا القرآن و ان کنت من قبله لمن الغافلین»

(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің (3).

Осы аятта Алла тағала өзінің пайғамбарына былай дейді: «Құранды саған уәхи ететін біз бұрынғылардың тағдырларын да саған ең жақсы түрде баяндаймыз. Бұлар да аспан уәхиі мен Құран кітабының бір бөлімдері». Негізінен әңгімелер мен хикаялар, әсіресе, егер бұрынғы қауымдардың шынайы өмірлері мен тағдырларын баяндайтын болса және тыңдарман мен оқырман оны біреудің ой-қиялының туындысы деп қабылдамаса, адамды тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Шынтуайтында, Құран хикаяларының ең маңызды ерекшелігі – олардың шынайылығы. Бүгінде тарих ден танылған ғылым университеттер мен ғылыми орталықтарда оның әртүрлі қырлары бойынша қарастырылуда. Хазірет Әли перзенті имам Хасанға былай деді: «Перзентім! Мен бұрынғылардың тағдырларын зерттегенім соншалықты, тіпті солармен бірге тіршілік етіп, солардың ғұмырларындай өмір сүргендеймін». Құранда тарихтың орны кейбір рауаяттарда ол Құран атауларының бірі – «Ахсан ал-Қесас» деп аталған мөлшердей. Осы аятта бұдан басқа Алла өзін «хикаяшы», «хикаяны баяндаушы» деп таныстырған. Хазірет Юсыптың хикаясын пайғамбарға баяндап, оны Құранның бір бөлімі етті. Егер осы аятта хазірет Юсыптың хикаясы ең маңызды хикая ретінде баяндалса, оның себебі  хикаяның кейіпкері болмысының тұла бойы пәктік, адалдық, сабыр мен иманға толы болуынан. Хикаяның маңызды мәселесі мынада: хазірет Юсып жастығының ең қызу шағында өзінің нәпсісімен күресіп, оны жеңді. Осы хикаяда қарама-қайшылықтардың жиынтығы бір-бірінің жанында топтасқан: ажырау мен қосылу; қайғы мен қуаныш; қуаңшылық; жәбір мен жапаның көптігі; адалдық пен пәктіктің салтанаты мен жала... Осы аятта «қапылдық» мін болып саналмайтын «білмеу» деген мағынада қолданылған. Қапылдық егер біліп, таныған соң пайда болса айып, мін деп саналады: Алладан қапыл қалу және Оның ұлылығынан қапыл болу сынды. Пайғамбар хазірет Юсыптың оқиғасын білмеді, бірақ илаһи уәхи арқылы одан хабардар болды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Үлгі ұсыну үшін оқиғалары шынайы, өздері табысты да ықпалды тарихи тұлғалар мен солардың хикаяларын айтайық.2.    Құранның тарихи оқиғаларды баяндауы шынайы және толығымен сенімді. Себебі бізге олар дана және хакім Алла тарапынан жеткен.