Һуд сүресі, 354-ші бөлім, 119-123 аяттар
Һуд сүресі, 354-ші бөлім, 119-123 аяттар
«Һуд» сүресінің 119-аяты:
" الا من رحم ربٌک و لذلک خلقهم و تمٌت کلمة ربک لاملئنٌ جهنٌم من الجنٌة و النٌاس اجمعين "
Бірақ Раббыңның мәрхамет еткені басқа. Оларды сол үшін жаратты. Раббыңның: “Әрине тозақты бүкіл жындар және адамдармен толтырамын” деген сөзі тура шықты. (119)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың адамдарды иманды қабылдауға мәжбүр етпегенін, бір жақтан оларға хақты жалғаннан ажырату үшін ақыл сыйлағанын, басқа жақтан өзі қалаған жолды таңдау үшін ықтияр бергенін айттық. Әр таңдаудың нәтижесінің болатындығы және барлық жолдардың соңының бір емес екендігі табиғи іс. Осы аят былай дейді: «Жындар мен адамдардан күпіршілік пен теріске шығару жолын таңдайтындар бұл дүниеде материалды нығметтерден мақұрым қалмаса да, қияметте тозақ пен илаһи қаһарға душар болады. Ол жерде тек илаһи жетекшілікті қабылдаумен Алланың ерекше рақымына ие болғандар ғана құтқарылады». Мұнымен қоса, келесі бір маңызды жәйтқа сілтеме жасап былай дейді: «Сендердің жаратылыстарың – илаһи рақымның белгісі. Құдай Өзінің мейірімімен сендерді жаратып, жетекшілікке нұсқады. Ондай болса қияметте де Алланың мейірімі мен рақымына бөленетіндей іс жасаңдар».Осы аяттан үйренетініміз:1.Алланың мейірімі мен қаһары деген бос сөз емес. Керісінше бұл ұғымдар біздің таңдауларымыз бен қылықтарымызбен сәйкеседі. Жақсының жазасы – жақсылық, жамандықтың жазасы – жамандық. 2. Құдай адамның болмысына ақыл мен түйсікті орналастырып, пайғамбарлар мен аспандық кітаптарды жіберіп, адам үшін сырттан да іштен де дәлелді аяқтады. Оның жазасы адамдарға дәлел аяқталған соң барып орын алады.
«Һуд» сүресінің 120 аяты:
" و کلا نقص عليک من انباء الرسل ما نثبت به فؤادک و جاء ک في هذه الحقٌ و موعظة و ذکري للمؤمنين "
(Мұхаммед Ғ.С.) саған пайғамбарлардың қиссасын көңіліңді орнықтыру тұрғысынан баян етеміз. Осында саған хақиқат және мүміндер үшін бір насихат әрі түсінік келді. (120)
Осы сүреде көптеген пайғамбарлардың тағдырлары баяндалды. Сүренің соңында Құдай былай дейді: «Олардың тағдырлары пайғамбардың жүрегі сенімдірек, мықтырақ болуы үшін және одан бұрынғы пайғамбарлардың да көптеген қарсыластармен кездескендерін, бірақ олардың сабыр сақтап, табандылық танытуларымен өз жолдарында күдікке бой алдырмағандарын білуі үшін айтылды». Бұдан басқа бұрынғылардың қиындықтарын баяндау болашақ ұрпақтың ғибрат алуы үшін де пайдалы. Егер олар да Хақ жолынан қол үзсе, бұрынғы өткен халықтар сынды илаһи жазаға душар болады». Осы аяттан үйренетініміз:1. Құран хикаялары – қиял-ғажайып, ермек үшін емес шынайы және мақсатты хикаялар.2. Тарихты зерттеу ақиқаттарды дұрыс танудың, жүректің тынышталуының және содан ғибрат алудың факторы.
«Һуд» сүресінің 121-122 аяттары:
" و قل للذين لا يؤمنون اعملوا علي مکانتکم انٌا عاملون " ، " و انتظروا انٌا منتظرون "
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай иман келтірмегендерге: “Өздеріңше істеңдер, Расында біз де істейміз” де. (121) “Сендер де соңын күтіңдер, біз де күтеміз” (де) (122)
Алдыңғы аят былай деді: «Бұрынғы халықтардың тарихы мүміндер үшін ғибраттың мәйегі. Тек солар ғана өткеннен ғибрат алады. Тек соларға ғана өткендердің тарихы әсер етеді». Бұл аят былай дейді: «Бірақ, уа, пайғамбар, иман келтірмейтіндерге «Қалағандарыңды істеп, соның нәтижесін күтіңдер. Біз де өзіміздің қалағанымыздай ғамал етіп, өзіміздің істеріміз бен сендердің істеріңнің нәтижелерін күтеміз» деп айт. Осы аяттан үйренетініміз.1.Имансыз адамдарға бәлкім, әсер етер деп, тым болмағанда оларға дәлел аяқталу үшін ескерту жасаған лазым.2. Дінді насихаттағанда әркіммен оның түсінігі мен әрекетіне сай сөйлесу керек. Мысалы, қырсық та қыңыр адамдармен қатер тілімен сөйлескен жөн.
«Һуд» сүресінің 123 аяты:
" و لله غيب السموات و الارض و اليه يرجع الامر كله فاعبده و توکل عليه و ما ربٌک بغافل عمٌا تعملون "
Көктер мен жердің сыры Аллаға тән. Істің бәрі соған қайтады. Ендеше, Соған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Раббың істейтін істеріңнен ғапыл емес. (123)
Осы сүренің соңғы аяты пайғамбар мен серіктеріне қаратып былай дейді: «Барлық істің Құдайдың қолында екенін біліңдер. Ол сендердің әшкере істеріңді ғана емес, сондай-ақ құпия-сырларыңды да біледі. Олай болса, Оның жолымен жүріп, Оған құлшылық етіңдер. Қиындықтарда Оған арқа сүйеңдер. Солай еткен жағдайда құтыласыңдар». Құдайға құлшылық етіп, Оған тәуекел етудің адамның талпынысы мен еңбегімен сәйкеспейтіндігі, бірақ оның қажеттілік екендігі табиғи нәрсе. Яғни, талпыныс жасағаннан кейін тәуекел етудің мағынасы бар. Талпыныс жасамайтын адам шын мәнінде тәуекел де етпейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Болмыс материалды және көрінетін бейнеден басқа материалды емес, ғайып бейнеге де ие. Мүміндер бұл іске сенеді. 2.Ғайыпқа деген иман Құдайға құлшылық ету мен басқаларға құлшылық етуден азат болуға негіз қалайды.