Һуд сүресі, 353-ші бөлім, 116-118 аяттар
Һуд сүресі, 353-ші бөлім, 116-118 аяттар
«һуд» сүресінің 116 аяты:
" فلولا کان من القرون من قبلکم اولوا بقية ينهون عن الفساد في الارض الا قليلا ممٌن انجينا منهم و اتبع الذين ظلموا ما اترفوا فيه و کانوا مجرمين "
Сендерден бұрынғы ғасырлардағы ақыл иелері жер жүзіндегі бұзықтықтан тыйса еді? Бірақ олардың азын ғана құтқардық. Зұлымдық істегендер берілген жоғары тұрмыстың соңына түсіп күнәкар болды (116).
Алдыңғы аяттарда Алла Тағала пайғамбар мен мүміндерді хақ жолы мен намаз оқып, ғибадат етуде табанды болуға бұйрық берді. Осы аят ғылым мен билік және ақыл иелеріне «Неліктен жер бетінде бұзықтықтың артуы мен етек жаюына бөгет болмайсыңдар? Неліктен зұлымдық пен әділетсіздік және үстемшілдіктің алдын алу үшін қоғамның адамдарын ғылым мен иман күшімен қаруландырмайсыңдар?» деген мәселені еске салады. Осыған ұқсас ескерту Құранның басқа аяттарында діни ғұламаларға қаратып: «Неліктен халықты күнәдан тыймайсыңдар?» деп айтылған. Құран осы мәселені жалпы түрде жинақтамайды, керісінше аяттың жалғасында былай дейді: «Алайда әр заманда өздерінің міндеттерін орындап, басқалардың құтқарылу құралдарын дайындаған азғантай топ болған. Бірақ нәпсі тілектері мен дүниенің қызығының соңына түскендер қылмыскерлер мен залымдарды өздерінің өмірлеріне үлгі етеді». Осы аяттан үйренетініміз:1. Ғылым мен билік иелері бұзықтық пен күпірлікті таратушы емес, қоғамды бұзықтық пен бейбастақтықтан тыюда көбірек жауапкершілікке ие.2. Бұрынғы қоғамдардың құруы мен жоюылуының сыры олардың бұзықтық пен күнәлардың алдында немқұрайлық пен үнсіздік танытуларында.
«Һуд» сүресінің 117 аяты:
" و ما کان ربک ليهلک القري بظلم و اهلها مصلحون "
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың халқы түзу болған кенттерді орынсыз жоқ етпейді (117).
Аяттар бұрынғы қауымдардың өлімге ұшырауларынан хабар бергеннен кейін осы аят былай дейді: «Алла Тағала оларды себепсіз өлімге душар етті деп ойламаңдар. Өйткені тек залымдарды ғана өлтіру – Алланың сүннеті. Алланың түзу әрі дұрыс адамдардың көзін жоюы мүмкін емес». Рауаяттарда «Қоғамды түзетудегі, басқалармен ынсапты түрде қатынас жасап, оларға махаббат-мейірім көрсетіп, оларға жақсылық тілеудегі мақсат – егер адамдар бір-бірімен осылай болса, Алла Тағала тіпті солардың арасында бұзылған адамдар болса да солар үшін халыққа рақымшылық жасайды деген сөз» деп жазылған. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Түзу болудың жалғыз өзі жеткіліксіз, түзетуші болу да лазым. Адамдар қоғамның алдында да жауапты. 2. Алланың жазасы тек қияметте ғана емес, Алланың қаһары осы дүниеде де залымдарды қамтиды.
«Һуд» сүресінің 118 аяты:
" و لو شاء ربٌک لجعل الناس امة واحدة و لايزالون مختلفين "
(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда (118).
Осы аят Құдай берген маңызды міндеттердің біріне, яғни адамдардың рухы мен дене құрылымындағы айырмашылық пен олардың жігері мен еріктерін тілге тиек етіп, былай дейді: «Әрбір істе Алланың еркінің күші болып, ешкім Алланың қалауына қарсы тұра алмаса да Алла адамдардың бірдей болмауын, олардың өз еріктерімен өздерінің жолдарын таңдауын қалады. Ой-пікір айырмашылығы – осы айырмашылық пен ықтиярдың нәтижесі. Егер Алла қалағанда адамдардың барлығын бірдей әрі мүмін етіп жаратқан болар еді. Бірақ адам үшін мұндай иманның не пайдасы болмас еді, не мұндай бірлік пен үндестіктік және мұндай істің де қадірі болмаған болар еді. Егер адам әртүрлі қызығушылық пен ойларының болуымен өзінің жігері үшін дұрыс жолды таңдаса құнды болады. Себебі ол бұрыс жолды да таңдай алады. Басқа жақтан, адамның азаттығы мен еркі туралы сөз қозғалғанда пікір мен идеология таңдаудағы айырмашылық қалыпты жағдай ол бір топтың хақ жолын таңдап, келесі бір топтың бұрыс жолды таңдауына себеп болатын айырмашылық. Алайда Алла Тағала ақыл беріп, пайғамбарларды жіберу арқылы адамдарға жол нұсқаудың негізін әзірледі. Сонымен қатар ақырет сыйы мен жазасын анықтау арқылы адамды ынталандырып әрі жазалайды. Бірақ бұлардың ешқайсысы адамды илаһи жолды қабылдауға мәжбүрлеуге себеп болмайды. Сондықтан адамдардың көбісінің Алланың жолына қарсы әрекет ететіндігін көреміз. Алла Тағала халықты өзінің дінін қабылдауға мәжбүрлеген жоқ, керісінше пайғамбарына да былай деді: «Сенің тек ескертуге ғана құқығың бар. Оларды Алланың дінін қабылдауға күштей алмайсың». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамға қатысты илаһи сүннет айырмашылықтармен қатар ой мен пікір таңдауда ықтияр мен азаттық сыйлайды. 2. Ой-пікір және сенім айырмашылықтары адамның еркінің нәтижесі.