һуд сүресі, 352-ші бөлім, 111-115 аяттар
һуд сүресі, 352-ші бөлім, 111-115 аяттар
«һуд» сүресінің 111 аяты:
" و انٌ کلا لمٌا ليوفٌينٌهم ربک اعمالهم انٌه بما يعملون خبير "
(Мұхаммед Ғ.С.) күдіксіз Раббың олардың барлығының істегендерінің бодауын әрине толық береді. Өйткені Ол олардың істегендерін толық біледі. (111)
Алланың сүннеттерінің бірі – адамның еркімен жасалатын ғамалдары мен әрекеттері негізінде орын алатын жаза мен сый жүйесі. Жазалаудың қажеттілігі адамдардың түрткілері мен амал тәсілдерінен толықтай хабардар болу деген сөз. Алла һәм адамның әшкере және жасырын істерінен, һәм адамның ізгі және жаман ойларынан толығымен хабардар. Оның назарынан ештеңе де жасырын емес. Бірақ жаза жүйесінің негізі қияметке байланысты. Бірақ Алла осы дүниеде де жаза мен сыйдың бір бөлігін береді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Илаһи идеологияда ешбір амал: жақсы, я жаман жауапсыз қалмайды.2.Алланың жазасы мен сыйында ешқандай кем-кетік болмайды әрі ешбір адамға әділетсіздік пен зұлымдық жасалмайды.
«Һуд» сүресінің 112 аяты:
" فاستقم کما امرت و من تاب معک ولا تطغوا انٌه بما تعملون بصير "
(Мұхаммед Ғ.С.) бұйырылылғанындай тура бол! Сенімен бірге тәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла не істегендеріңді толық көруші. (112)
Мүшріктер мен кітап иелерінің пайғамбар мен мүміндермен қарсыласуларын баяндаған өткен аяттардың жалғасында осы аят пайғамбар мен серіктеріне қаратып былай дейді: «Қарсыластардың қылықтары сендердің осалдық танытуларың мен олармен ымыраға келулеріңе себеп болмасын. Сол сияқты қарсыластарға қатысты Алланың шегінен асып, күш көрсетпеңдер, қырсықтық танытпаңдар. Алла Тағала сендердің жағдайларыңнан хабардар». Рауаят негізі бойынша пайғамбар былай деген: ««Һуд» сүресі мен қартайтты». Ол хазіреттің айтайын дегені тек пайғамбарды ғана сабыр мен шыдамдылық танытуға бұйырған емес, сонымен қатар оның ізбасарларын да табандылық танытуға әмір еткен осы аят еді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жетекшінің табандылығы үмбеттің шыдамдылығымен бірге болады. Әлбетте жетекші барлық істе алдыңғы шептен көрінуі тиіс. 2. Қарсыластардың алдында осалдық танытып немесе олармен бітімге келуге және де асылық етіп, бүлік шығаруға болмайды. Әділет пен шыдамдылық ең жақсы тәсіл.
«һуд» сүресінің 113 аяты:
" ولا ترکنوا الي الذين ظلموا فتمسٌکم النٌار و ما لکم من دون الله من اولياء ثمٌ لا تنصرون »
Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар. Онда сендерге тозақ кездеседі. Сендерге Алладан басқа дос болмайды, сонсоң көмек те көрмейсіңдер! (113).
Алланың шыдыамдылық пен табандылық таныту туралы бұйрығынан кейін осы аят былай дейді: «Егер Егер Алланың дінінің қарсыластарына қатысты достық пен махаббат білдірсеңдер немесе оларға арқа сүйесеңдер сендерге қиын кезде олар сендерді қолдап, жәрдемшілерің болады деп ойламаңдар». Керісінше сендердің нағыз қамқоршыларыңның Алла екендігін біліңдер. Қарсыластар мен үстемшілерге ыңғай білдірудің осы дүниеде Алланың қаһары мен ақыреттегі тозақ отынан басқа салдары жоқ. Рауаятта үстемшіл адамдарға олар тіпті сендердің туыстарың немесе жақындарың болса да бауыр басушылық танытып, оларға үміт артпаңдар деп айтылған. Үстемшілдің тірі болып, жер басып жүруіне қаншалықты риза болсаңдар соншалықты солардың күнәларына серіктессіңдер». Осы аяттан үйренетініміз:1.Үстемшіл күштерге арқа сүйеудің орнына Аллаға тәуекел етейік: Оның құдіреті ең жоғары. 2. Исламдық саясатта қандай да болмасын үстемшіл және кәпір күштерге арқау сүйеуге тыйым салынады әрі ол үлкен күнә деп саналады. 3.Үстемшілге арқа сүйеудің нәтижесі басына күн туғанда жалғыздық пен сергелдеңдікке ұшырау.
«Һуд» сүресінің 114-115 аяттары:
" و اقم الصٌلوة طرفي النٌهار و زلفا من الٌليل انٌ الحسنات يذهبن السٌيئات ذلک ذکري للذٌاکرين " ، " و اصبر فانٌ الله لا يضيع اجر المحسنين "
(Мұхаммед Ғ.С.) күндіздің екі жағында, (таң және екінді намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам, жашыйық) намазын толық орында. Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат. (114) (Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет. Расында Алла, жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды. (115)
Табандылық таныту мен қарсыластармен бітімге келуден бойды аулақ салуға шақырған аяттан соң осы аят пайғамбар мен оның серіктерін намаз оқып, ғибадат жасап, Алланы еске алуға шақырады. Себебі Алламен байланыс ішкі тыныштық пен сыртқы қауіп-қатерлермен күресуде күш беретін фактор. Сонымен қатар осы байланыс күнәлардың кешірілуі мен ұят және жөнсіз істердің әсерлерінің жойылуына да себеп болады. Сол себепті осы аятта да намаз оқуға бұйырған соң намаздың қажеттілігі болып табылатын сабыр сақтау мен шыдамдылық таныту туралы әмір қайталанады. Рауаятта Әлидің жиналған бір топқа еніп, олардан «Сендердің ойларыңша Құранның ең үміттендіретін аяты қайсы?» деп сұрағанда әркім әртүрлі жауап беріп, Құран аяттарының бірін айтыпты дегені айтылған. Сол кезде Әли хазірет: «Алланың елшісінен «Құрандағы ең үміт сыйлайтын аят «Уқаммул салуһу тарафеи алнаһар уа залафа маналлейлан алхасанат иузһабне ассайат» деп айтқанын естідім» дейді. Одан кейін Алланың елшісі: «Уа, Әли! Алланың атымен ант етемін, Адам намаз оқу үшін вузу алғанда оның күнәсі кетеді. Жүзін қыбылаға қаратып бұрғанда тазарады. Уа, Әли! Намаз оқушының мысалы өзін күніне бес рет өзендегі суға түсіп, жуынатын адам сынды. Төрелігін айтшы, оның денесінде содан кейін қандай кір қалады?» депті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Намаз жүйелі және белгілі бір уақыттарда оқылатын бағдарлама. Намаз – ұят және жаман істерді жоятын ізгі істің ең анық дәлелі..