Жел 20, 2016 20:45 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 351-ші бөлім, 108-100 аяттары

«һуд» сүресінің 108 аяты:

« واما الذين سعدوا ففي الجنة خالدين فيها مادامت السٌموات والارض الا ما شاء ربٌک عطاء غير مجذوذ »

Ал енді бақытты болғандар жаннаттық болады. Олар жаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Бұл үздіксіз бір сыйлық (108).

Алдыңғы бағдарламада Алла тағала адамдарды «бақытты» және «бақытсыз сорлы» деп жалпы екі топқа бөлді. Өткен аяттарда бақытсыздар «тозақтық» деп таныстырылды. Осы аят бақыттыларды «жәннатық» деп таныстырады. Әлбетте, Алланың қолы барлық жағдайда ашық: тозақтықтарды оттан босатуда да, жәннаттықтарды жәннаттан қуып шығуда да. Өйткені, жәннат – біздің Алладан талабымыз емес, Алланың сыйы. Сонымен қатар Алла осы сыйды жәннаттықтардан тартып алмайтындығы мен оларды  жәннаттан қуып шықпайтындығына уәде берген.  Адам жәннатқа кірген соң одан шықпайды. 1.    Бақытты болуға қатысты етістік белгісіздік етістік түрінде алынған. Бұл адамның бақытында оның қалауы мен еркімен қоса пайғамбарлардың жетекшілігі сынды факторлар да рольге ие. 2.    Жәннат біздің Ұлы Алладан сұраған талап-тілегіміз емес, илаһи мейірім мен сый.

«Һуд» сүресінің 109 аяты:

« فلاتک في مرية ممٌا يعبد هؤلاء ما يعبدون الا کما يعبد اباؤهم من قبل وانٌا لموفوهم نصيبهم غيرمنقوص »

(Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларыңның бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине, біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз (109).

Мүміндерге қауіп төндіретін қатерлердің бірі өздерінің жолдарының  хақтығы немесе басқалардың жолдарының теріс екендігіне қатысты күмән мен күдікте болуы олардың діни міндеттерді орындауда солқылдақтық танытып, тартынуларына себеп болады. Осы аят тақырыптың маңыздылығын баяндау үшін пайғамбарға былай дейді: «Мүшріктердің жолының жарамсыз екендігіне күмәнің болмасын». Пайғамбардың ешқашан да күмән мен күдікке берілмегендігі белгілі. Бұл мүміндерге төнген қатер. Бірақ аят басқалар өздерінің істерінің есебін жасасын деп пайғамбарға қаратып айтылған. Бірақ пікір және сенім мәселелерінде адамның бір кезеңде барлық нәрсеге күдіктенгені дұрыс. Бірақ күдік-күмәннан арылмай қалып қою қатерлі. Зерттеулер мен тексерулер арқылы шәк-күмәннан өтіп, сенімді кезеңге жету керек. Бірақ істің хақтығы анықталғанда адам күн сайын күмәнданып, азғыруға көнбей сол жерде табанды, мықтап ұстанып қалу керек. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Хақ жолында мықты, нық тұру керек. Тіпті егер барлық адамдар хақтан қол үзсе де адамның өзінің пікірінде табанды қалуы басқалардың шәк пен күмәндері оған әсер етпеуі лазым.2.    Бұрынғылар мен ата-бабалардың дың сүннеттері мен әдет-ғұрыптары барлық жерде құнды емес. Сенім мәселелерінде адам өзі ойланып, дұрыс жолды таңдауы тиіс.   

«Һуд» сүресінің 110 аяты:

 « ولقد آتينا موسي الکتاب فاختلف فيه و لولا کلمة سبقت من ربٌک لقضي بينهم و انٌهم لفي شکٌ منه مريب »

Расында Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік. Сонда да қайшылық тудырылды. Егер Раббыңнан сөз берілмеген болса еді, (бұйрық солай болмаса еді,) әрине араларына үкім берілген болар еді. Расында олар Құраннан шәк ішінде күдіктенуде (110).

Мүміндердің күдік-күмәннен бойды аулақ салу қажеттігі және оның қатері туралы алдыңғы аяттан соң осы аят былай дейді: «Хазірет Мұсаның ізбасарлары да аспандық кітаптары Таурат тұрғысында алауыздық пен күдік-күмәнға ұшырады. Сендердің аспандық кітаптарың Құранның ақиқаттығы туралы да күмән жаман оймен араласқан». Алайда егер күмән мен күдік шынайы әрі хақиқат болса, ештеңе емес. Бірақ адам жөн-жосықсыз «менің сендердің істеріңе күмәнім бар, сондықтан соңдарыңннан ере алмаймын» демей, ақиқатты түсінуге ұмтылуы маңызды. Ол күмәнді жойып, сенімге жетілуді мақсат етуі керек. Алланың кітабына байланысты күмәндаудың жазасы ауыр. Өйткені Алла адамдарға бұл дүниеде мұрсат беріп, оларды бұл дүниеде азаптамай оны қиямет күніне қалдырған. Осы аяттан үйренетініміз.1.    Адамдардың дін мен иман тұрғысындағы алауыздығы үшін өзіміздің сенімімізге шәк пен күмәнға ұрынбайық. Бұл бір жаңа іс емес, тарих бойынан келе жатқан жағдай.2.    Күнәһарлардың жазасының қияметке дейін кешіктірілуі адамдардың қапылдыққа беріліп немесе тәкаппарлыққа салынуына себеп болмау керек. 3. Таурат пен Құранның аспандық және нұр кітаптары болғанына қарамастан, кейбіреулер осы нұрды көрмей, оған күмән келтіреді.