Һуд сүресі, 350-ші бөлім, 102-107 аяттар
Һуд сүресі, 350-ші бөлім, 102-107 аяттар
«һуд» сүресінің 102-103 аяттары:
" و کذلک اخذ ربک اذا اخذ القری و هی ظالمة انٌ اخذه الیم شدید " ، " انٌ فی ذلک لایة لمن خاف عذاب الاخرة ذلک یوم مجموع له النٌاس و ذلک یوم مشهود "
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың қолға алғанда кенттердің залым халқын өстіп алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді (102). Күдіксіз мұнда да ақирет азабынан қорыққан кісілерге әрине дәлел бар. Қиямет – адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол әзір болатын бір күн (103).
Өткен бағдарламада Перғауын мен перғауындықтардың істерінің соңы мен олардың Ніл өзеніне батуы баяндалды. Осы аяттар былай дейді: «Алланың сол қаһары сол топқа ғана арналды деп ойламаңдар. Сонымен қатар зұлымдық пен шапқыншылық негізі бойынша әрекет еткен әрбір қауым мен халықты осындай тағдыр күтеді. Алла Тағала зұлымдарды қатты жазалайды. Бұрынғылардың ауыр тағдырынан ғибрат алғандардың қияметке сенетіндіктері анық. Әйтпегенде олар өткеннен сабақ алмаған болар еді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланың мейірімі мен қаһары кездейсоқ іс негізі бойынша емес, сүннет негізі бойынша тұрақты әрі мәңгілік;2. Қай жерде зұлымдық таралса, сол жерден Алланың азабының түсуін күтуіміз керек, ол – Алланың уәдесі;3. Қиямет күні – куәлік ету күні. Сол күні Алланың әмірімен барлық нәрсеге тіл бітіп, куәлік ететін болады.
«Һуд» сүресінің 104-105 аяттары:
" و ما نؤخٌره الا لاجل معدود " ، " یوم یات لا تکلم نفس الا باذنه فمنهم شقیٌ و سعید "
Ол қиямет күнін санаулы бір мерзім ғана кешіктіреміз (104). Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар (105).
Алдыңғы аяттарда қиямет сахнасындағы адамдардың құзыры туралы сөз еттік. Бірақ кейбіреулер: «Ол күннің келуі бір уәде ғана. Оның қай уақытта болатындығы белгісіз» деуі мүмкін. Сол себепті Құран аяттарының жалғасында: «Қиямет күнінің уақыты белгілі. Алла Тағала ол уақытты біледі. Аяттардың жалғасы қиямет күнін сипаттауда былай дейді: «Ол жерде ешкім Алланың рұқсатынсыз кешірім сұрау немесе өкінгендігін білдірмек болып сөйлей алмайды. Өйткені Алланың жанында барлық нәрсе анық әрі айқын. Ол жерде тілдің орнына барлық мүшелерге тіл бітіп, істеген істерді баяндайды. Шынтуайтында, сөйлеу адамдардың өздерінің ішкі дүниелерінен есеп беріп, басқаларды хабардар ету үшін. Бірақ қияметте барлық адамдардың сырлары мен құпиялары анық және айқын. Сөйлеудің қажеттілігі үшін жасырын және көмес іс болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қиямет күнінің уақыты мен ақыр заман ең басынан анықталып қойған әрі Алланың жанында айқын. 2. Қиямет – сөз сөйлейтін күн емес, әрекет пен ғамалдың көрініс табатын күні: ол жерде сөйлеу емес, ғамалдың нәтижесі ғана іске жарайды.
«Һуд» сүресінің 106-107 аяттары:
« فامٌا الذين شقوا ففي النٌار لهم فيها زفير و شهيق » ، « خالدين فيها مادامت السٌموات و الارض الا ما شاء ربٌک انٌ ربٌک فعٌال لما يريد »
Ал енді сорлылар, тозақта ыңыранып, шыңғырады (106). Олар тозақта көктер мен жердің тұруынша мүлде қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Шынында Раббың қалағанын толық орындаушы (107).
105 аят негізі бойынша қияметте адамдар екі топқа бөлінеді: бақытты топ және сорлы топ. Немесе басқаша айтқанда, ізгі іс істеушілер мен жаман іс істеушілер. Алланың барлық адамдарды бірдей жаратқандығы және жетекшілік құралын барлығы үшін дайындағаны белгілі. Бірақ адамдардың кейбіреуі бұрыс ой-пікір мен әрекеттерге барып, өздерінің бақытсыздық құралдарын дайындайды. Ал келесі бір топ Құдай берген сол мүмкіндіктерді пайдаланып, бақытқа жетеді. Сондықтан бақыт пен бақытсыздық Алланың алдын ала тағайындағаны емес. Өйткені ондай жағдайда адамдардың осы дүниедегі міндеті мен қияметтегі жазасы және оларға сый берілудің мағынасы жоқ. Керісінше шындық мынада: адам осы дүниеде өмір жолын таңдай алады. Осы таңдаудың жүзеге асуы бір топты жақсы нәтижеге, келесі бір топты жаман салдарға жеткізеді. Жолдың соңы адамның ықтиярында емес, алайда жолды таңдау олардың міндетіне кіреді. Әр жолды таңдаған адам оның салдарларын да қабылдауы тиіс. Осы дүниедегі біздің жаман істеріміз қияметте от түрінде көрініс тауып, адамды күйдіреді. Бұл от тозақтың жасағаны емес, адамның өзінің жасағаны. Отта қалу мерзімі Алланың қалаған уақытына дейін. Қылмыстылар мен күнәһарлар өздерінің күнәлары мен қылмыстарынан тазарғанша тозақта қалады. Кейін егер жақсы істері болса, жұмаққа барады. Бірақ күнәһарлардың бір тобы тозақта мәңгілікке қалады. Өйткені олар егер өмірде де мәңгілік өмірге ие болғанда қылмыс мен күнәдан ешқашан бас тартпаған болар еді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бақыт пен бақытсыздық – адамның өзінің ісі мен ықтиярының жемісі. Әрбір адамның тағдыры өзінің қолында. 2. Алла егер қаласа және дұрыс деп санаса кімді қаласа соны тозақ отынан құтқара алады.