Жел 20, 2016 20:49 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 349-шы бөлім, 96-101 аяттар

«һуд» сүресінің 96-97 аяттары:

" و لقد ارسلنا موسی بایاتنا و سلطان مبين " ، " الی فرعون و ملائه فاتبعوا امر فرعون و ما امر فرعون برشید "

Расында Мұса (Ғ.С.)-ды аяттарымызбен және ашық дәлелмен жібердік. (96) Перғауынға және шонжарларына жіберсек те олар Перғауынның әміріне бағынды. Перғауынның әмірі тура емес еді (97).

Алдыңғы аяттарда Самуд қауымы тағдырының аяқталуымен осы аяттар хазірет Мұса мен Перғауын оқиғасының бір бөлігіне тоқталып, былай дейді: «Әдетте пайғамбарлардың халықтың арасына жіберілетіндігіне қарсы хазірет Мұса алдымен Перғауын мен оның сарай маңындағыларын шақыруға міндеттелді. Кейін Исраил ұрпағына жетекшілік етуге кірісті. Исраил ұрпағы Перғауынның зұлымдығын тартып отырғанда оларға жетекшілік ету мен түзету үшін мүмкіндіктің жоқ екендігі қалыпты жағдай. Әлбетте сарай маңындағылар да Перғауынның билігін сақтауда маңызды роль атқарды. Сондықтан хазірет Мұсаның көңілін Перғауынмен бірге оның айналасындағылар да аударды. Бірақ не Перғауын, не сарай маңындағылардың ешқайсысы Мұсаның шақырғанын қабылдамады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адамдарды азат етіп құтқару үшін пұтшылдықпен күресу пайғамбарлардың ең маңызды бағдарламаларының қатарына жатты. 2. Адамдарға үстемдік етуді мақсат ететін басшылар тарапынан шығатын бұйрықтар мен заңдар адамзат қоғамдарының дамуы мен ілгерілеуіне өзек مایه болмайды. Тек Алланың заңдары ғана адамды даму мен кемелдікке жеткізеді. 

«һуд» сүресінің 98 аяты:

" یقدم قومه یوم القیمة فاوردهم النٌار و بئس الورد المورود "

Перғауын қиямет күні елінің алдына түседі. Оларды тозаққа апарады. Ол баратын жер қандай жаман бір жер (98).

Перғауындық бұйрықтар адам мен қоғамның дамуының мәйегі болмағаны былай тұрсын, керісінше қияметте адамды тозаққа енгізеді. Осы дүниеде Перғауын мен перғауынның маңындағылардың соңынан ергендер қияметте де жетекшілерінің соңынан тозаққа еніп, қашатын жол таппай, шарасыз күй кешеді. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Қиямет – осы дүниенің көрінісі. Қандай көзқарас пен ағымның соңынан ерген болсақ, қияметте де сол көзқарастың жетекшілерімен бірге жиналатын боламыз. 2.    Дамыған  бағдарламалар мен істер адамның қиямет күні Алланың рақымының жәннатына енуге себеп болады.  

«һуд» сүресінің 99-100 аяттары: 

" و اتبعوا فی هذه لعنة و یوم القیمة بئس الرفد المرفود " ، " ذلک من انباء القری نقصه علیک منها قائم و حصید "

Бұл дүниеде де қиямет күнінде де лағынет оның қыр соңынан қалмайды. Ол нендей жаман сыбаға! (99). Мұхаммед (Ғ.С.) осы өлкелердің хабары. Саған оны баян етеміз. Олардың кейбіреуі тұр, кейбіреуі орылып жоғалған (100).

Перғауындықтардың осы дүниедегі істерінің соңы олардың алапат Ніл өзеніне бату болды. Бұл Алланың оларға деген қаһары мен лағынетінің белгісі. Олардың қияметтегі жазасы да өз орнында қалады. Олардың жолдарын жалғастырған әркім жаманат пен қарғыстан басқа  ештеңеге қол жеткізбейді. Құран Кәрімнің өткен қауымдардың тағдырларын баяндауы болашақ ұрпақтың ғибрат алуы үшін, Құран тарих немесе қиял-ғажайып әңгімелер кітабы емес. Сондықтан аяттардың жалғасы былай дейді: «Бұрынғы қауымдардан қалған белгілер олардың қалай жойылып, көздерінің құрығанын жақсы көрсетеді». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құран бұрынғылардың тарихы мен олардың істерінің соңымен танысу үшін сенімді кітап.2. Хикаяларды баяндаудың оқырман мен тыңдарман үшін әсері зор. Сол себепті шынайы да ақиқат құрани әңгімелерді басқаларға уағыз айтып, оларға жол нұсқау үшін пайдаланайық. 

«Һуд» сүресінің 101 аяты:

" و ما ظلمناهم و لکن ظلموا انفسهم فما اغنت عنهم الهتهم الٌتی یدعون من دون الله من شئی لما جاء امر ربک و ما زادوهم غیرتتبيب "

Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар өздеріне зұлымдық етті. Раббыңның әмірі келген сәтте олардың Алладан өзге жалбарынғандары өздеріне ешбір пайда келтірмеді. Сондай-ақ зияндарын арттырғаннан басқа түкке тұрмады. (101)

Сел, зілзала, нажағай сынды кейбір табиғи апаттар кейбір қауымдардың өлімдеріне себеп болады. Құран аяттарының негізі бойынша Алланың қаһары мен жазасы табиғи факторлар мен құбылыстар арқылы көрініс табады. Адам Алланың ешкімнің хақысына қатысты зұлымдық жасамайтынын білуі тиіс. Күнә жасап, бйбастақтыққа салынып, өзі мен қоғамға зұлымдық жасап, азаптың түсірілуіне негіз дайындайтын адамның өзі. Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамның тағдыры бәрінен бұрын өзінің іс-әрекеттері мен қылығына байланысты.3.    Алланың жігеріне ешкім де, ешнәрсе де төтеп бере алмайды.